Аягөз ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 8 сәуірдегі №113 "Аягөз қаласында жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық автомобильмен тасымалдау маршруттарына сараланған тарифті белгілеу туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Абай облысы Аягөз ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 11 маусымдағы № 229 қаулысы

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Аягөз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Аягөз ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 8 сәуірдегі №113 "Аягөз қаласында жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық автомобильмен тасымалдау маршруттарына сараланған тарифті белгілеу туралы" (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2024 жылғы 8 сәуірде №195458 жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары М.Татеновке жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аягөз ауданының әкімі Қ.Әділбай

 

      КЕЛІСІЛДІ:
Аягөз ауданының мәслихат төрағасы
______________А. Ибрайшин
2024 жылғы "____" _____

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады