Сырдария ауданының 2024-2028 жылдарға арналған коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарламасын бекіту туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 2024 жылғы 30 шілдедегі № 130 шешімі

      Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 365-бабының 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Сырдария аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Сырдария ауданының 2024-2028 жылдарға арналған коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарламасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сырдария аудандық мәслихатының төрағасы Е. Әжікенов

  Сырдария аудандық мәслихатының
2024 жылғы 30 шілдедегі
№ 130 шешіміне қосымша

Сырдария ауданының 2024-2028 жылдарға арналған коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарламасы

Мазмұны

      Терминдер және анықтамалар 3

      Бағдарлама Паспорты 5

      Кіріспе...............................................................................................................................................7

      1. СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДАҒЫ КОММУНАЛДЫҚ ҚАЛДЫҚТАРДЫ БАСҚАРУ БОЙЫНША АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ 8

      1.1 Коммуналдық қалдықтардың түзілу, жинау және қайта өңдеу көлемі 8

      1.2 Қолданыстағы коммуналдық қалдықтарды басқару жүйесін бағалау 9

      1.3 Қалдықтардың жекелеген түрлерін басқару жүйесін талдау 11

      1.4 Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларға бөлінген қаражатты талдау 12

      1.5 2024 - 2028 жылдарға арналған коммуналдық қалдықтардың түзілу көлемін есептеу ........13

      1.6 Коммуналдық қалдықтарды басқару бойынша ағымдағы жағдайды талдау бойынша қорытындылар 14

      1.7 Коммуналдық қалдықтарды басқару секторындағы күшті және әлсіз жақтарын, мүмкіндіктері мен қауіптерін талдау 15

      2. ҚАЛДЫҚТАРДЫ БАСҚАРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАҚСАТЫ, МІНДЕТТЕРІ ЖӘНЕ НЫСАНАЛЫ КӨРСЕТКІШТЕРІ 16

      2.1 Мақсаты мен міндеттері 16

      2.2 Нысаналы көрсеткіштер 16

      3. БАҒДАРЛАМАНЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ, ҚОЙЫЛҒАН МАҚСАТТАРҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ ТИІСТІ ШАРАЛАР 17

      3.1 Халықтың қатты тұрмыстық қалдықтарды жинаудың, кәдеге жаратудың және қайта өңдеудің ұтымды жүйесі туралы хабардарлығын арттыру, оның ішінде бөлек жинау.17

      3.2 Коммуналдық қалдықтарды тұрақты әкетуді ұйымдастыру 18

      3.3 Қалдықтардың бөлек жинауын енгізуі 21

      3.4 Коммуналдық қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату жүйесін дамыту 26

      3.5 Полигонды экологиялық тұрғыдан тиімді басқару 27

      4. ҚАЖЕТТІ РЕСУРСТАР 31

      5. БАҒДАРЛАМАНЫ ІСКЕ АСЫРУ МОНИТОРИНГІ 32

      6. КҮТІЛЕТІН ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘСЕР 33

      7. БАҒДАРЛАМАНЫ ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ 34

      Қосымша 1 40

      Қосымша 2 404

Терминдер және анықтамалар

      Биоыдырайтын қалдықтар - анаэробты немесе аэробты ыдырауға қабілетті қалдықтар, соның ішінде бау-бақша және саябақ қалдықтары, сондай-ақ тамақ өнеркәсібінің қалдықтарымен салыстырылатын тамақ қалдықтары, макулатура.

      Қалдықтарды көму – қалдықтарды алу ниетінсіз, шектеусіз мерзім аралығында қауіпсіз сақтау үшін арнайы бекітілген орындарда жинау.

      Коммуналдық қалдықтар – тұтыну қалдықтары, құрамына кіретіндер:

      1) аралас қалдықтар және қағаз бен картон, шыны, металл, пластмасса, органикалық қалдықтар, ағаш, тоқыма, қораптар, пайдаланылған электрлік және электрондық жабдықтар, батареялар мен аккумляторлар секілді үй шаруашылығында бөлек жиналған қалдықтар;

      2) аралас қалдықтар және өзінің сипаты мен құрамы бойынша үй шаруашылығындағы қалдықтарға ұқсас болып келетін басқа көздерден бөлек жиналған қалдықтар.

      Ірі көлемді қалдықтар – шаруашылық әрекет барысында (тұрмыстық техника, жиһаз және басқалары) өзінің тұтынушылық қасиетін жойған және өзінің көлемі бойынша тек мамандандырылған көлік құралдарымен ғана тасымалдау мүмкіндігі бар тұтыну қалдықтары.

      Тұтыну қалдықтары – адамның тіршілігі барысында түзілген қалдықтар, толық немесе ішінара өзінің тұтынушылық қасиетін жойған өнімдер және (немесе) бұйымдар, олардың қораптары және басқа заттар немесе олардың қалдықтары, агрегатты күйіне қарамастан, пайдалану мерзімі немесе жарамдылық мерзімі өтіп кеткен, сонымен қатар, меншік иесінің өз бетінше немесе құжат арқылы тұтыну қалдығы разрядына өткізілген қалдықтар.

      Электрондық және электрлік жабдық қалдықтары – Жарамсыз немесе қолданыстан шыққан, қалдық қатарына жатқызылатын электрондық және электрлік жабдықтар, сонымен қатар, оның тораптары, бөліктері, бөлшектері.

      Тамақ қалдықтары - тамақ өнімдерін өндіру және тұтыну нәтижесінде түзілетін тамақ өнеркәсібінің қалдықтарымен салыстырылатын қалдықтар.

      Қалдықтарды көму полигондары - қалдықтарды алу ниетінсіз, арнайы жабдықталған, экологиялық, құрылыс және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келетін орынға тұрақты орналастыру.

      Қалдықтарды бөлек жинау - ары қарай мамандандырылған басқаруды жеңілдету мақсатында түрлері немесе топтары бойынша бөлек жиналған қалдықтар.

      Қалдықтарды жинау – жеке және заңды тұлғалардан мамандандырылған ұйымдарға ары қарай қайта қалпына келтіруге немесе жоюға бағыттау мақсатында қалдықтарды қабылдауды ұйымдастыру бойынша іс-әрекеттер.

      Құрылыс қалдықтары - ғимараттарды, құрылыстарды, өнеркәсіптік нысандарды, жолдарды, инженерлік және басқа коммунакциялардың құрылысы немесе оларды бұзу, сұрыптау, қайта жабдықтау, жөндеу (соның ішінде капиталдық) барысында түзілетін қалдықтар.

      Тұрмыстық қатты қалдықтар - қатты күйдегі коммуналдық қалдықтар.

      Қалдықтарды тасымалдау – жинау, сұрыптау, қайта өңдеу, қалпына келтіру және (немесе) жою барысында түзілген, жинақталған қалдықтарды мамандандырылған көлік құралдары көмегі арқылы тасымалдаумен байланысты іс-әрекеттер.

      Қалдықтар жою – термикалық, химиялық немесе биологиялық үдерістер нәтижесінде көлемі маңызды түрде төмендейтін және (немесе) қалдықтардың физикалық жай-күйі мен химиялық құрамы өзгеретін, бірақ өнім өндіру немесе энергия алу мақсатында қолданылмайтын қалдықтарды жою тәсілі.

      Қалдықтарды басқару - қалдықтар түзілгеннен бастап, соңғы жойғанға дейінгі жүзеге асырылатын операциялар.

       Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинаудың орталықтандырылған жүйесі – меншік нысаны және іс-әрекет түріне қарамастан, тұрғын үйлерде және (немесе) жеке тұрған ғимараттарда (құрылыстарда) тұратын немесе өзінің іс-әрекетін жүзеге асыратын, сонымен қатар, меншік иелігінде контейнерлік алаңдары мен контейнерлері жоқ, немесе жалпы пайдаланылатын жерде тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және тасымалдау қызметін жүзеге асыру үшін контейнерлік алаңдары мен контейнерлері бар жеке және заңды тұлғаларды қамтамасыз ету мақсатында жергілікті атқарушы органмен ұйымдастырылатын жүйе.

Бағдарлама Паспорты

Атауы

Сырдария ауданының 2024-2028 жылдарға арналаған коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарламасы

Бағдарламаны әзірлеуге негіз

Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ Экологиялық кодексі.
Жергілікті атқарушы органдарға коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі Бағдарламаны әзірлеу бойынша әдістемелік ұсынымдар, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің 18.05.2023 ж. №154п бұйрығы.

Бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган

"Сырдария аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" КММ

Бағдарламаның Мақсаты

Коммуналдық қалдықтарды тұрақты әкетуді ұйымдастыру және экологиялық заңнама талаптарына сәйкес коммуналдық қалдықтарды тиімді басқару үшін қажетті инфрақұрылымды құруды ұйымдастыру.

Бағдарламаның Міндеттері

1.Бөлек жинауды қоса алғанда, қатты тұрмыстық қалдықтарды жинаудың, кәдеге жаратудың және қайта өңдеудің ұтымды жүйесі туралы халықтың хабардарлығын арттыру, рұқсатсыз коммуналдық қалдықтарды өртеудің алдын-алу туралы ақпараттандыру;
2.Коммуналдық қалдықтарды тұрақты әкетуді ұйымдастыру;
3.Коммуналдық қалдықтарды бөлек жинауды енгізу;
4.Коммуналдық қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату жүйесін дамыту;
5.Полигонды экологиялық тұрғыдан тиімді басқару

Күтілетін нәтижелер

Қалдықтарды дұрыс өңдеу бойынша халықтың хабардарлығы артты;
Тұрақты түрде коммуналдық қалдықтарды шығару ұйымдастырылды;
ҚТҚ жинау және тасымалдау үшін инфрақұрылым құрылды (контейнерлер, контейнерлік алаңдар, қоқыс таситын көліктер);
Қалдықтарды бөлек жинау енгізілді;
Қалдықтарды кәдеге жарату және қайта өңдеу үлесі ұлғайды;
Көмуге жіберілетін қалдықтардың көлемі азайтылды;
Қалдықтарды қауіпсіз көму қамтамасыз етілді.

Қаржыландыру көлемі

1 кезең – 475 000 000 теңге. Тереңөзек кентінде полигон салуға қажетті бюджет 2022-2024 жылдарға арналған табиғатты қорғау іс-шаралар жоспарына енгізілген.
*2-кезең – 735 800 000 теңге.
*Қаржыландыру көздерінің шығындар сомасы 2025-2027 жж арналған Қызылорда облысы бойынша қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары шеңберінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржылық жылға республикалық және жергілікті бюджеттен бекіту және нақтылау ескере отырып, түзетулер енгізілетін болады.

Бағдарлама орындаушылары

Сырдария ауданының әкімдігі, Тереңөзек кентінің әкімдігі, А.Тоқмағанбетов а/о, С. Сейфуллин а/о, Қалжан-Ахун а/о, Шіркейлі а/о, Қоғалыкөл а/о, Амангелді а/о, Жетікөл а/о, Шаған а/о, Інкәрдәрия а/о, Ақжарма а/о, Н.Ілиясов а/о, Бесарық а/о, Айдарлы а/о, коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, қалпына келтіру және көму жөніндегі субъектілер, мемлекеттік мекемелер, әлеуметтік объектілер, заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, ҮЕҰ, халық және т.б. мүдделі тараптар.

Кезең

5 жыл: 2024 – 2028 жж

Кіріспе

      Сырдария ауданы Қазақстанның оңтүстігінде Қызылорда облысының орталығында орналасқан, ауданның аумағы 40,7 мың шаршы км, бұл облыстың жалпы аумағының 18,0% құрайды.

      Сырдария ауданының құрамына 1 кент және 13 ауылдық округ (ары қарай – а/о) кіреді. Ауданның әкімшілік орталығы - Тереңөзек кенті.

      2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша аудан халқы 38 025 адамды құрайды.

      Экономикалық, әлеуметтік және инфрақұрылымдық дамуды жақсарту мақсатында Сырдария ауданын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламасы әзірленіп, бекітілді. Бағдарламаға сәйкес, аймақтағы экологиялық жағдайды жақсарту - ең бірінші мақсат. Экологиялық жағдайды жақсарту үшін 2025 жылға қарай тұрмыстық қатты қалдықтарды (ҚТҚ) қайта өңдеу мен кәдеге жаратудың 100% - ға қол жеткізудің нысаналы көрсеткіші белгіленді. Бағдарламада: ауылдық елді мекендерде қалдықтарды бөлек жинауға арналған контейнерлер орнату, қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинауды ұйымдастыру анықталды; ауыл шаруашылығында, үй жанындағы учаскілерде егіс алқаптарын тыңайтқыш ретінде қалдықтарды (жануарлар дүниесін) кәдеге жарату; 2024 жылы Тереңөзек кентінде сұрыптау полигонын салу.

      Қазақстан Республикасында қалдықтарды басқару мәселелері өте өткір мәселелердің қатарына жатады. "Жасыл экономикаға" өту тұжырымдамасының шеңберіндегі басты бағыттардың бірі қалдықтарды басқару жүйесін қалыптастыру және жетілдіру боылп табылады. Тұжырымдаманың коммуналдық қалдықтарды басқару бөлігіндегі тиімділікті көрсететін мақсаттық индикаторлары – экологиялық және санитарлық талаптарға жауап беретін полигондармен тұрғындарды 100% қамту және 2030 жылға дейін қайта өңделген қалдықтардың үлесін 40% жеткізу қарастырылған. 2025 жылға дейін "Жасыл Қазақстан" атты ұлттық жоба да бекітілген. Ұлттық жобада келесі көрсеткіштер бекітілген: 2025 жылға дейін бөлек жинау мен қамту 80%, 2025 дейін қалдықтардың түзілу көлемінен ТҚҚ қайта өңдеу және кәдеге жарату үлесі - 34% арттыру қажет.

      Осы коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарлама Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің (бұдан әрі - ҚР ЭК) 365-бабына және жергілікті атқарушы органдардың коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі Бағдарламаны әзірлеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарына, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің 18.05.2023 ж. №154п бұйрығына сәйкес әзірленді.

      Бағдарламаны әзірлеу барысында, Сырдария ауданындағы коммуналдық қалдықтарды басқарудың ағымдағы жағдайына талдау жүргізілді, проблемалар анықталды және экологиялық заңнаманың талаптарына сәйкес коммуналдық қалдықтарды басқару жүйесін құруға бағытталған шаралар кешені әзірленді.

      Бағдарламаны іске асыру, Сырдария ауданында коммуналдық қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіруге, атап айтқанда, қалдықтардың айналымы бойынша халықтың хабардарлығын арттыруға, қалдықтарды басқару жөніндегі кәсіпкерлік субъектілері үшін қажетті инфрақұрылымды құруға және оның жұмыс істеуіне, қалдықтарды кәдеге жарату мен қайта өңдеу үлесін арттыруға, көмуге жіберілетін қалдықтар көлемін азайтуға әкеледі. Бағдарламаны іске асыру, Сырдария ауданында және жалпы Қызылорда облысында коммуналдық қалдықтардың қоршаған ортаға теріс әсерін барынша азайтуға, сондай-ақ коммуналдық қалдықтарды басқару саласындағы Қазақстан Республикасының Стратегиялық көрсеткіштеріне қол жеткізуге ықпал ететін болады.

1.СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДАҒЫ КОММУНАЛДЫҚ ҚАЛДЫҚТАРДЫ БАСҚАРУ БОЙЫНША АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ

1.1 Коммуналдық қалдықтардың түзілу, жинау және қайта өңдеу көлемі

      ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің деректеріне сәйкес (бұдан әрі – ЭТРМ) Қазақстанда жыл сайын 4,5-5 млн. қатты тұрмыстық қалдықтар (бұдан әрі – ҚТҚ) түзіледі.

      1-кестеде соңғы үш жылдағы ҚР, Қызылорда облысы және Сырдария ауданы бойынша ҚТҚ түзілуі және қайта өңдеу көлемі бойынша деректер келтірілген.

Кесте 1. ҚР, Қызылорда облысы, Сырдария ауданы бойынша 2020-2022 жылдарға арналған ҚТҚ түзілу және қайта өңдеу көлемі

Атауы

Өлшем бірлігі

Жылдары

2020

2021

2022

1

ҚТҚ түзілу көлемі

1.1

Қазақстан Республикасы*

тонна

3 674 000

4 214 056

4 340 630

1.2

Қызылорда облысы*

тонна

117 000

116 000

164 000

1.3

Сырдария ауданы**

тонна

1 000

7 000

7 280

2

Түзілген ҚТҚ жалпы көлемінен қайта өңдеу үлесі

2.1

Қазақстан Республикасы*

%

18,3

21,1

25,4

2.2

Қызылорда облысы*

%

18

19,7

24,5

2.3

Сырдария ауданы**

%

50

12,8

12,6

      * ЭТРМ деректері

      ** Сырдария ауданының ТКШ деректері

      1-кестеге сәйкес Сырдария ауданында ҚТҚ-ның орташа жылдық түзілу көлемі 7140 тоннаны құрайды, бұл Қызылорда облысында ҚТҚ-ның жалпы түзілуінің көлемінің 5% - құрайды. ҚТҚ орта түзілуін есептеу үшін тек 2021-2022 жылдардағы деректер пайдаланылды. 2020 жылғы деректер дұрыс емес болып саналады.

      Ресми деректер бойынша Сырдария ауданында ҚТҚ өңдеудің орташа пайызы 12,7% құрайды, ал қалған қалдықтар (88%) көмуге жіберіледі. Алайда, қалдықтарды жинау мен сұрыптаумен халықты толық қамту енгізілгеннен кейін қалдықтарды қайта өңдеу үлесін есептеуді түзету қажет.

      Сырдария ауданының халқының 2022 жылғы жинау мен шығарумен қамту 18,3% құрайды. Қалдықтарды жинау және шығару үшін қалдықтарды жинау көлеміне қарай қалыптастыру жолымен есептелген. Бұл ретте халық қалдықтарын жинау және шығару тек Тереңөзек кентінде ұйымдастырылған.

      Сырдария ауданында қалдықтарды жинау және әкетумен қамту көрсеткіші өте төмен. Стратегиялық құжаттардың мақсаттарына қол жеткізу үшін барлық а/о-да ҚТҚ жинау және әкетумен қамтуды арттыру қажет.

      ҚТҚ морфологиялық құрамы

      Сырдария ауданында ҚТҚ морфологиялық құрамын зерттеу жүргізілмеген.

      2020 жылы "Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы" КЕАҚ тұрмыстық қалдықтармен жұмыс істеудің оңтайлы жүйесін анықтау жөніндегі зерттеуге сәйкес, ҚР ірі қалаларында ҚТҚ морфологиялық құрамының орташа көрсеткіштері келесі болып табылады:

      - тамақ қалдықтары - 37,2 %;

      - пластик - 16,2%;

      - макулатура - 11,1 %;

      - шыны - 8,9%;

      - тоқыма - 2,5%;

      - қара және түсті металдар - 1,8%;

      - компоненттерді алып тастағаннан кейін коммуналдық қалдықтардың қалдықтары (ұсақ құрылыс қоқыстары, тастар, көше сметалары және т.б.) – 18,2%.

      Осы зерттеуге сәйкес, көптеген қалаларда коммуналдық қалдықтардың негізгі фракциясы биологиялық ыдырайтын (тамақ) қалдықтары болып табылады.

      Ауылдық жерлердегі қалдықтардың морфологиялық құрамы қалаға қарағанда өзгеше. Ауылдық жерлерде, қалдықтардың органикалық бөлігі үй жануарларына беріледі, қағаз және картон қалдықтары, ағаш және басқа материалдар жылыту мақсатында жағылады.

      Ауылдық елді мекендер ауылшаруашылық қалдықтарының, соның ішінде жануарлардың қалдықтарының пайда болуымен ерекшеленеді. Ауылдық жерлерде қалдықтарды қайта өңдеу жүйесін дамытуға және оларды ауыл шаруашылығында және шаруашылықта егістік алқаптары үшін тыңайтқыш ретінде пайдалануға ерекше назар аудару қажет.

      Қалдықтарды басқару саласын дамыту үшін және де ҚТҚ-ның нақты құрамын анықтау үшін ұзақ мерзімді перспективада морфологиялық құрамға зерттеу жүргізу ұсынылады. Бұл зерттеу қалдықтарды басқару саласын дамытуға және ауыл шаруашылығы қалдықтарын басқарудың озық тәжірибелерін анықтауға көмектеседі.

      Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары мен тарифтері

      Сырдария ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының нормасы мәслихаттың 2022 жылғы 11 тамызында № 158 шешімімен бекітілген.

      Осы құжатқа сәйкес, жайлы және жайлы емес үй шаруашылықтары үшін бір тұрғынға шаққанда қалдықтардың орташа жылдық түзілу нормасы 0,7635 м3 құрайды.

Кесте 2. Сырдария ауданы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тариф

Атауы

Есептік бірлік

Теңге (қосылған құн салығынсыз)

Жайлы емес үйлер

1 тұрғын

138,88

Бірлік (көлем) үшін жылдық тариф

1 м3

2182,76

      Тариф Сырдария аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 маусымдағы № 114 шешімімен бекітілген.

