Тіркелген тарифтерді бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2024 жылғы 28 қарашадағы № 427 бұйрығы

      "Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 7-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндіретін электр энергиясын беруге арналған тіркелген тарифтер бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жаңартылатын энергия көздері департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрық қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр А. Сәтқалиев

  Қазақстан Республикасы
Энергетика Министрінің
2024 жылғы 28 қарашадағы
№ 427 бұйрығымен
бекітілген

Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндіретін электр энергиясын беруге арналған тіркелген тарифтер

Р/с №

Электр энергиясын алу үшін пайдаланылатын жаңартылатын энергия көздерінің технологиясы

Тариф мөлшері, теңге/ кВтсағ. (ҚҚС-сыз)

1

Жел энергиясын түрлендіру үшін қуаты 100 МВт "Астана ЕХРО-2017" жел электр станциясының жобасы үшін тіркелген тарифті қоспағанда, жел электр станциялары

22,68

2

Жел энергиясын түрлендіру үшін қуаты 100 МВт "Астана ЕХРО-2017" жел электр станциясы

59,7

3

Қазақстандық кремний (Kaz PV) негізінде күн сәулесінің энергиясын түрлендіру үшін фотоэлектрлік модульдерді пайдаланатын күн электр станцияларының жобаларына арналған тіркелген тарифті қоспағанда, күн энергиясын фотоэлектрлік түрлендіргіштер

34,61

4

Гидродинамикалық су энергиясын пайдаланатын гидроэлектр станциялары

41, 23

5

Биогаз қондырғылары

32,23


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады