Қарасай ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 7 қыркүйектегі "Жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде Қарасай ауданы бойынша жайылым айналымдарының схемасын бекіту туралы" № 274 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Алматы облысы Қарасай ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 16 қазандағы № 514 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Жайылымдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Қарасай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қарасай ауданы әкімдігінің "Жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде Қарасай ауданы бойынша жайылым айналымдарының схемасын бекіту туралы" 2020 жылғы 7 қыркүйектегі № 274 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5640 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін.

      көрсетілген қаулының 1 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:


      "1.Жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде Қарасай ауданы бойынша жайылым айналымдарының ұсынылатын схемасы осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін."

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Ж.Естенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады