Қазақстан Республикасының аумағындағы автогаз құю станциялары үшін Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің шекті бағаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 458 бұйрығы.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Газ және газбен жабдықтау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағындағы автогаз құю станциялары үшін Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің шекті бағалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ өнеркәсібі департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
А. Сәтқалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2023 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 458 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының аумағындағы автогаз құю станциялары үшін Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің шекті бағалары

      Ескерту. Шекті бағалары жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 29.01.2025 № 45-н/қ (01.02.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Атауы

Тауар нарығының географиялық шекаралары

Шалғайдағы аудандарды қоспағанда, қосылған құн салығымен шекті бөлшек сауда бағасы, 1 литр үшін теңге

Облыс орталығынан 200 (екі жүз) километрден астам қашықтықта орналасқан шалғай аудандар үшін қосылған құн салығымен шекті бөлшек сауда бағасы, 1 литр үшін теңге

1.

Сұйытылған мұнай газы

Астана қаласы

102

-

2.

Алматы қаласы

102

-

3.

Ақтөбе облысы

77

82

4.

Атырау облысы

77

82

5.

Ақмола облысы

102

107

6.

Алматы облысы

102

107

7.

Шығыс Қазақстан облысы

102

107

8.

Жамбыл облысы

90

95

9.

Батыс Қазақстан облысы

77

82

10.

Қостанай облысы

102

107

11.

Қызылорда облысы

90

95

12.

Қарағанды облысы

102

107

13.

Маңғыстау облысы

65

70

14.

Павлодар облысы

102

107

15.

Солтүстік Қазақстан облысы

102

107

16.

Түркістан облысы

90

95

17.

Шымкент қаласы

90

-

18.

Абай облысы

102

107

19.

Жетісу облысы

102

107

20.

Ұлытау облысы

102

107


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады