"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбiр мәселелерi" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті туралы ереже бекітілсін.
2. Мыналардың:
1) "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 20 шiлдедегi № 543-Ө бұйрығының;
2) "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 20 шілдедегі № 543-Ө бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 10 ақпандағы № 38-Ө бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың электрондық көшірмесін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
А. Сапаров |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 8 ақпандағы № 46 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Комитет) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын, қорғау, өсімін молайту және пайдалану, сондай-ақ акваөсіру, сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлері (каспий итбалығы) бөлігінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында басшылықты жүзеге асырады.
2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы, мемлекеттік тілде көрсетілген мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
5. Комитет егер оған заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, онда мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқылы.
6. Комитет өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Комитеттің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел көшесі, 8-үй, "Министрліктер үйі" әкімшілік ғимараты, 16В-кіреберіс.
9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Комитеттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Комитетке кәсіпкерлік субъектілерімен Комитеттің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынастар жасауға тыйым салынады.
Егер Комитетке заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кіріс мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2-тарау. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің мақсаттары, құқықтары мен міндеттері
13. Мақсаттары:
балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану, сондай-ақ акваөсіру саласындағы реттеу, іске асыру және бақылау функцияларын орындау, сондай-ақ стратегиялық функцияларды орындауға қатысу;
сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлері (каспий итбалығы) бөлігінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы реттеу, іске асыру және бақылау функцияларын орындау, сондай-ақ стратегиялық функцияларды орындауға қатысу.
14. Құқықтары мен міндеттері:
заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұрату және алу;
Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қолданыстағы заңнаманы қолдану жөнінде түсіндірмелер мен түсініктемелер беру;
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде және мемлекеттік қызмет туралы заңнамада көзделген жағдайларда және тәртіппен жұмыскерлерді көтермелеу, тәртіптік жаза қолдану, жұмыскерлерді материалдық жауаптылыққа тарту;
құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мен халықаралық шарттарының жобаларын әзірлеуге қатысу;
Комитеттің аумақтық бөлімшелеріне орындауға міндетті нұсқаулар беру;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Комитеттің құқықтары мен мүддесін қорғау мақсатында сотқа жүгіну, талапарыздар беру;
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде (бұдан әрі – ӘРПК) көзделген жағдайларда өз құзыреті шегінде әкімшілік органдарға, лауазымды адамдарға жәрдем көрсету;
ӘРПК-да белгіленген жағдайларда және негіздер бойынша әкімшілік рәсімге қатысушының құқықтарын іске асырудан бас тарту;
өз құзыреті шегінде орындалуы міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдау;
Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын, арыздары мен шағымдарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қарау;
жолданымдарды қабылдау және тіркеу, оларды және оларға қоса берілген құжаттарды ресімдеуге жәрдемдесу, формалды қателерді жоюға және қоса берілетін құжаттарды толықтыруға мүмкіндік беру;
әкімшілік рәсімге қатысушыға оның әкімшілік рәсімді жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша құқықтары мен міндеттерін түсіндіру;
әкімшілік рәсімге қатысушыны өткізілетін тыңдау орны мен уақыты туралы күні бұрын хабардар ету;
ӘРПК-да көзделген жағдайларды қоспағанда, әкімшілік рәсім бойынша шешім қабылдау алдында әкімшілік рәсімге қатысушыны тыңдау;
әкімшілік актіні ӘРПК-да белгіленген тәртіппен әкімшілік рәсімге қатысушының не оның өкілдерінің назарына жеткізу;
Комитеттің аумақтық органдарының, сондай-ақ Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметін үйлестіруді және бақылауды жүзеге асыру;
Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті жылдарға арналған заң жобалау жұмыстарының жоспарларының уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету;
қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
15. Комитеттің функциялары:
1) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану, сондай-ақ акваөсіру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалану, сондай-ақ акваөсіру саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
3) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану, сондай-ақ акваөсіру саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және әдістемелік басшылықты жүзеге асырады;
4) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді;
5) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыруды қамтамасыз етеді;
6) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің қолжетімділігін қамтамасыз етеді;
7) көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда хабардар болуын қамтамасыз етеді;
8) көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі жолданымдарын қарайды;
9) көрсетілетін қызметті алушылардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған шаралар қабылдайды;
10) мемлекеттік қызметтер көрсету, мүгедектігі бар адамдармен қарым-қатынас жасау саласындағы жұмыскерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді;
11) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне жаңа мемлекеттік көрсетілетін қызмет енгізілгеннен кейін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны электрондық форматта көрсетуге ауыстыру жөніндегі шаралар қабылдайды;
12) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалауды жүргізу үшін ақпараттың, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері бойынша ақпараттың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде ұсынылуын қамтамасыз етеді;
13) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасына бағалау жүргізу үшін ақпараттың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде берілуін қамтамасыз етеді;
14) егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану, сондай-ақ акваөсіру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйелерге қолжетімділік береді;
15) мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығына реттелетін салада мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат береді;
16) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізеді;
17) көрсетілетін қызметті берушілердің мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді сақтауын қамтамасыз етеді;
18) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингі қорытындысын ескере отырып, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру жөніндегі шаралар қабылдайды;
19) өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады;
20) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану, сондай-ақ акваөсіру саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына бағалау жүргізу үшін ақпаратты, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылаудың нәтижелері бойынша ақпараттың берілуін қамтамасыз етеді;
21) балық және басқа да су жануарларының сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерінің тізбесін әзірлейді;
22) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану, сондай-ақ акваөсіру саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді;
23) балық және басқа да су жануарларының санын реттеу қағидаларын әзірлейді;
24) Қазақстан Республикасының Үкіметіне балықтардың және басқа да су жануарларының сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын алып қою және олардың алынатын көлемдерін бекіту жөнінде ұсыныстар енгізеді;
25) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында құрметті атақтар, төсбелгілер және құрмет грамоталарын беру қағидаларын әзірлейді;
26) су айдындарына балық жіберу, су объектілеріне балық шаруашылығы мелиорациясы жөніндегі жұмыстарды жүргізу қағидаларын әзірлейді;
27) балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөнінде конкурс өткізу қағидаларын және конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді;
28) балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) олардың учаскелерін қайта бекітіп беру жөніндегі қағидаларды және олар бұрын бекітіп берілген адамдарға қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді;
29) ихтиологиялық байқаулар қағидаларын әзірлейді;
30) балық шаруашылығы су айдындарында балық өсіру қағидаларын әзірлейді;
31) балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) олардың учаскелерін кәсіпшілік балық аулауды, әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, көл-тауарлық балық өсіру шаруашылығын, шарбақтық балық өсіру шаруашылығын жүргізуге арналған су айдындарына және (немесе) учаскелерге жатқызудың өлшемшарттарын әзірлейді;
32) эпизоотияны болғызбау мақсатында сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген балық және басқа да су жануарларын пайдалану қағидаларын әзірлейді;
33) балық және басқа да су жануарларын мониторингтеу қағидаларын әзірлейді;
34) кәсіпшілік балық аулауды жүргізу үшін бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін балық шаруашылығын (акваөсіру) жүргізуге арналған балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелеріне ауыстыру қағидаларын әзірлейді;
35) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан жабайы тірі (балық ресурстарын және басқа да су жануарларын), оның ішінде сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жабайы жануарларды экспорттауға лицензия береді;
36) кәсіпшілік күш-жігер нормативтерін әзірлейді;
37) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың және балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйымдар инспекторларының арнайы құралдар мен қызметтік қаруды қолдану, сондай-ақ қорықшылардың қызметтік қаруды қолдану қағидаларын әзірлейді;
38) әкімшілік органның Қазақстан Республикасының Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын аумағына балық және басқа да су жануарларының түрлерін импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға рұқсаттар беру қағидаларын әзірлейді;
39) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы нормалар мен нормативтерді әзірлейді;
40) түрлі технологияларды пайдалана отырып акваөсірудің негізгі объектілерін қолдан өсіру, тауарлық өсіру және тасымалдау жөніндегі балық өсіру нормативтерін әзірлейді;
41) қорықшы төсбелгісінің және балық шаруашылығы субъектілерінің айырым белгілері бар арнайы киімнің нысанын әзірлейді;
42) уәкілетті орган ведомствосының және оның балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын аумақтық бөлімшелерінің айырым белгілері бар нысанды киім (погонсыз) киіп жүруге құқығы бар лауазымды адамдарының тізбесін әзірлейді;
43) балық шаруашылықтары субъектілерінің қорықшылық қызметі туралы үлгілік ережені әзірлейді;
44) балық шаруашылықтары субъектілеріне жолдаманың үлгілік нысанын, сондай-ақ оны беру тәртібін әзірлейді;
45) "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 1-тармағының 4), 5) және 6) тармақшаларында көзделген санаттарға жатқызылған балық және басқа да су жануарлары түрлерінің тізбелерін айқындайды және сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген санатқа жатқызуды қоспағанда, оларды бір санаттан басқа санатқа ауыстырады;
46) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру қағидаларын әзірлейді;
47) балық ресурстары және басқа да су жануарлары дериваттарының тізбесін әзірлейді;
48) балық аулаушылар мен балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу қағидаларын әзірлейді, оларды аккредиттеуді жүргізеді;
49) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қою лимиттерін әзірлейді;
50) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қою квоталарын бөлу қағидаларын әзірлейді;
51) халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесін әзірлейді;
52) балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) олардың учаскелерін кәсіпшілік балық аулауды, әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, көл-тауарлық балық өсіру шаруашылығын, шарбақтық балық өсіру шаруашылығын жүргізуге арналған су айдындарына және (немесе) учаскелеріне жатқызу өлшемшарттарын айқындау әдістемесін әзірлейді;
53) мемлекеттік монополия субъектісінің бекіре тұқымдас балық түрлерінің өнімін қайта өңдеу кезіндегі қалдықтар, ысыраптар және шикізат шығыстары нормаларын әзірлейді;
54) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерін, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдарды және мамандандырылған ұйымдарды материалдық-техникалық құралдармен жарақтандыру нормаларын әзірлейді;
55) балық аулау қағидаларын әзірлейді;
56) балық шаруашылығын жүргізу қағидаларын әзірлейді;
57) Қазақстан Республикасының балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзудан келтірілген зиянды өтеу мөлшерін әзірлейді;
58) мемлекеттік монополия субъектісі болып табылатын мемлекеттік кәсіпорынның табиғи мекендеу ортасынан алып қойылған бекіре тұқымдас балық түрлерін және олардың уылдырығын өткізу қағидаларын әзірлейді;
59) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға рұқсаттар беру қағидаларын әзірлейді;
60) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын мемлекеттік қорғау туралы ережені әзірлейді;
61) балық ресурстары және басқа да су жануарлары объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеулер мен тыйым салуларды белгілеу қағидаларын әзірлейді;
62) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын мемлекеттік есепке алуды, оның кадастры мен мониторингін жүргізу қағидаларын әзірлейді;
63) балық аулау объектілері болып табылатын балық және басқа да су жануарларының бағалы түрлерінің тізбесін әзірлейді;
64) Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын балық ресурстарының және басқа да су жануарларының сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда ұстау, өсіру қағидаларын әзірлейді;
65) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға биологиялық негіздеме дайындау тәртібін әзірлейді;
66) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор актілерінің нысандарын, оларды жасау және беру тәртібін әзірлейді;
67) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті орган ведомствосының және оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарының айырым белгілері бар (погонсыз) нысанды киімінің үлгілерін, оны кию тәртібін және қамтамасыз ету нормаларын әзірлейді;
68) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін және Қазақстан Республикасының балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзудан келтірілген зиянды өтеу мөлшерін айқындау, сондай-ақ балық ресурстары мен басқа да су жануарларына шаруашылық қызмет нәтижесінде келтірілетін және келтірілген, оның ішінде болмай қоймайтын зиянды өтеу мөлшерін есептеу әдістемесін әзірлейді;
69) балықшы және қорықшы куәліктерінің нысаны мен оларды беру тәртібін әзірлейді;
70) балық шаруашылықтарын жүргізуге арналған шарттардың үлгілік нысандарын әзірлейді;
71) балық шаруашылықтары субъектілерін дамыту жоспарының үлгілік нысанын әзірлейді;
72) су тарту және ағызу құрылысжайларының балық қорғау құрылғыларына қойылатын талаптарды әзірлейді, оларды орнатуды келіседі;
73) ғылыми ұйымның ұсынымдары негізінде балық шаруашылығы су айдындарына балық жіберу жоспарын әзірлейді;
74) балық аулауға тыйым салынған уылдырық шашу кезеңінде, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерде су көлігі қозғалысының тәртібін әзірлейді;
75) ішкі және сыртқы нарықтарда сауда жасау үшін бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығын таңбалау тәртібін, сыртқы нарықта бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығымен сауда жасауға арналған таңба нысанын әзірлейді және ішкі нарықта оны сату үшін таңба беруді жүзеге асырады;
76) балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері шекаралары аншлагтарының үлгілерін, сондай-ақ аң аулауға және балық аулауға тыйым салынған мерзімдер мен орындарды, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды есепке алу журналының (кәсіпшілік журналының) нысанын әзірлейді;
77) Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның I және II қосымшаларына енгізілген балық ресурстары және басқа да су жануарлары түрлерін қолдан өсіру жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асырады;
78) балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтама нысанын әзірлейді;
79) монополияға қарсы органмен келісу бойынша мемлекеттік монополия субъектілері өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын белгілейді;
80) Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын балық ресурстарын және басқа да су жануарларын Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге рұқсаттар беруді жүзеге асырады;
81) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабы 2 және 3-тармақтарында, 143-бабының 1-тармағында көзделген нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ тексерулер жүргізудің жартыжылдық графиктерін әзірлейді;
82) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды;
83) Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын балық ресурстар және басқа да су жануарлары түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға рұқсаттар беруді жүзеге асырады;
84) интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру мақсатында аулауды, өсімін молайту мақсатында аулауды, балықтың қырылу қаупі бар су айдындарында және (немесе) учаскелерінде аулауды жүзеге асырады және (немесе) ұйымдастырады, сондай-ақ бақылау үшін аулауды жүзеге асырады;
85) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын интродукциялауды, реинтродукциялауды, будандастыруды жүргізуге рұқсаттар береді;
86) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында ғылыми зерттеулер мен жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырады және (немесе) қамтамасыз етеді;
87) балық және басқа да су жануарларын мемлекеттік есепке алуды, оның кадастры мен мониторингін жүргізуді ұйымдастырады;
88) балықтардың қырылуына сөзсіз әкеп соғатын қырылу қаупі туындаған және су объектілеріне немесе олардың бөліктеріне ағымдағы балық шаруашылығын мелиорациялауды жүргізу жолымен мұндай қатердің бетін қайтару мүмкін болмаған жағдайларда ғылыми ұсынымдар негізінде балықтарды мелиорациялық аулау туралы шешім қабылдайды;
89) су тарту және ағызу құрылысжайларын балық қорғау құрылғыларының бар-жоғына және олардың белгіленген талаптарға сәйкестігіне қарап-тексеруді жүзеге асырады;
90) балық және басқа да су жануарларын интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүзеге асыру тәртібінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
91) Қазақстан Республикасының балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын айқындау мақсатында балық ресурстарын пайдаланушылардың қызметін тексереді;
92) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
93) балық шаруашылығын жүргізу қағидаларының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
94) балық аулау қағидаларының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
95) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы нормалар мен нормативтердің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
96) балық ресурстарын және басқа да су жануарларін қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөніндегі іс-шаралардың орындалуын бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
97) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға белгіленген шектеулер мен тыйымдардың сақталуын бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
98) биологиялық негіздеменің негізінде бекітіліп берілген балық өсірілетін су айдынындағы және (немесе) учаскесіндегі балық шаруашылығы мелиорациясын, балық ресурстарының және басқа да су жануарларының кәсіпшілік қорының деректерін жыл сайын түзетуді келіседі;
99) "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы 1 және 2-тармақтарында көрсетілген шаруашылық және өзге де қызметті жүзеге асыратын субъектілер әзірлейтін техникалық-экономикалық негіздемені және жобалау-сметалық құжаттаманы келіседі;
100) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан жабайы тірі балықтарды және басқа да су жануарларын, оның ішінде сирек кездесетіндерін және құрып кету қаупі төнгендерін әкетуге қорытынды (рұқсат беру құжатын) береді;
101) балық шаруашылығы су айдындарының резервтік қорында және (немесе) учаскелерінде балық және басқа да су жануарларының өсімін молайту мен мемлекеттік есепке алуды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
102) балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған орындарда балық аулауға тыйым салынған кезеңде қозғалтқыштары қосылған су көлігінің барлық түрлерін қозғалысын келіседі;
103) балық ресурстары және басқа да су жануарлары объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеулер мен тыйымдар енгізу туралы шешім қабылдайды, тиісті ғылыми ұйымдар берген, мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын биологиялық негіздеме негізінде оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілейді;
104) халықаралық, республикалық және жергілікті маңызы бар су айдындарының балық шаруашылығы учаскелерін бекітіп беру жөнінде конкурс өткізеді;
105) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы жергілікті атқарушы органдарды мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
106) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы аккредиттелген ғылыми ұйымдардың ұсынымы бойынша тыйым салудың жалпы ұзақтығын өзгертпестен, балық ресурстары және басқа да су жануарлары объектілерін алып қоюға тыйым салу мерзімін табиғи-климаттық жағдайларға байланысты қайсыбір жағына күнтізбелік он бес күнге ауыстыру туралы шешім қабылдайды;
107) балық аулау аймағында және ортақ су кеңістігінде су биологиялық ресурстарын аулау мақсатында балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға рұқсат береді;
108) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органға республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөнінде ұсыныстар енгізеді;
109) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға республикалық мемлекеттік кәсіпорын қызметінің нысанасы мен мақсатын айқындау, сондай-ақ осындай қызметті жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік кәсіпорынның түрін (шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе қазыналық кәсіпорын) айқындау бойынша ұсыныстар енгізеді;
110) "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және оларды орындау жөніндегі есептерін қарайды, келіседі және бекітеді;
111) республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың, тиісті саладағы мемлекет бақылайтын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асырады;
112) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға республикалық заңды тұлғаға берілген немесе ол өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде сатып алған мүлікті алып қоюға немесе қайта бөлуге келісімін береді;
113) республикалық заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асырады;
114) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша республикалық заңды тұлғаны қайта ұйымдастыруды және таратуды жүзеге асырады;
115) жарғылық капиталға қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқықтары өзіне берілген жағдайларда, мемлекет жалғыз қатысушысы болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің байқау кеңесінің құрамына өз өкілін тағайындайды, ал мемлекет қатысатын өзге де жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерде жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысының бекітуіне байқау кеңестеріне кандидатура ұсынады;
116) мәліметтерді, оның ішінде өзінің басқаруындағы мемлекеттік заңды тұлғалардың және оларға қатысты мемлекеттің қатысушы ретінде басқаруға қатысу құқығын өзі жүзеге асыратын мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың атаулы тізбесін, бұл мәліметтерді мемлекеттік мүліктің тізілімінде көрсету үшін дайындайды;
117) республикалық қазыналық кәсіпорындар өндіретін және сататын тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) баға белгілейді;
118) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның өкілін мемлекет қатысатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің байқау кеңесінің құрамына енгізу үшін қажетті шараларды қамтамасыз етеді немесе қабылдайды;
119) Қазақстан Республикасының заңнамасында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
3-тарау. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитеті басшысының мәртебесі және өкілеттіктері
16. Комитетке басшылық етуді Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты басшы жүзеге асырады.
17. Комитет басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
18. Комитет басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
19. Комитет төрағасының өкілеттіктері:
1) өз құзыреті шегінде бұйрықтарға қол қояды;
2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) басшылығына Комитеттің құрылымы мен штаттық кестесі бойынша ұсыныстар береді;
3) Министрліктің аппарат басшысына Комитет төрағасының орынбасарларын лауазымға тағайындау туралы ұсынымдар енгізеді;
4) Комитет төрағасының орынбасарларынан басқа, Комитет жұмыскерлерін, аумақтық бөлімшелердің басшылары мен олардың орынбасарларын, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары мен олардың орынбасарларын лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;
5) Комитеттің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекітеді;
6) өз орынбасарларының, Комитет жұмыскерлерінің, аумақтық бөлімшелердің басшылары мен олардың орынбасарларының, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары мен олардың орынбасарларының лауазымдық міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды және бекітеді;
7) өз құзыреті шегінде Комитетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін дербес жауаптылықта болады;
8) Комитет төрағасының орынбасарларынан басқа, Комитет жұмыскерлерін, аумақтық бөлімшелердің басшылары мен олардың орынбасарларын, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары мен олардың орынбасарларын көтермелейді және оларға тәртіптік жаза қолданады;
9) заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет жұмыскерлерін, аумақтық бөлімшелердің басшылары мен олардың орынбасарларын, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары мен олардың орынбасарларын іссапарға жіберу, еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемақы мен сыйлықақы төлеу мәселелерін шешеді;
10) Комитеттің аумақтық бөлімшесінің басшысы болмаған уақытта оның міндеттерін уақытша орындауды Комитеттің аумақтық бөлімшесі басшысының орынбасарына немесе басқа жұмыскеріне жүктейді;
11) Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымдарының құрылымын бекітеді және штаттық кестесін келіседі;
12) Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің құрылымы мен штат санын бекітеді;
13) реттелетін салада мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
14) аумақтық бөлімшелердің Комитетпен өзара іс-қимыл жасау құзыреті мен тәртібін айқындайды;
15) аумақтық бөлімшелер мен ведомстволық бағынысты ұйымдар актілерінің толық немесе бір бөлігінің қолданысын жояды немесе тоқтата тұрады;
16) мемлекеттік органдарда және өзге ұйымдарда сенімхатсыз Комитет атынан өкілдік етеді;
17) нысаналы бюджет қаражаты есебінен қаржыланадырылатын объектілерді салуға арналған техникалық-экономикалық негіздемелерді немесе жобалау-сметалық құжаттамаларды заңнамада белгіленген тәртіппен бекітеді;
18) Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Комитет төрағасы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
20. Басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
21. Комитеттің атынан мемлекеттік органдарға, Комитеттің аумақтық бөлімшелеріне, ведомстволық бағынысты ұйымдарына, мемлекеттік қатысу үлесін иелену және пайдалану құқығы Комитетке берілген ұйымға, Министрліктің құрылымдық бөлімшелеріне, жеке және заңды тұлғаларға жіберілетін Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша құжаттарға Комитет басшысы және өз құзыреттілігі шегінде оның орынбасарлары, ал олар болмаған жағдайда, оларды алмастыратын адам қол қояды.
4-тарау. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің мүлкі
22. Комитеттің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Комитеттің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
23. Комитетке бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.
24. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, Комитет өзіне бекітіліп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетін қайта ұйымдастыру және тарату
25. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелер - аумақтық бөлімшелердің тізбесі
1. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.
2. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.
3. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Зайсан-Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.
4. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Есіл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.
5. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.
6. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Нұра-Сарысу облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.
7. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Тобыл-Торғай облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.
8. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Шу-Талас облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің қарамағындағы ведомстволық бағынысты ұйымдарының тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің "Қамыстыбас балық питомнигі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің "Петропавл балық питомнигі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің "Атырау бекіре балық өсіру зауыты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетіне мемлекеттік қатысу үлесін иелену және пайдалану құқығы берілген ұйымдардың тізбесі
1. "Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.