"КаР-Тел" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қоғамдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Шымкент қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 1 шілдедегі № 3102 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, заңды тұлғаның өтініші негізінде, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "КаР-Тел" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне төменде көрсетілген:

      1) Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, 047 орам, 046 орам, 329 орамдарда орналасқан талшықты-оптикалық байланыс желілерін жүргізу үшін жалпы алаңы 0,2525 га (алаңдары 0,01596 га, 0,01642 га, 0,01682 га және 0,2033 га);

      2) Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, 046 орам, 048 орам, 045 орам, 047 орамдарда орналасқан талшықты-оптикалық байланыс желілерін жүргізу үшін жалпы алаңы 0,5029 га (алаңдары 0,05927 га, 0,09267 га, 0,017237 га және 0,17859 га);

      3) Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, 049 орам, 040 орам, 047 орамдарда орналасқан талшықты-оптикалық байланыс желілерін жүргізу үшін жалпы алаңы 0,9976 га (алаңдары 0,04487 га, 0,44737 га, 0,49952 га) жер учаскелеріне меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай 2029 жылдың 13 маусымына дейін қоғамдық сервитут белгіленсін.

      2. "Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің орынбасары А. Кәрімовқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шымкент қаласы әкімі Ғ. Сыздықбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады