Теміртау қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 18 сәуірдегі № 16/1 "Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімдігінің 2024 жылғы 30 қаңтардағы № 6/14 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 19-бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын 31,33-баптарына сәйкес, Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Теміртау қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 18 сәуірдегі № 16/1 "Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

      Көрсетілген қаулыға қосымшада:

      1 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "1. Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 19-бабына сәйкес әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органы болып табылады.

      "Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс құжаттарында атауы қысқартылып қолданылуы мүмкін: "Теміртау қаласының ЖҚ және ӘББ" ММ.

      2 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "2. Мемлекеттік мекеменің ведомстволық бағынысты мекемелері бар:

      1) Теміртау қаласы әкімдігінің Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі "Өмірлік қиын жағдайда қалған азаматтарды қайта әлеуметтендіруге арналған орталық" коммуналдық мемлекеттік мекемесі";

      2) "Теміртау қаласының әлеуметтік көмек көрсету бойынша дағдарыс орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі".";

      15 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "15. функциялары:

      1) аудандардағы (облыстық маңызы бар қалалардағы) жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсынысты талдау, болжау және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органына хабарлау;

      2) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарына халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары бойынша ұсыныстар енгізу;

      3) өңірлік жұмыспен қамту картасын және халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру;

      4) ұлттық жобалар, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарлары, өңірлік жұмыспен қамту картасы шеңберінде жұмыс орындарының құрылуын мониторингтеуді жүзеге асыру;

      5) кәсіпкерлік бастаманы дамыту арқылы ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жұмыс орындарын құруды қолдау;

      6) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарына жұмыс күшінің мобильділігін арттыру мақсатында адамдардың ерікті түрде қоныс аударуы үшін елді мекендерді айқындау бойынша ұсыныстар енгізу;

      7) жұмыс орындарының босау және қысқару тәуекелдері бар ұйымдарды мониторингтеуді жүзеге асыру;

      8) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ету мақсатында еңбек мобильділігі орталықтарымен өзара іс-қимыл жасау;

      9) өздерінің қарауындағы арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын субъектілерді құру және олардың қызметі;

      10) арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын субъектілердің арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілген көлемін ұсынуы;

      11) халықтың арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге деген қажеттіліктеріне талдау жүргізу;

      12) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну және арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге деген қажеттілікті бағалау мен айқындау жөніндегі көрсетілетін қызметтер бойынша мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру;

      13) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер жүйесін дамыту жөнінде шаралар қабылдау, арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну мәселелері бойынша жеке, заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;

      14) мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік көмек көрсету және қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіру;

      15) мүгедектігі бар адамдарды және мүгедектігі бар балаларды жеке бағдарламаға сәйкес санаторий-курорттық емдеуді қамтамасыз ету;

      16) мүгедектігі бар адамдарды жеке бағдарламаға сәйкес техникалық көмекші (өтеуші) құралдармен және (немесе) арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету;

      17) жеке бағдарламаға сәйкес жүріп-тұруы қиын, бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшінің, есту қабілеті бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін ымдау тілі маманының көрсетілетін қызметтерімен қамтамасыз ету;

      18) мүгедектігі бар адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қосымша әлеуметтік көмек шараларын ұсыну;

      19) халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу.

      20) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілерге сәйкес халықты жұмыспен қамту (халықтың көші-қоны) және әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік қызметтер көрсету;

      21) Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу жөніндегі жұмысты үйлестіру үшін арнайы комиссияның жұмыс органының функцияларын жүзеге асыру.

      22) сот әрекетке қабілетсіз деп таныған кәмелетке толған адамдарға және денсаулық жағдайы бойынша өз құқықтарын жүзеге асыра алмайтын және қорғай алмайтын және өз міндеттерін орындай алмайтын адамдарға қатысты мемлекеттің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыру;

      23) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін объективті, жан - жақты және уақтылы қарау, олар бойынша қажетті шаралар қабылдау, мемлекеттік мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтар мен заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау;

      24) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде өзге де функцияларды жүзеге асыру.";

      23 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "23. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік мекеменің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:

      1) Теміртау қаласы әкімдігінің Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі "Өмірлік қиын жағдайда қалған азаматтарды қайта әлеуметтендіруге арналған орталық" коммуналдық мемлекеттік мекемесі";

      2) "Теміртау қаласының әлеуметтік көмек көрсету бойынша дағдарыс орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі".

      2. "Теміртау қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жоғарыда көрсетілген Ережеге енгізілген өзгерістер туралы әділет органдарына хабарлауды қамтамасыз етсін.

      3. "Теміртау қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қарағанды облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілсін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Теміртау қаласы әкімдігінің интернет - ресурсына орналастырсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Теміртау қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Теміртау қаласының әкімі О.Таурбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады