ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.07.2024 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының аумағындағы автогаз құю станциялары үшін Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің шекті бағаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 458 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ өнеркәсібі департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электронды түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2024 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі |
А. Сәтқалиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2024 жылғы 26 маусымдағы № 233 бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 458 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасының аумағындағы автогаз құю станциялары үшін Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің шекті бағалары
№ | Атауы | Тауар нарығының географиялық шекаралары | Шалғайдағы аудандарды қоспағанда, қосылған құн салығымен шекті бөлшек сауда бағасы, 1 литр үшін теңге | Облыс орталығынан 200 (екі жүз) километрден астам қашықтықта орналасқан шалғай аудандар үшін қосылған құн салығымен шекті бөлшек сауда бағасы, 1 литр үшін теңге |
1. | Сұйытылған мұнай газы | Астана қаласы | 84 | - |
2. | Алматы қаласы | 89 | - | |
3. | Ақтөбе облысы | 59 | 64 | |
4. | Атырау облысы | 59 | 64 | |
5. | Ақмола облысы | 84 | 89 | |
6. | Алматы облысы | 89 | 94 | |
7. | Шығыс Қазақстан облысы | 84 | 89 | |
8. | Жамбыл облысы | 78 | 83 | |
9. | Батыс Қазақстан облысы | 70 | 75 | |
10. | Қостанай облысы | 84 | 89 | |
11. | Қызылорда облысы | 70 | 75 | |
12. | Қарағанды облысы | 84 | 89 | |
13. | Маңғыстау облысы | 59 | 64 | |
14. | Павлодар облысы | 81 | 86 | |
15. | Солтүстік Қазақстан облысы | 89 | 94 | |
16. | Түркістан облысы | 70 | 75 | |
17. | Шымкент қаласы | 70 | - | |
18. | Абай облысы | 84 | 89 | |
19. | Жетісу облысы | 84 | 89 | |
20. | Ұлытау облысы | 84 | 89 |