Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Қармақшы ауданының елді мекендері жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" Қармақшы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 2 мамырдағы № 167 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6289 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
жетінші тармақшасы алып тасталсын;
сегізінші тармақшасы алып тасталсын.
4-тармақ мынадай мазмұндағы 12) тармақшасымен толықтырылсын:
"12) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда тиісті аумақта карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу (күшін жою) туралы, карантинді және (немесе) шектеу іс-шараларын белгілеу (алып тастау) туралы шешімдер қабылдауды, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялауды, сондай-ақ "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мерзімдерде олар бойынша ұсынымдар беруді көздейтін атқарушы органдардың, сондай-ақ әкімдердің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын қоспағанда жергілікті қоғамдастықтың өзекті мәселелерін, азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талқылау.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қармақшы аудандық мәслихатының төрағасы | Ә.Қошалақов |