"Ветеринариялық бақылау бекетін, фитосанитариялық бақылау бекетін, сондай-ақ өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттік инспекторды, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторды қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 5 маусымдағы № 240 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 17 қазандағы № 355 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ветеринариялық бақылау бекетін, фитосанитариялық бақылау бекетін, сондай-ақ өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттік инспекторды, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторды қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 5 маусымдағы № 240 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17153 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 69-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттік инспекторды, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторды қамтамасыз етудің заттай нормалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың электрондық көшірмесін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Сапаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2024 жылғы 17 қазандағы
№ 355 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2018 жылғы 5 маусымдағы
№ 240 бұйрығына
3-қосымша

Өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттік инспекторды, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторды қамтамасыз етудің заттай нормалары

Р/с

Заттай норманың атауы

Өлшем бірлігі

Сандық мәндегі нормасы

Пайдалану мерзімі, жыл

Таралу саласы

1

2

3

4

5

6

Басқа да машиналар мен жабдықтардың тиесілік нормалары

1

Бейнетіркегіш

дана

1

7

Әрбір өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттік инспектор мен мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторға

2

Мобильді планшет

дана

1

7

Ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын әрбір мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторға


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады