Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының Жер Кодексіне, 2023 жылғы 29 желтоқсандағы №2337-EL қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған лицензиясына сәйкес, "ULMUS BESSHOKY" АҚ-ның өтініші негізінде, Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, "ULMUS BESSHOKY" акционерлік қоғамына, Қарқаралы ауданы, Қасым Аманжолов ауылдық округі жерінде қатты пайдалы қазбаларды барлау операцияларын жүргізу мақсатында, жалпы көлемі – 731,1053 га меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймай, 2029 жылдың 29 желтоқсанына дейін қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Жер пайдаланушы - "ULMUS BESSHOKY" акционерлік қоғамына, (келісім бойынша) жер пайдаланушыларға және жер учаскесінің иелеріне толық көлемде шығындарын өтеуді қамтамасыз етсін, шығын көлемі және олардың өтемақысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімдері бойынша белгіленсін.
3. "Қарқаралы ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын басқа да шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулының орындалысына бақылау жасау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарқаралы ауданының әкімі | Ә.Арғынов |
Қарқаралы ауданының әкімдігінің 2024 жылғы "29" қазандағы № 326 қаулысына қосымша |
"ULMUS BESSHOKY" акционерлік қоғамына қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі
№ | Орналасқан жері | Кадастырлық номері | Жалпы көлемі, га | жария сервитут белгіленуге жататын учаскелердің бөліктерінің ауданы (лицензия шекарасында) га; |
1 | Қарқаралы ауданы Қасым Аманжолов ауылдық округі босалқы жер қоры | 09-133- | 731,1053 га | |
Барлығы: | 731,1053 га |