Ұлттық инновациялық жүйенің "Бірыңғай терезесі" ақпараттық жүйесі арқылы "Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу" мемлекеттік қызметін көрсету жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 4 қарашадағы № 511 және Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 3 желтоқсанда № 645/НҚ бірлескен бұйрығы

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 12 мамырдағы № 196 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20626 болып тіркелген) бекітілген "Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларында (бұдан әрі - Мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары) белгіленген тәртіпке сәйкес аккредиттеу туралы куәлікті беруге өтініштерді қағаз нұсқасына балама ретінде электрондық нысанда беру және қарау мүмкіндігімен ұлттық инновациялық жүйенің "Бірыңғай терезесі" ақпараттық жүйесі арқылы "Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу" мемлекеттік қызметін көрсету жөніндегі пилоттық жоба (бұдан әрі – Пилоттық жоба) іске қосылсын.

      2. Қоса беріліп отырған ұлттық инновациялық жүйенің "Бірыңғай терезесі" ақпараттық жүйесі арқылы "Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу" мемлекеттік қызметін көрсету жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру алгоритмі бекітілсін.

      3. Пилоттық жобаның қолданылу мерзімі осы бірлескен бұйрық күшіне енген күннен бастап 2025 жылғы 1 шілдеге дейін айқындалсын.

      4. "Astana Hub" IT-стартаптар халықаралық технопаркі" корпоративтік қоры:

      1) "Smart Bridge" платформасында өтінім беру арқылы дербес деректерге қол жеткізуді бақылаудың мемлекеттік сервисіне (бұдан әрі - ДҚБ сервисі) қосылуды;

      2) Пилоттық жоба шеңберінде қызметтер көрсету кезінде Қазақстан Республикасының Дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасына сәйкес ДҚБ сервисі арқылы дербес деректер субъектісінің немесе оның заңды өкілінің келісімін алуды қамтамасыз етсін.

      5. "Astana Hub" IT-стартаптардың халықаралық технопаркі" корпоративтік қоры Пилоттық жоба кезеңі аяқталғаннан кейін және "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабы 2-тармағының 1) және 5-1) тармақшаларына, 49-бабы 2-тармағының 4) және 6) тармақшаларына, 54-бабы 3-тармағының 3-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 123 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16777 болып тіркелген) бекітілген "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларының 4 және 8-тармақтарына сәйкес өзінің ақпараттық жүйесін өнеркәсіптік пайдалануға енгізгенге дейін:

      1) ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін сынаудың оң нәтижелері бар хаттамалар;

      2) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес өзінің ақпараттық қауіпсіздік жедел орталығының жұмыс істеуін немесе үшінші тұлғалардан ақпараттық қауіпсіздік жедел орталығының қызметін сатып алуды қамтамасыз ету, сондай-ақ Орталықтың ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығымен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;

      3) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарға сәйкестігі жөнінде шаралар қабылдау болған кезде интеграцияны қамтамасыз етсін.

      6. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің, Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурстарында орналастыруды;

      2) осы бірлескен бұйрыққа қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде жіберуді қамтамасыз етсін.

      7. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім, Цифрлык даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрлеріне жүктелсін.

      8. Осы бірлескен бұйрық мемлекеттік органдар басшыларының соңғысы қол қойған күннен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министрі
______ С. Нұрбек
      Қазақстан Республикасының
Цифрлык даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі
_______ Ж. Мәдиев

  Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім
министрлігінің
2024 жылғы 4 қарашадағы
№ 511
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің
2024 жылғы 3 желтоқсандағы
№ 645/НҚ
бұйрығымен бекітілген

Ұлттық инновациялық жүйенің "Бірыңғай терезесі" ақпараттық жүйесі" арқылы "Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу" мемлекеттік қызметін көрсету жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру алгоритмі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Ұлттық инновациялық жүйенің "Бірыңғай терезесі" (astanahub.com) ақпараттық жүйесі арқылы электрондық форматта "Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) көрсету жөніндегі пилоттық жобаны іске асырудың осы алгоритмі Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің пилоттық жобаны жүргізу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Алгоритмде мынадай негізгі ұғымдар мен қысқартулар пайдаланылады:

      1) ұлттық инновациялық жүйенің "Бірыңғай терезесі" (astanahub.com) (бұдан әрі – ҰИЖ БТ) – бірыңғай портал арқылы инноваицялық қызмет пен инновацияларды қолдау шараларына қол жеткізуді қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе;

      2) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы;

      3) "Жоғары білім берудің бірыңғай платформасы" ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ЖББП) – Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі қызметінің бағыты бойынша ақпаратты жинауды, сақтауды, өңдеуді және ұсынуды қамтамасыз етуге арналған Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ақпараттық жүйесі;

      4) "Жеке тұлғалар "Мемлекеттік деректер базасы" ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ЖТ МДБ) – Қазақстан Республикасының жеке тұлғалары туралы ақпаратты тіркеу мен сақтаудың азаматтық жай-күйін сәйкестендіру және айқындау үшін жеткілікті бірыңғай жүйесі;

      5) "Заңды тұлғалар "Мемлекеттік деректер базасы" ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ЗТ МДБ) – заңды жай-күйін сәйкестендіру және айқындау үшін жеткілікті Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары туралы ақпаратты тіркеу мен сақтаудың бірыңғай жүйесі;

      6) автоматтандырылған жұмыс орны (бұдан әрі – АЖО) – көрсетілетін қызметті берушінің қызметін автоматтандыруға арналған жүйе;

      7) дербес деректерге қол жеткізуді бақылаудың мемлекеттік сервисі (бұдан әрі – ДҚБ сервисі) – мемлекеттік органдардың және (немесе) мемлекеттік заңды тұлғалардың ақпараттандыру объектілерінде қамтылған дербес деректерге қол жеткізу кезінде меншік иелерінің және (немесе) операторлардың, үшінші тұлғалардың дербес деректер субъектісімен және уәкілетті органмен ақпараттық өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін қызмет, оның ішінде дербес деректер субъектісінің дербес деректерді жинауға, өңдеуге немесе оларды үшінші тұлғаларға беруге келісімі;

      8) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті атынан ғылым саласындағы уәкілетті орган;

      9) көрсетілетін қызметті алушы – орталық мемлекеттік органдарды, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерін, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарын, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін қоспағанда, жеке және заңды тұлғалар;

      10) сервис иелері – Smart Bridge платформасында сервистері арқылы деректер мен мәліметтерді басқа жүйелерге беретін уәкілетті органдар.

      Осы Алгоритмде қолданылатын барлық басқа терминдер "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы", "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарында және өзге де нормативтік құқықтық актілерде қолданылатын мағынада пайдаланылады.

2-тарау. Жеке тұлғалар үшін мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      3. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ҰИЖ БТ-да осы Алгоритмге 1 қосымшаға сәйкес нысан бойынша ДҚБ сервисі арқылы алынған дербес деректерді жинауға, өңдеуге келісе отырып, "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды ескере отырып өтініш береді.

      Көрсетілетін қызметті алушы ҰИЖ БТ-да ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеуге өтініш жасаған кезде, жеке тұлғаның дербес деректері ЖТ МДБ-мен интеграциялау арқылы автоматты түрде қалыптастырылады.

      4. Көрсетілетін қызметті алушыны верификациялау қорытындысы бойынша ЖББП-дан жоғары және жоғары лқу орнынан кейінгі білімі және ғылыми дәрежесі туралы диплом бойынша мәліметтер ҰИЖ БТ алынады.

      5. ЖББП-да мәліметтер болмаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы деректерді қолмен толтырады, мәліметтерді растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері өтінішке қоса беріледі.

      6. Қажетті бағытты таңдағаннан кейін көрсетілетін қызметті алушы талап етілетін құжаттардың электрондық көшірмелерін қоса береді:

      техникалық және жаратылыстану ғылымдары үшін:

      1 халықаралық патент немесе Clarivate Analytics компаниясының Journal Citation Reports деректері бойынша нөлдік емес импакт-факторы бар халықаралық рецензияланатын ғылыми журналда немесе Scopus деректер базасында ғылыми салалардың ең болмағанда біреуі бойынша CiteScore жөнінде кемінде 35 (отыз бес) процентиль көрсеткіші бар басылымдарда 1 (бір) мақала;

      әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар үшін:

      Clarivate Analytics компаниясының Journal Citation Reports деректері бойынша нөлдік емес импакт-факторы бар немесе Web of Science Core Collection деректер базасында (Arts and Humanities Citation Index, Science Citation Index Expanded, Social Sciences Citation Index бөлімінде) 1 (бір) мақала;

      Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған ғылыми журналда 3 (үш) мақала.

      7. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы арқылы өтінішке қол қойылғаннан кейін, өтініш көрсетілетін қызметті берушіге АЖО-да қарау үшін жіберіледі.

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті одан әрі қарауы Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      9. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеуге арналған өтінішті қараудың оң нәтижесі болған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші ҰИЖ БТ-да ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу туралы куәлікті қалыптастырады және көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ арқылы электрондық құжатқа қол қоюды ескере отырып, электрондық құжатты көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды.

      10. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеуге арналған өтінішті қараудың теріс нәтижесі болған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші ҰИЖ БТ арқылы мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларында белгіленген бас тарту негіздерін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-сы арқылы қол қойылған "Дәлелді бас тартуды" жібереді.

3-тарау. Заңды тұлғалар үшін мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ҰИЖ БТ-да осы Алгоритмге 2 қосымшаға сәйкес нысан бойынша ДҚБ сервисі арқылы алынған дербес деректерді жинауға, өңдеуге келісе отырып, "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды ескере отырып өтініш береді.

      Көрсетілетін қызметті алушы ҰИЖ БТ-да ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеуге өтініш жасаған кезде заңды тұлғаның деректері ЗТ МДБ-мен интеграциялау арқылы автоматты түрде қалыптастырылады.

      12. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметпен айналысқан қызметкерлер туралы деректер енгізілгеннен кейін ҰИЖ БТ әрбір қызметкерге ЖББП-дан академиялық немесе ғылыми дәрежесі туралы диплом бойынша мәліметтерді сұратады.

      13. ЖББП-да мәліметтер болмаған жағдайда деректерді көрсетілетін қызметті алушы қолмен толтырады, мәліметтерді растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері өтінішке қоса беріледі.

      14. Еңбек шартының немесе аккредиттелетін ұйым негізгі жұмыс орны болып көрсетілген өзге де растайтын құжаттардың және қызметкерлерді жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың электрондық көшірмелері өтінішке қоса беріледі.

      15. Көрсетілетін қызметті алушы соңғы 5 (бес) жылдағы мәліметтерді растайтын құжаттардың электрондық көшірмелерін қоса береді:

      1) ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін тиісті жабдықталған халықаралық және (немесе) республикалық деңгейдегі зертханалардың болуы туралы мәліметтер (зертханалардың болуын қажет етпейтін гуманитарлық, әлеуметтік және экономикалық ғылымдарды қоспағанда);

      2) соңғы 5 (бес) жылдағы біліктілікті арттыру туралы мәліметтер;

      3) соңғы 5 (бес) жылдағы ҒЗЖ қаржыландыру және орындалған ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды орындау туралы мәліметтер;

      4) соңғы 5 (бес) зияткерлік меншік объектілері туралы мәліметтер;

      5) соңғы 5 (бес) жарияланған ғылыми жұмыстар туралы мәліметтер.

      Егер субъекті қызметінің кезеңі 5 жылдан аспаса, онда растайтын құжаттар көшірмесі оның қызметінің барлық кезеңіне ұсынылады.

      16. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы арқылы өтінішке қол қойылғаннан кейін өтініш көрсетілетін қызметті берушіге АЖО-да қарау үшін жіберіледі.

      17. Көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті одан әрі қарауы Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      18. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеуге арналған өтінішті қараудың оң нәтижесі болған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші ҰИЖ БТ-да ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу туралы куәлікті қалыптастырады және көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-сы арқылы электрондық құжатқа қол қоюды ескере отырып, электрондық құжатты көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды.

      19. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеуге арналған өтінішті қараудың теріс нәтижесі болған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші ҰИЖ БТ арқылы Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында белгіленген бас тарту негіздерін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-сы арқылы қол қойылған "Дәлелді бас тартуды" жібереді.

  "Ұлттық инновациялық
жүйесінің "Бірыңғай терезесі"
ақпараттық жүйесі арқылы
"Ғылыми және (немесе)
ғылыми-техникалық қызмет
субъектілерін аккредиттеу"
мемлекеттік қызметін көрсету
жөніндегі пилоттық жобаны
іске асыру алгоритміне
1-қосымша
  Нысан
  кімге_______________________
  кімнен_____________________
  Тегі, аты, әкесінің аты
  _________________________
  (телефон/электроныдық мекенжайы)

Өтініш (жеке тұлғалар үшін)

      ___________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) ғылыми және (немесе)

      ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредиттеу өткізуді сұраймын.

Құжаттың атауы

Бар/жоғы туралы белгі

1 2 3

1

Мыналардың: жоғары білім туралы дипломның; магистр дипломының және (немесе) ғылыми дәрежені (ғылым кандидаты, ғылым докторы), философия докторының (PhD) дәрежесін, бейіні бойынша доктор дәрежесін беру туралы дипломның және (немесе) қауымдастырылған профессор (доцент) немесе профессор ғылыми атағын беру туралы аттестаттың (дипломның) көшірмелері. (Шетелдік білім беру ұйымдары берген білімі туралы құжаттар Қазақстан Республикасының аумағында білім саласындағы заңнамаға сәйкес танылады).


2

Соңғы 5 жылда басып шығарылған 1 монография және (немесе) жарияланған ғылыми мақалалар: техникалық және жаратылыстану ғылымдары үшін 1 халықаралық патент немесе Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Journal Citation Reports (Джоурнал Ситэйшн Рэпортс) деректері бойынша нөлдік емес импакт-факторы бар халықаралық рецензияланатын ғылыми журналда, немесе Scopus (Скопус) деректер базасында ғылыми салалардың ең болмағанда біреуі бойынша CiteScore (СайтСкор) жөнінде кемінде 35 (отыз бес) процентиль көрсеткіші бар басылымдарда 1 (бір) мақала, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар үшін Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Journal Citation Reports (Джоурнал Ситэйшн Рэпортс) деректері бойынша нөлдік емес импакт-факторы бар немесе Web of Science Core Collection (Уэп оф Сайнс Кор Калэкшн) деректер базасында (Arts and Humanities Citation Index(Артс энд Хюманитис Ситэйшн Индекс), Science Citation Index Expanded (Сайнс Ситэйшн Индекс Экспандэд), Social Sciences Citation Index бөлімінде) (Сошл Сайнс Ситиэйшн Индекс) 1 (бір) мақала, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім беру министрлігінің Ғылым және жоғары білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған ғылыми журналда 3 (үш) мақала.


      Заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, менің дербес деректерімді жинауға, өңдеуге, сондай-ақ оларды ұлттық инновациялық жүйенің "Бірыңғай терезесі" ақпараттық жүйесі (astanahub.com) арқылы "Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу" мемлекеттік қызметін көрсету жөніндегі пилоттық жоба шеңберінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бизнес-сәйкестендіру нөмірі 230440024058) беруге келісім беремін.

      Дербес деректерді трансшекаралық берудің жоқтығы, сондай-ақ дербес деректерді жалпыға қолжетімді көздерде таратудың жоқтығы туралы хабарлаймын.

      Жиналатын деректердің тізбесі: Тегі, аты, әкесінің аты, жеке сәйкестендіру нөмірі, банктік деректемелер, электрондық пошта, телефон нөмірі, білімі, академиялық немесе ғылыми дәрежесі туралы мәліметтер.

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын, дұрыс емес мәліметтер және жалған құжаттарды ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын.

      20____ жыл "____" "_______" ___________________________________________

      (Қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

  Ұлттық инновациялық
жүйесінің "Бірыңғай терезесі"
ақпараттық жүйесі арқылы
"Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық
қызмет субъектілерін
аккредиттеу" мемлекеттік
қызметін көрсету жөніндегі
пилоттық жобаны іске асыру
алгоритміне
2-қосымша
  Нысан
  кімге______________________
  кімнен ________________________
  (субъектінің толық атауы)
  __________________________
  (телефон/электроныдық мекенжайы)

Өтініш (заңды тұлғалар үшін)

      Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде _________

      _______________________________________ аккредиттеуді өткізуді сұраймын.


Құжаттың атауы

Бар-жоғы туралы белгі

1 2 3

1

Ұйым жарғысының көшірмесі


2

Осы қағидаларға 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10-қосымшаларға сәйкес көрсетілетін қызметті алушы туралы мәлімет


3

Осы қағидаларға 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10-қосымшаларда көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелері


      Заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, менің дербес деректерімді жинауға, өңдеуге, сондай-ақ оларды ұлттық инновациялық жүйенің "Бірыңғай терезесі" ақпараттық жүйесі (astanahub.com) арқылы "Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу" мемлекеттік қызметін көрсету жөніндегі пилоттық жоба шеңберінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бизнес-сәйкестендіру нөмірі 230440024058) беруге келісім беремін.

      Дербес деректерді трансшекаралық берудің жоқтығы, сондай-ақ дербес деректерді жалпыға қолжетімді көздерде таратудың жоқтығы туралы хабарлаймын.

      Жиналатын деректердің тізбесі: Тегі, аты, әкесінің аты, жеке сәйкестендіру нөмірі, банктік деректемелер, электрондық пошта, телефон нөмірі, білімі, академиялық немесе ғылыми дәрежесі туралы мәліметтер.

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын, дұрыс емес мәліметтер және жалған құжаттарды ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын.

      Басшы___________ _______________________________________

      қолы Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

  Ұлттық инновациялық
жүйесінің "Бірыңғай терезесі"
ақпараттық жүйесі арқылы
"Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық
қызмет субъектілерін
аккредиттеу" мемлекеттік
қызметін көрсету жөніндегі
пилоттық жобаны іске асыру
алгоритміне
3-қосымша

Ұйым туралы мәліметтер

Алғаш мемлекеттік тіркелген күні (құрылған жылы)

Ұйымның қызмет түрі

Меншік нысаны: мемлекеттік/жеке

Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері аккредиттеуінің болуы

Заңды мекенжайы, телефоны,электрондық поштасы, интернет-ресурсы (бар болғанда)

Бірінші рет Қайта (күні, куәліктің сериялық нөмірі)
1 2 3 4 5 6 7







      Мыналар:

      - ұйым жарғысының көшірмесі;

      - аккредиттеуге қайта ұсынылған жағдайда бұрынғы аккредиттеу туралы куәліктің көшірмесі ұсынылады.

      Басшы___________ ______________________________________

      қолы Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

  Ұлттық инновациялық
жүйесінің "Бірыңғай терезесі"
ақпараттық жүйесі арқылы
"Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық
қызмет субъектілерін
аккредиттеу" мемлекеттік
қызметін көрсету жөніндегі
пилоттық жобаны іске асыру
алгоритміне
4-қосымша

Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметпен айналысқан қызметкерлер, ғылыми дәрежелері бар ғылым докторы, ғылым кандидаты, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор, қауымдастырылған профессор (доцент) немесе профессор туралы мәліметтер

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда)

"Магистр" академиялық дәрежесі (мамандығы, берілген жылы) туралы мәлімет

"Философия докторының (PhD)" немесе "Бейіні бойынша доктор", (мамандығы, берілген жылы) ғылыми дәрежелері бойынша мәлімет

"Ғылым кандидаты" немесе "Ғылым докторы" (мамандығы, берілген жылы) ғылыми дәрежелері бойынша мәлімет

"Қауымдастырылған профессор (доцент)" немесе "Профессор", (мамандығы, берілген жылы) ғылыми дәрежелері бойынша мәлімет ) ғылыми атағы туралы мәлімет

1 2 3 4 5 6






Барлығы:





      Мыналар:

      - дипломдар көшірмелері;

      - еңбек шарты және (немесе) қызметкерлерді жұмысқа қабылдау туралы бұйрық ұсынылады.

      Ескертпе:

      - аккредиттеуге штатында кемінде 5 ғылыми қызметкері бар, осы ұйымда 6 айдан астам жұмыс істейтін ұйымдар береді;

      - Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметпен айналысқан қызметкерлер бойынша мәліметтер ұйыммен айқындалады, сондай-ақ, ғылыми қызметпен айналысқан бұрын жұмыс жасаған қызметкерлер туралы ақпарат, кесте түрінде Т.А.Ә., лауазымы және ғылыми дәрежесі/атағы.

      Басшы___________ ______________________________________

      қолы Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

  Ұлттық инновациялық
жүйесінің "Бірыңғай терезесі"
ақпараттық жүйесі арқылы
"Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық
қызмет субъектілерін
аккредиттеу" мемлекеттік
қызметін көрсету жөніндегі
пилоттық жобаны іске асыру
алгоритміне
5-қосымша

Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін тиісті жабдықталған халықаралық және (немесе) республикалық деңгейдегі зертханалардың болуы туралы мәліметтер (зертханалардың болуын қажет етпейтін гуманитарлық, әлеуметтік және экономикалық ғылымдардан басқа)

Жалпы және пайдалы аумағы көрсетілген ғимараттың нақты мекенжайы

Атауы мен аумағы көрсетілген зерттеу жұмыстарына арналған зертхананың болуы

Сертификатталған немесе аттестатталған (аккредиттелген) зертхананың болуы:

- халықаралық деңгейде - республикалық деңгейде
1 2 3 4 5





Барлығы:




      Мыналар:

      - Сертификатталған немесе аттестатталған (аккредиттелген) зертхана куәлігінің көшірмесі және (немесе) зертхана көрсетілген ұйымның құрылымы;

      - зертхана паспорты;

      - егер ұйым зерттеу жұмыстарына зертхана жалға алса, жалға алу шарты;

      - жүзеге асыратын ғылыми қызмет түріне зертхана қажет болмаған жағдайда, түсіндірме (еркін нысанда) ұсынылады.

      Ескертпе: зертханалардың болуы туралы мәліметтер толтырылғанға дейін аккредиттелетін ұйым "E-lab" модуліндегі зертханалар мен жабдықтар туралы деректерді ҰИЖ БТ ақпараттық жүйесінде енгізеді.

      Басшы___________ ______________________________________

      қолы Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

  Ұлттық инновациялық
жүйесінің "Бірыңғай терезесі"
ақпараттық жүйесі арқылы
"Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық
қызмет субъектілерін
аккредиттеу" мемлекеттік
қызметін көрсету жөніндегі
пилоттық жобаны іске асыру
алгоритміне
6-қосымша

Соңғы 5 (бес) жылдағы біліктілікті арттыру туралы мәліметтер

Тегі, аты, әкесінің-аты (бар болғанда)

Тақырыптың атауы

Оқуды өту мерзімі және орны

Халықаралық немесе республикалық деңгейде өткен оқудың (курстың) атауы

- халықаралық деңгейде - республикалық деңгейде
1 2 3 4 5 6

Итого:





      Мыналар:

      - біліктілікті арттыру туралы сертификат көшірмесі және (немесе) куәлік

      Басшы___________ ______________________________________

      қолы Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

  Ұлттық инновациялық
жүйесінің "Бірыңғай терезесі"
ақпараттық жүйесі арқылы
"Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық
қызмет субъектілерін
аккредиттеу" мемлекеттік
қызметін көрсету жөніндегі
пилоттық жобаны іске асыру
алгоритміне
7-қосымша

Соңғы 5 (бес) жылдағы ҒЗЖ қаржыландыру және орындалған ғылыми, ғылыми- техникалық жобалар мен бағдарламаларды орындау туралы мәліметтер

Гранттық қаржыландыру (ГҚ)

Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру (БНҚ)

Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға грант

Өзге де көздердегі гранттар (коммерцияландыру жобалары халықаралық ұйымдар мен қорлардың және т.б. қаржыландыруы)

Меншікті қаражат

Өзге де көздер (бизнес, үкіметтік емес қорлар мен ұйымдар қаржыландыратын бағдарламалар мен жобалар)

1 2 3 4 5 6 7







      Мыналар:

      - орындалған ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалар туралы шарт көшірмелері;

      - ғылыми-зерттеу жұмыстары туралы есеп көшірмелері және (немесе) атқарылған жұмыстар актісі ұсынылады.

      Басшы___________ ______________________________________

      қолы Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

  Ұлттық инновациялық
жүйесінің "Бірыңғай терезесі"
ақпараттық жүйесі арқылы
"Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық
қызмет субъектілерін
аккредиттеу" мемлекеттік
қызметін көрсету жөніндегі
пилоттық жобаны іске асыру
алгоритміне
8-қосымша

Соңғы 5 (бес) жылдағы зияткерлік меншік объектілері туралы мәліметтер

Қорғау құжаттары (өнертабысқа патенттер, өнеркәсіптік үлгілер, пайдалы модельдер, селекциялық жетістіктер)

Авторлық құқық

Халықаралық патент (еуразиялық патент), лицензиялық келісімдер

1 2 3 4




      Мыналар:

      - өнертабыс, өнеркәсіптік үлгілер, пайдалы моделдер, селекциялық жетістіктер патенттерінің көшірмелері;

      - авторлық құқық куәлігінің көшірмесі;

      - халықаралық патент (еуразиялық патент), лицензиялық келісімдер көшірмелері ұсынылады.

      Басшы_______ ________________________________________________

      қолы Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

  Ұлттық инновациялық
жүйесінің "Бірыңғай терезесі"
ақпараттық жүйесі арқылы
"Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық
қызмет субъектілерін
аккредиттеу" мемлекеттік
қызметін көрсету жөніндегі
пилоттық жобаны іске асыру
алгоритміне
9-қосымша

Соңғы 5 (бес) жылдағы жарияланған ғылыми жұмыстар туралы мәліметтер

Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Journal Citation Reports (Джоурнал Ситэйшн Рэпортс) деректері бойынша 1,2 және 3 квартильге кіретін халықаралық рецензияланатын ғылыми журналда, немесе Scopus (Скопус) деректер базасында ең болмағанда бірі ғылыми салалардағы CiteScore (СайтСкор) бойынша кемінде 35 процентиль көрсеткіші бар басылымдарда мақала, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар үшін Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Web of Science Core Collection (Уэп оф Сайнс Кор Калэкшн) деректер базасында (Arts and Humanities Citation Index (Артс энд Хюманитис Ситэйшн Индекс), Science Citation Index Expanded (Сайнс Ситэйшн Индекс Экспандэд), Social Sciences Citation Index(Сошл Сайнс Ситиэйшн Индекс) бөлімінде) мақала

ҒДРИ индекстелетін ғылыми журналдарда және басқа да халықаралық базаларда

ҚР ҒЖБМ ҒЖББСБК ұсынған ғылыми басылымдарда

Конференциялардың, форумдардың, съездердің, симпозиум, конгресстерге материалдарында

Баспа қызметі (монографиялар, оқулықтар, бірлік. құралдар, әдістемелік құжаттар.)

1

2

3

4

5

6







      Мыналар:

      - жарияланған ғылыми мақалалар көшірмесі;

      - конференциялар, форумдар, съездер, симпозиумдар, конгресстер бойынша жарияланған материалдар көшірмелері;

      - монографиялар, оқулықтар, құралдар,әдістемелік құжаттар көшірмелері ұсынылады.

      Ескерту: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ҒДРИ - Ресейлік ғылыми дәйексөз индексі

      ҚР ҒЖБМ ҒЖБССҚЕК – Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті

      Басшы___________ _______________________________________

      қолы Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады