Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру саласындағы мемлекеттік монополияға жатқызылған "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 16 қаңтардағы № 22/НҚ бұйрығы

      "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 17-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 188) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру саласындағы мемлекеттік монополияға жатқызылған "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары бекітілсін.

      2. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 87 бұйрығына келесі өзгеріс енгізілсін:

      1-тармақтың 7) тармақшасы алып тасталсын.

      3. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      2) осы бұйрықтың көшірмесін тіркелген бұйрықты алған күннен бастап Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығы шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Б. Мусин

 

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі

  Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің
2023 жылғы 16 қаңтардағы
№ 22-НҚ бұйрығына
Қосымша

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру саласындағы мемлекеттік монополияға жатқызылған "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағасы

Тауарлардың атауы
(жұмыстар, көрсетілетін қызметтер)

Өлшем бірлігі

Көрсетілетін қызметтің ҚҚС-сыз құны, теңге

1.

Аударымдардың, жарналардың және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақытылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) есептелген сомаларын төлеушілерге қайтару

1 төлем тапсырмасы

222,97

2.

Аударымдардың және (немесе) жарналардың артық (қате) төленген сомаларын осы қаражаттар Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының шотына аударылған күннен бастап банктік үш күн ішінде төлеушілерге аудару

1 төлем тапсырмасы

1 736,82

3.

Төлеушілерден Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына түсетін аударымдарды, жарналарды және (немесе) аударымдардың және (немесе) жарналардың уақытылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұлды банктік үш күн ішінде өңдеу және аудару

1 төлем тапсырмасы

36,06

      Ескертпе:

      ҚҚС – қосылған құн салығы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады