Көшелерді қайта атау туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Арал ауданы Сексеуіл ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 31 қаңтардағы № 6 шешімі

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Сексеуіл кенті тұрғындарының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы қорытындысы негізінде ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Сексеуіл кентінің келесі көшелері:

      Советская көшесін Нұраш Атантаев көшесіне;

      Калинин көшесін Сейітқали Сейітмұратов көшесіне;

      8 март көшесін Жарылқасын Сағиданов көшесіне;

      Октябрдің 60 жылдығы көшесін Мақсұт Бекниязов көшесіне;

      Привокзальная көшесін Алтын орда көшесіне қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сексеуіл кентінің әкімі С. Төрешов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады