"Оңтүстік Жарық Транзит" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қоғамдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Шымкент қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 9 желтоқсандағы № 6451 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, заңды тұлғаның өтініші негізінде, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Оңтүстік Жарық Транзит" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Шымкент қаласы, Абай ауданында орналасқан 35 кВт электр желісін орнату мен пайдалану үшін жалпы алаңы 8,8000 га жер учаскесіне меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай 2029 жылдың 15 қазанына дейін қоғамдық сервитут белгіленсін.

      2. "Оңтүстік Жарық Транзит" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 10 жұмыс күн мерзім ішінде 2024-2025 жылдарға арналған сервитут құны 605 440 (алты жүз бес мың төрт жүз қырық) теңгені жыл сайын өзгерістерге сәйкес Шымкент қаласының мемлекеттік кірістер басқармасының 201910 есеп шотына аударсын.

      3. "Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қ. Асыловқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шымкент қаласы әкімі Ғ. Сыздықбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады