Т.Рысқұлов ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау,білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет,спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтерәкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне, басшылауазымдарды атқаратынадамдарды қоспағанда, әлеуметтік қолдау шараларын 2024 жылы ұсыну туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының 2024 жылғы 18 наурыздағы № 17-20 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Агрокәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы" № 72 бұйрығына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 29маусымдағы "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы" № 126 бұйрығына сәйкес, Т.Рысқұлов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Т.Рысқұлов ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне, басшы лауазымдарды атқаратын адамдарды қоспағанда, 2024 жылы әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылсын:

      1) Көтерме жәрдемақы- жүз еселенген айлық есептік көрсеткішке тең сомада;

      2) Тұрғын үй сатып алунемесе салу ұшін әлеуметтік қолдау-бюджеттік кредит:

      - ауданның әкімшілік орталығы болып табылатын ауылдық елді мекендерге келген мамандар үшін айлық есептік көрсеткіштің -екі мың бес жүз еселенген мөлшерінен аспайтын сомада;

      - ауылдық елді мекендерге келген мамандар үшін айлық есептік көрсеткіштің- екі мың еселенген мөлшерінен аспайтын сомада.

      2. Шешімнің орындалуына бақылау Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының тиісті тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы Е. Абуталипов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады