Қазақстан Республикасының Жер Кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, заңды тұлғаның өтініші негізінде, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамының филиалына–жобаларды басқару дирекциясына Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Желтоқсан көшесі н/с мекенжайында орналасқан "Pana smart Office" бизнес орталығына "талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу үшін" жалпы алаңы 0,007 га жер учаскесіне меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай 2027 жылдың 08 шілдесіне дейін сервитут белгіленсін.
2. "Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қ.Асыловқа жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шымкент қаласы әкімі | Ғ. Сыздықбеков |