"Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 16 ақпандағы № 83 бұйрығы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:

      бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:

      01 "Жалпы сипаттағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер" функционалдық тобында:

      1 "Мемлекеттiк басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкiлдi, атқарушы және басқа органдар" функционалдық кіші тобында:

      110 "Облыс мәслихатының аппараты" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 114 бюджеттік бағдарламасымен толықтырылсын:

      "114 Төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы даму трансферттері 011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";

      02 "Қорғаныс" функционалдық тобында:

      2 "Төтенше жағдайлар жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру" функционалдық кіші тобында:

      202 "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      мынадай мазмұндағы 117 бюджеттік бағдарламасымен толықтырылсын:

      "117 Қазақстан Республикасы Үкіметінің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезінде халықтың тіршілігін қамтамасыз етуге арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізуге арналған мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне берілетін трансферттер";

      767 "Облыстың жұмылдыру даярлығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      005 "Облыстық ауқымдағы жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру", 006 "Облыстық ауқымдағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою" және 011 "Мемлекеттік органның күрделі шығыстары" бюджеттік бағдарламалар бойынша:

      мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалармен толықтырылсын:

      "011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";

      мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 032 бюджеттік бағдарламасымен толықтырылсын:

      "032 Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары

      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";

      04 "Бiлiм беру" функционалдық тобында:

      2 "Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру" функционалдық кіші тобында:

      288 "Облыстың құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      012 "Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру объектілерін салу және реконструкциялау" бюджеттік бағдарлама бойынша:

      мынадай мазмұндағы 011 кіші бағдарламамен толықтырылсын:

      "011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен";

      9 "Бiлiм беру саласындағы өзге де қызметтер" функционалдық кіші тобында:

      мынадай мазмұндағы 203 бюджеттік бағдарламасы бар 271 бюджеттік бағдарламасы әкімшісімен толықтырылсын:

      "271 Облыстың құрылыс басқармасы

      203 Жамбыл облысында биофармацевтикалық зауыт құрылысы";

      07 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық" функционалдық тобында:

      1 "Тұрғын үй шаруашылығы" функционалдық кіші тобында:

      279 "Облыстың энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      054 "Жеке тұрғын үй қорынан алынған тұрғынжай үшін азамматардың жекелеген санаттарына төлемдер", 055 "Бірыңғай сәулеттік келбетін беруге бағытталған көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын күрделі жөндеу" және 082 "Алдын ала және аралық тұрғын үй қарыздарын беру үшін "Отбасы банк" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ-ға бюджеттік кредит беру" бюджеттік бағдарламалар бойынша:

      015 "Жергілікті бюджет қаражаты есебінен" бюджеттік бағдарламасымен орыс тілінде толықтырылды, мемлекеттік тілде өзгермеді;

      288 "Облыстың құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 042 бюджеттік бағдарламасымен толықтырылсын:

      "042 Алдын ала және аралық тұрғын үй қарыздарын беру үшін "Отбасы банк" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ-ға бюджеттік кредит беру

      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";

      мынадай мазмұндағы 011, 015 және 032 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 045 бюджеттік бағдарламасымен толықтырылсын:

      "045 Сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамыту

      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен

      032 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен";

      2 "Коммуналдық шаруашылық" функционалдық кіші тобында:

      517 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық шаруашылық басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      005 "Коммуналдық шаруашылықты дамыту" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      011 "Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен" бюджеттік кіші бағдарламасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "005 Ішкі қарыздар есебінен";

      08 "Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк" функционалдық тобында:

      4 "Туризм" функционалдық кіші тобында:

      285 "Облыстың дене шынықтыру және спорт басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      мынадай мазмұндағы 044 бюджеттік бағдарламасымен толықтырылсын:

      "044 Кәсіпкерлік субъектілерінің санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға арналған шығындарының бір бөлігін субсидиялау";

      10 "Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары" функционалдық тобында:

      5 "Қоршаған ортаны қорғау" функционалдық кіші тобында:

      мынадай мазмұндағы 071 бюджеттік бағдарламасы және 011, 015, 028 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 458, 492, 495 бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен толықтырылсын:

      "458 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

      071 Қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар

      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен

      028 Облыстық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен

      492 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі

      071 Қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар

      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен

      028 Облыстық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен

      495 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

      071 Қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар

      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен

      028 Облыстық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен";

      700 "Облыстың жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы" бюджеттік бағдарлама әкімшісі бойынша:

      022 "Қоршаған ортаны қорғау объкетілерін дамыту" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 032 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:

      "032 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен";

      13 "Басқалар" функционалдық тобында:

      9 "Басқалар" функционалдық кіші тобында:

      217 "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      206 "Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резерв" бюджеттік бағдарламасымен орыс тілінде толықтырылды, мемлекеттік тілде өзгермеді;

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің құрылымында:

      160 "Басқа да ағымдағы шығындар" кіші сыныбында:

      "


169

Өзге де ағымдағы шығындар

Бұл ерекшелiкте басқа ерекшелiктерге жатқызылмаған ағымдағы шығындар көрсетiледi.

Әскери қызметшілерді, арнаулы мемлекеттiк органдардың, iшкi iстер органдарының, қаржы полициясының қызметкерлерiн, арнаулы атағы мен сыныптық шені, сондай-ақ нысанды киім киіп жүру құқығы жойылған адамдарды және сотталғандарды жерлеуге арналған шығындар; халықты әлеуметтiк қорғау органдарының мектеп-интернаттарының қамқорындағыларды жерлеуге арналған шығындар; өкілдік шығындар; жеке табыс салығын уақтылы аудармағаны үшiн өсiмпұл, айыппұл; мiндеттi зейнетақы жарналарын уақтылы төлемегенi үшiн өсiмпұл; айыппұлдар, тұрақсыздық айыбы , комиссиялық төлемдер, кiру жарналары; қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн төленетiн төлемақы, мемлекеттiк баж, салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер, олар бойынша өсiмпұл және айыппұлдар (121-ерекшелiгі бойынша төленетiн әлеуметтiк салықтан басқа); саяси партиялардың қызметiн қаржыландыру. сайлаулар өткiзу: кандидаттардың мемлекеттiк бұқаралық ақпарат құралдарында сөйлеуi; кандидаттардың сайлау алдындағы көпшiлiк iс-шаралар өткiзуi және үгiттеу материалдарын шығаруы; кандидаттардың көлiктiк шығындары (көлiк жалдау, жанар-жағармай материалдары); заңнамалық актiлерге сәйкес мәдени, спорттық және басқа да iс-шаралардың жеңiмпаздары мен қатысушыларына жүлделер, естелiк сыйлықтар, ақшалай сыйақылар, қызметкерлерге, жеке тұлғаларға, басқа да ақшалай төлемдер; бостандығын шектеу, қамау немесе бостандығынан айыру түрiнде жазасын өтеуден босатылатын тұлғалар үшiн тұратын жерiне дейiн жол жүру билеттерiн сатып алу; мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерінің iс сапар шығыстарынан басқа, көшпелі iс-шаралар өткізуге байланысты шығындар (жол жүру, тұру, тамақтану); облыстық ( республикалық маңызы қаланың, астананың) жинақтау пункттерінде әскерге шақырылғандарды тамақтандыру бойынша шығындар; мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы шеңберiнде оқитындардың жекелеген санаттарына демалыс кезеңiнде жеңiлдiкпен жүруiн өтеуге арналған шығыстар; "Үздік орта білім беру ұйымы" грантын беру; "Бизнестің жол картасы 2020" Бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттар беру; Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң қорын толықтыру мен ұстауға, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентi-Елбасының жеке кiтапханасы мен жеке мұрағатын сақтауға жұмсалатын шығыстарды қаржыландыру; автокөлік құралдарын міндетті техникалық тексеру бойынша шығындар; Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы № 205 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберiнде Қазақстанның жоғарғы оқу орындарына шетел дік мамандарды тартуға арналған шығыстар; инновациялық гранттарды беру; басқа ерекшелiктер бойынша жiктелмейтiн өзге де шығыстар.

      "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "


169

Өзге де ағымдағы шығындар

Бұл ерекшелiкте басқа ерекшелiктерге жатқызылмаған ағымдағы шығындар көрсетiледi.

Әскери қызметшілерді, арнаулы мемлекеттiк органдардың, iшкi iстер органдарының, қаржы полициясының қызметкерлерiн, арнаулы атағы мен сыныптық шені, сондай-ақ нысанды киім киіп жүру құқығы жойылған адамдарды және сотталғандарды жерлеуге арналған шығындар; халықты әлеуметтiк қорғау органдарының мектеп-интернаттарының қамқорындағыларды жерлеуге арналған шығындар; өкілдік шығындар; жеке табыс салығын уақтылы аудармағаны үшiн өсiмпұл, айыппұл; мiндеттi зейнетақы жарналарын уақтылы төлемегенi үшiн өсiмпұл; айыппұлдар, тұрақсыздық айыбы , комиссиялық төлемдер, кiру жарналары; қоршаған ортаға жағымсыз әсер еткені үшiн төлемақы, мемлекеттiк баж, салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер, олар бойынша өсiмпұл және айыппұлдар (121-ерекшелiгі бойынша төленетiн әлеуметтiк салықтан басқа); саяси партиялардың қызметiн қаржыландыру. сайлаулар өткiзу: кандидаттардың мемлекеттiк бұқаралық ақпарат құралдарында сөйлеуi; кандидаттардың сайлау алдындағы көпшiлiк iс-шаралар өткiзуi және үгiттеу материалдарын шығаруы; кандидаттардың көлiктiк шығындары (көлiк жалдау, жанар-жағармай материалдары); заңнамалық актiлерге сәйкес мәдени, спорттық және басқа да iс-шаралардың жеңiмпаздары мен қатысушыларына жүлделер, естелiк сыйлықтар, ақшалай сыйақылар, қызметкерлерге, жеке тұлғаларға, басқа да ақшалай төлемдер; бостандығын шектеу, қамау немесе бостандығынан айыру түрiнде жазасын өтеуден босатылатын тұлғалар үшiн тұратын жерiне дейiн жол жүру билеттерiн сатып алу; мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерінің iс сапар шығыстарынан басқа, көшпелі iс-шаралар өткізуге байланысты шығындар (жол жүру, тұру, тамақтану); облыстық ( республикалық маңызы қаланың, астананың) жинақтау пункттерінде әскерге шақырылғандарды тамақтандыру бойынша шығындар; мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы шеңберiнде оқитындардың жекелеген санаттарына демалыс кезеңiнде жеңiлдiкпен жүруiн өтеуге арналған шығыстар; "Үздік орта білім беру ұйымы" грантын беру; әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін мемлекеттік гранттар беру; Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң қорын толықтыру мен ұстауға, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентi-Елбасының жеке кiтапханасы мен жеке мұрағатын сақтауға жұмсалатын шығыстарды қаржыландыру; автокөлік құралдарын міндетті техникалық тексеру бойынша шығындар; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 248 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасында жоғары білімді және ғылымды дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберiнде Қазақстанның жоғарғы оқу орындарына шетел дік мамандарды тартуға арналған шығыстар шеңберiнде Қазақстанның жоғарғы оқу орындарына шетел дік мамандарды тартуға арналған шығыстар; инновациялық гранттарды беру; басқа ерекшелiктер бойынша жiктелмейтiн өзге де шығыстар.

      ".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасы заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкіне орналастыру және ресми жариялау үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық 2024 жылғы 19 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасы
Қаржы министрі
М. Такиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады