Шымкент қаласының кейбір білім беру ұйымдарына жеке адамдардың есімдерін беру және қайта атау туралы

Жаңа

Шымкент қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 29 қаңтардағы № 93 қаулысы

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес Республикалық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 20 маусымдағы және 22 қыркүйектегі қорытындылары негізінде Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шымкент қаласының келесі білім беру ұйымдарына жеке адамдардың есімі берілсін:

      1) Шымкент қаласының білім басқармасының "№ 28 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Фариза Оңғарсынованың есімі;

      2) Шымкент қаласы білім басқармасының "№-80 ІТ мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Ақселеу Сейдімбектің есімі;

      3) Шымкент қаласының білім басқармасының "№-3 балалар эстетикалық саз мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына Нұрғиса Тілендиевтің есімі берілсін.

      2. Шымкент қаласының білім басқармасының "Х. Әлімжан атындағы №-85 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі – Шымкент қаласының білім басқармасының "Тәуке хан атындағы №-85 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.

      3. Осы қаулының орындалуы "Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шымкент қаласының әкімі Ғ. Сыздықбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады