Аягөз аудандық мәслихатының кейбір шешімдерін жою туралы

Жаңа

Абай облысы Аягөз аудандық мәслихатының 2024 жылғы 16 сәуірдегі № 12/208-VIII шешімі

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабының 2 тармағына сәйкес, Аягөз аудандық мәслихаты ШЕШТІ:  

      1. Аягөз аудандық мәслихатының келесі шешімдері жойылсын:

      1) "Аягөз ауданы бойынша жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық мәслихатының 2018 жылғы 15 маусымдағы №24/170-VІ шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Аягөз аудандық мәслихатының 2021 жылғы 25 қазандағы №8/126-VII шешімі;

      2) Аягөз аудандық мәслихатының 2018 жылғы 15 маусымдағы №№24/170-VІ "Аягөз ауданы бойынша жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы Аягөз аудандық мәслихатының 2023 жылғы 2 тамыздағы №5/63-VIII шешімі.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аягөз аудандық мәслихатының төрағасы : А. Ибрайшин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады