Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "2024-2025 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2024 жылғы 9 тамыздағы № 210 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1, 2 – қосымшалары осы қаулының 1, 2–қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесінің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Жамбыл облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін оның Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Жамбыл облысының әкімі | Е. Қарашөкеев |
Жамбыл облысы әкімдігінің | |
2024 жылғы " 17 " желтоқсандағы | |
№ 302 қаулысына 1-қосымша |
2024-2025 оқу жылына жоғары білімі бар (бакалавриат) кадрларды даярлауға арналған мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы (жергілікті бюджет есебінен)
Жамбыл облысы әкімдігінің
2024 жылғы "17" желтоқсандағы
№ 302 қаулысына 2-қосымша
2024-2025 оқу жылына жоғары орнынан кейінгі (резидентура)
білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы (жергілікті бюджет есебінен)
№ | Білім беру саласының коды және сыныпталуы | Даярлау бағыттарының коды және сыныпталуы | Білім беру бағдарламасы тобының коды | 2024-2025 оқу жылына мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысының көлемі (орын саны) |
Оқу жылында |
С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті | |||||
1 |
7R01 |
7R011 | R003 Аллергология және иммунология ересектердің, балалардың | 1 | 1939900 |
R017 Анестезиология және реаниматология, оның ішінде балалар анестезиологиясы және реаниматологиясы | 2 | 1939900 | |||
R004 Гастроэнтерология ересектердің, балалардың | 1 | 1939900 | |||
R011 Инфекциялық аурулар ересектердің, балалардың | 3 | 1939900 | |||
R001 Кардиология ересектердің, балалардың | 2 | 1939900 | |||
R037 Неврология ересектердің, балалардың | 2 | 1939900 | |||
R009 Нефрология ересектердің, балалардың | 2 | 1939900 | |||
R036 Жалпы хирургия | 3 | 1939900 | |||
R028 Оториноларингология ересектердің, балалардың | 4 | 1939900 | |||
R027 Офтальмология ересектердің, балалардың | 5 | 1939900 | |||
R030 Педиатрия | 1 | 1939900 | |||
R013 Психиатрия ересектердің, балалардың | 1 | 1939900 | |||
R014 Радиология | 2 | 1939900 | |||
R040 Физикалық медицина және реабилитация ересектердің, балалардың | 9 | 1939900 | |||
R021 Жақ-бет хирургиясы ересектердің, балалардың | 2 | 1939900 | |||
Барлығы | 40 | - | |||
Астана медицина университеті | |||||
2 |
7R011 | R032 Акушерия және гинекология, оның ішінде балалар гинекологиясы | 6 | 1980000 | |
R019 Ангиохирургия ересектердің, балалардың | 0 | 1980000 | |||
R012 Дерматовенерология ересектердің, балалардың | 2 | 1980000 | |||
R001 Кардиология ересектердің, балалардың | 2 | 1980000 | |||
R037 Неврология ересектердің, балалардың | 1 | 1980000 | |||
R031 Неонатология | 0 | 1980000 | |||
R009 Нефрология ересектердің, балалардың | 1 | 1980000 | |||
R028 Оториноларингология ересектердің, балалардың | 1 | 1980000 | |||
R027 Офтальмология ересектердің, балалардың | 1 | 1980000 | |||
R013 Психиатрия ересектердің, балалардың | 0 | 1980000 | |||
R014 Радиология | 5 | 1980000 | |||
R040 Физикалық медицина және реабилитация ересектердің, балалардың | 0 | 1980000 | |||
Барлығы | 19 | - |
Ескерту:
Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасы көзделеді:
1) бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, бала кезінен мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балалар арасынан шыққан азаматтар үшін – 1 пайыз;
2) басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер үшін – 0,5 пайыз;
3) ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын білім беру бағдарламалары бойынша оқуға ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар үшін – 35 пайыз;
4) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін – 4 пайыз;
5) жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары үшін – 1 пайыз;
6) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударған ауыл жастары арасынан шыққан Қазақстан Республикасының азаматтары үшін – 5 пайыз;
7) кәмелетке толмаған төрт және одан көп бала тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар үшін – 5 пайыз;
8) кемінде үш жыл толық емес отбасы мәртебесі бар отбасылардағы балалар үшін – 1 пайыз;
9) бала кезінен мүгедектігі бар балаларды, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар үшін – 1 пайыз.