Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 25 маусымдағы № 156 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17, 69 және 71-1 баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес Мойынқұм ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Altyn-EmelOM" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Талдыөзек жер қоры жерінен жалпы алаңы 1946,2032 гектар жер учаскесінде геологиялық зерттеу жөніндегі операцияларды жүргізу үшін пайдаланушылардан алып қоймай, 2026 жылдың 29 мамырына дейінгі мерзімге қауымдық сервитуті белгіленсін.

      2. "Altyn-EmelOM" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі геологиялық зерттеу жөніндегі операцияларды жүргізуден келтірілген шығынды толық көлемде өтеуді қамтамасыз етсін және геологиялық зерттеу жөніндегі операцияларды жүргізу жұмыстары аяқталғаннан кейін бүлінген жерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің міндетін атқарушы С. Тулегенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады