"Транстелеком" акционерлік қоғамына қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Шымкент қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 11 наурыздағы № 977 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 17-бабының 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Транстелеком" акционерлік қоғамына Шымкент қаласы, Шу-Арыс-Сарыағаш орналасқан талшықты-оптикалық байланыс желілері үшін жалпы алаңы 17,11 га, оның ішінде: жайылым – 5,08 га, жол астында – 0,06 га, басқа жер – 11,97 га жер учаскесіне меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай 2029 жылдың 06 ақпанына дейін қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қ. Асыловқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шымкент қаласы әкімі Ғ. Сыздықбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады