"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Аудандық маңыздағы автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы" Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 24 тамыздағы № 177 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Жалағаш ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 10 қыркүйектегі № 191 қаулысы жойылсын.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жалағаш ауданы әкімінің міндетін атқарушы | А. Нұрмағанбетов |