"Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2014 жылғы 6 қарашадағы № 369 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2024 жылғы 26 наурыздағы № 59/ҚЕ бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2014 жылғы 6 қарашадағы № 369 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 84981 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      жоғарыда аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті туралы ережеде:

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Департаменттің құрылымын және штат санының лимитін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ҰҚК Төрағасы бекітеді.

      Департамент оның құрылымын құрайтын басқармалардан, бөлімдерден, бөлімшелерден, топтардан тұрады. Оның құрамына мынадай оқшауланған құрылымдық бөлімшелер кіреді:

      1) Қарасай аудандық басқармасы. Қызмет көрсету аймағы – Алматы облысының Қарасай ауданы;

      2) Еңбекшіқазақ аудандық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданы;

      3) Еңбекшіқазақ аудандық бөлімінің Шелек бөлімшесі. Қызмет көрсету аймағы – Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының Шелек, Кескенсу, Қаратұрық, Қаражота, Қорам, Бартоғай, Нұра, Аса, Масақ, Малыбай және Қазақстан ауылдық округтері;

      4) Жамбыл аудандық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Алматы облысының Жамбыл ауданы;

      5) Іле аудандық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Алматы облысының Іле ауданы және Алатау қаласы;

      6) Райымбек аудандық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Алматы облысының Райымбек ауданы;

      7) Кеген аудандық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Алматы облысының Кеген ауданы;

      8) Талғар аудандық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Алматы облысының Талғар ауданы;

      9) Ұйғыр аудандық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Алматы облысының Ұйғыр ауданы;

      10) Балқаш аудандық бөлімшесі. Қызмет көрсету аймағы – Алматы облысының Балқаш ауданы.".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Кадрлар департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрыққа қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электронды түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялауға және Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң Эталондық бақылау банкiне енгізу үшін жіберсін.

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген енгізілген өзгеріс туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің тиісті аумақтық органын бір айлық мерзімде хабардар етсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
Төрағасы ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты
Е. Сағымбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады