"Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамына байланыс магистральдық кабелін ұстау және қызмет көрсету үшін қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімдігінің 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 118/04 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17-бабының 5-1) тармақшасына, 69-бабына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес Осакаров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамына Осакаров ауданының Батпақты, Озерный ауылдық округтері мен Сарыөзек ауылдық округінің аумағында орналасқан жалпы ауданы 6,0487 гектар жер учаскелеріне меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймай, байланыс магистральдық кабелін ұстау және қызмет көрсету үшін 49 жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы (келісім бойынша) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларға шығындарды толық көлемде өтеу қажет, шығындардың мөлшері және оларды өтеу тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімімен анықталсын.

      3. "Осакаров ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз ету:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкіне енгізу және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау үшін қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде жіберу;

      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Осакаров ауданының әкімі Р. Нурмуханбетов

  Осакаров ауданы әкімдігінің
2024 жылғы "25" желтоқсандағы
№118/04 қаулысына қосымша

Жария сервитут белгіленуге жататын жер учаскелерінің тізбесі

№№

Учаскенің орналасқан жері

Жария сервитут белгіленуге жататын учаскелердің ауданы (лицензия шекарасында), га

1.

Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Озерный ауылдық округі

0,7246

2.

Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Батпақты ауылдық округі

2,8270

3.

Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Сарыөзек ауылдық округі

2,4971



6,0487


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады