"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Қаратұрық ауылдық округінің Қаратұрық, Ащысай, Тауқаратұрық ауылдарындағы халқының пікірін ескере отырып және 2021 жылдың 29 желтоқсандағы Алматы облысының ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде, Еңбекшіқазақ ауданы Қаратұрық ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қаратұрық ауылдық округінің Қаратұрық ауылындағы "Ленин" тұйық көшесін "Самал" көшесі, Ащысай ауылындағы "К.Маркс" тұйық көшесі "Береке" көшесі, Тауқаратұрық ауылындағы "Восточная" көшесі "Шығыс" көшесі деп қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округ әкімі | А.Ілебаев |