      Қазіргі уақытта тұрғындардан бекітілген тарифке ақы жинау жүйесі жоқ. Іс жүзінде тұрғындар қалдықтарды бір рет шығару үшін 1000 теңге төлейді.

      1.2 Қолданыстағы коммуналдық қалдықтарды басқару жүйесін бағалау

      Қалдықтарды жинау, жинақтау және бөлек жинау

      Халықтың коммуанлдық қалдықтарды жинау және шығару қызметтеріне қол жетімділігі тек ірі және шағын қалаларда ғана дамыған. Ауылдық жерлерге бұл қызметтердің болмауы немесе жеткіліксіз дәрежесі тән.

      Сырдария ауданында коммуналдық қалдықтарды жинау және жинақтау келесі жолдармен жүзеге асырлады:

      Тереңөзек кентіндегі жайлы үйлерде қалдық жинау, контейнер алаңдарында орналасқан контейнерлерде жүргізіледі. Тереңөзек кентінде 20-ға жуық контейнер алаңы бар. Қатты қалдықтар күнделікті контейнерлерден уақытша қоқыс көму орындарына тасымалданады.

      Тереңөзек кентінің жеке секторында, қалдық жинау тұрғындардың шақыруы бойынша, жеке секторда орналасқан контейнерлерде немесе контейнерсіз әдіспен жүргізіледі. Жеке сектор үшін қалдық алып кетудің белгіленген уақыты және кестесі жоқ, тұрғындардың өтініші бойынша жүзеге асырылады.

      Ауданның қалған 13 ауылдық округінде қалдықтарды жинау және шығару, ұйымдастырылған түрде жүргізілмейді. ҚТҚ аулаларда жиналады, пеште жағылады және рұқсат етілмеген жерлерге шығарылады. Ауылдық округтердің әкімдіктері тоқсанына бір рет жергілікті ауыл шаруашылығы кәсіпорындарымен (күріш шаруашылығы) қалдықтарды шығаруды ұйымдастырады. Шаруа қожалықтары қалдықтарды жинау және шығару үшін көлікпен қамтамасыз етеді.

Кесте 3. Контейнер алаңдары мен контейнерлер туралы ақпарат

Атауы

Контейнер алаңдары

Контейнерлер

Тереңөзек

13

*600 дана (жайлы уйлерде 200, жеке секторда 400)

      *Тереңөзек кентінің әкімдігі ұсынған мәлімет

      Талдау нәтижелері бойынша контейнерлік алаңдарда келесі кемшіліктер анықталды:

      - инфильтраттың топыраққа енуіне ықпал ететін қатты жабынның болмауы;

      - заңнама талаптарына сәйкес, үш жағынан қоршаудың және шатырдың болмауы;

      - қалдықтарды аралас сақтау үшін ескі, тот басқан, мыжылған контейнерлерді (0,75м3) пайдалану;

      - қалдықтарды контейнерлерде шығарусыз жағу;

      - көздеген мақсатынан басқа мақсаттарда бөлек жинау үшін торлы ыдыстарды пайдалану. Және де аралас қалдықтарды сақтау жүзеге асырылады.

      Қалдықтарды бөлек жинау

      Тереңөзек кентінің контейнерлік алаңдарында 20-ға жуық пластик қалдықтарына арналған торлы контейнерлер бар. Қалжан Ахун ауылдық округінде пластик қалдықтарын жинауға арналған 10 торлы контейнер орнатылған. Торлы контейнерлерге тұрғындар қалдықтарды аралас түрде жинайды, сұрыптамайды. Тереңөзек кентінің торлы контейнерлерінен шыққан қалдықтар да уақытша көму орындарына шығарылады.

      Қалжан Ахун ауылдық округінде торлы контейнерлерінен қалдықтарды ауыл әкімдігінің күшімен уақытша көму орындарына әкетеді немесе өртейді.

      Сырдария ауданында қайталама шикізатты қабылдау пункттері жоқ.

      Сырдария ауданында ҚТҚ жинау және әкетумен қамту төмен. Тұрмыстық қатты қалдықтарды ұйымдасқан түрде жинау мен шығарудың болмауы, рұқсат етілмеген полигондардың өсуіне әкелуі мүмкін. Контейнерлік алаңдардың заңнама талаптарына сәйкес келмеуі, контейнерлердің жеткіліксіз саны және олардың тозуы, контейнерлердегі қалдықтарды жағу антисанитариялық жағдай туғызады.

      Қалдықтарды тасымалдау

      Тереңөзек кентінде жайлы үйлердің контейнерлік алаңдарынан ҚТҚ шығару және тасымалдау күн сайын таңертең қалдықтарды уақытша көму орындарына жүзеге асырылады. Тереңөзек кентіндегі жеке сектор үшін белгіленген айналма және тасымалдау кестесі жоқ. Жеке сектордан әкету, тұрғындардың шақыруы бойынша жүзеге асырылады.

      Қалған 13 ауылдық округтарда коммуналдық әкету жүзеге асырылмайды. ҚТҚ аулаларда жиналады, пеште жағылады және рұқсат етілмеген орындарға тұрғындардың өздері шығарады.

      Сырдария ауданы әкімдігінің ақпараты бойынша, аудан орталығындағы тұрмыстық қатты қалдықтарды ЖК "Бердешова" тұрғындармен және кәсіпкерлік нысандар, мекемелермен келісім шарт негізінде аулаларынан полигон аумағына тасымалдап тиісті жұмыстар атқарып келеді.

      ҚР ЭК-не сәйкес (337-бап) қалдықтарды жинау, сұрыптау және тасымалдау, қауіпті емес қалдықтарды қалпына келтіру және жою бойынша кәсіпкерлік қызметті жоспарлайтын немесе жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері қызметтің басталғаны туралы ҚР ЭТРМ-не хабарлама беруі тиіс.

      ҚР ЭТРМ тізіміне сәйкес Сырдария ауданында қауіпті емес қалдықтарды жинау және тасымалдау бойынша қызметті жүзеге асыратын екі компания жұмыс істейді: олар "AkDiEr" ЖШС және "АҚМАКО"ЖК. Бұл тізімде ЖК "Бердешова" жоқ.

      Қалдықтарды сұрыптау, қайта өңдеу

      Сырдария ауданында қоқыс сұрыптау желісі жоқ. Барлық қалдықтар сұрыптаусыз уақытша жерлеу орындарына шығарылады.

      2024-2025 жылдары Тереңөзек кентінде сұрыптау желісі бар полигон салу жоспарлануда.

      Талдау кезінде Сырдария ауданында қайталама шикізатты сұрыптауды және қайта өңдеуді жүзеге асыратын мамандандырылған кәсіпорындар анықталған жоқ.

      1-қосымшада Қызылорда қаласында ҚТҚ жинау, тасымалдау, сұрыптау және қалпына келтіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын мамандандырылған компаниялардың дерекқоры ұсынылған.

      Қалдықтарды көму

      Сырдария ауданында тұрмыстық қалдықтармен жұмыс істеудің басым әдісі оларды полигондар мен қоқыс алаңдарына көму болып табылады.

      Бүгінгі күні Сырдария ауданында коммуналдық қалдықтарды Теренөзек кенті және ауылдық округтердің әкімдігі арнайы бөлген уақытша көму орындарында жүзеге асырылады (9 уақытжа орын). Қалдықтардың таралуынан қорғау мақсатында, уақытша көму орындарының аумақтары қоршалған.

      Сырдария ауданында Тереңөзек кентіне 2024 ж. соңына дейін сұрыптау желісі бар жаңа полигон салу жоспарлануда. Полигонға жобалау-сметалық құжаттама әзірленді, оң мемлекеттік экологиялық сараптама алынды. Жоспарланған полигонның қуаты жылына 3500 тонна құрайды.

1.3 Қалдықтардың жекелеген түрлерін басқару жүйесін талдау

      Құрамында сынап бар шамдардың қалдықтары

      Сырдария ауданында құрамында сынап бар шамдарға арналған контейнерлер тек Тереңөзек кентінде бар, саны 35 дана. Бұзылған күйдегі контейнерлер жөндеуді және ауыстыруды қажет етеді. Құрамында сынап бар қалдықтардың контейнерлерін жөндеу және ауыстыру үшін Тереңөзек кентінің әкімдігі "ЭКО-Н" ЖШС-мен шартқа отырды.

      Контейнерлер пайдалануға жарамсыз болғандықтан, тұрғындар оларды пайдаланбайды. Құрамында сынап бар қалдықтар аулаларда жиналады немесе полигондарға түсіп, қоршаған ортаға зиян келтіреді.

      Қалған 13 ауылдық округтерде құрамында сынабы бар қалдықтарға арналған контейнерлер жоқ.

      Сырдария ауданы әкімдігінде аудандағы құрамында сынап бар қалдықтарды өндіру, жинау және қайта өңдеу көлемі бойынша деректер жоқ.

      ҚР "Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы" 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 541-IV Заңына сәйкес Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары халық арасында пайдалануда болған құрамында сынап бар энергия үнемдейтін шамдарды кәдеге жаратуды ұйымдастыруға жауапты.

      Электр және электрондық жабдықтардың қалдықтары

      Сырдария ауданында жеке тұлғаларда пайда болатын электр және электрондық жабдықтардың қалдықтарын басқару жүйесі жоқ.

      Жеке тұлғаларда пайда болатын жеке сектордағы электр және электрондық жабдықтардың қалдықтары аулаларда жиналады немесе қалдықтарды уақытша көму орындарына шығарылады. Жайлы үйлерден жалпы контейнерлік алаңға шығарылады.

      ҚР ЭК 365-бабына сәйкес коммуналдық қалдықтардың қауіпті құрамдас бөліктері (электр және электрондық жабдықтардың қалдықтары, құрамында сынабы бар қалдықтар, батареялар, аккумуляторлар және басқа да қауіпті компоненттер) бөлек жиналып, мамандандырылған кәсіпорындарға қалпына келтіруге берілуге тиіс.

      Сырдария ауданы әкімдігінде электр және электрондық жабдықтардың қалдықтарын жинау және кәдеге жарату көлемі бойынша деректер жоқ.

      Ірі және құрылыс қалдықтары

      Ауылдық елді мекендердің ерекшелігі-үлкен көлемді және құрылыс қалдықтары ұзақ уақыт бойы аулаларда жиналады, қайта пайдаланылады немесе стихиялық полигондарға орналастырылады.

      Тереңөзек кентінің аумағында ірі көлемді және құрылыс қалдықтары бөлек жиналмайды, оларды жинауға арналған арнайы орындар жоқ.

      Экологиялық заңнамаға сәйкес жылжымайтын объектілерді салуды немесе жөндеуді жүзеге асыратын жеке тұлғалар құрылыс қалдықтарын ЖАО ұйымдастырған арнайы орындарға өз бетінше әкетуге тиіс.

      ҚР ЭК сәйкес рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерінің түзілуін қысқарту мақсатында ЖАО Құрылыс және ірі габаритті қалдықтарды жинайтын арнайы орындарды ұйымдастырып, тасымалдау жөніндегі мамандандырылған компанияны айқындауы тиіс.

      Тамақ қалдықтары

      Іс жүзінде ауылдық жерлерде азық-түлік қалдықтары жануарларға беріледі. Сонымен қатар, көше сметалары, бақша қалдықтары, ағаш және басқа материалдар жылыту мақсатында жағылады.

      Сырдария ауданында бұл түрлермен жұмыс істеу әдістері бірдей: тамақ қалдықтары жануарларға жем ретінде пайдаланылады, бақша қалдықтары өртеу процесіне ұшырайды.

      Тереңөзек кенті жайлы секторда тамақ қалдықтарын бөлек жинау көзделмеген. Аралас тағам қалдықтары контейнерлерде жиналады. Сондай-ақ, білім беру мекемелерінің, балабақшалардың, медициналық мекемелердің және басқа да ұйымдардың тамақ қалдықтары аралас түрде уақытша көму орындарына шығарылады.

1.4 Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларға бөлінген қаражатты талдау

      Жыл сайын Сырдария ауданының қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларына жергілікті бюджеттен орта есеппен 10 млн теңге бөлінеді.

      4-кестеде соңғы 3 жылдағы шығындар көрсетілген.

Кесте 4. Сырдария ауданының қалдықтарды басқару саласындағы іс-шараларға арналған шығындар/шығыстар

Атауы

Іс жүзіндегі шығындар, мың теңге

2020

2021

2022

Құрамында сынап бар шамдарды жинау және кәдеге жарату шығындары

2 500,0

3 000,0

2 000,0

ҚТҚ жинауға арналған контейнерлерді және бөлек жинауға арналған торларды сатып алуға арналған шығындар

2 500,0

2 660,0

5 530,0

Контейнерлік алаңдарды жөндеуге арналған шығындар

-

-

-

Стихиялық полигондарды жою шығындары

4 136,5

7 234,0

1 400,0

Полигон салу шығындары

-

-

-

Барлығы

9 136,5

12 894

8 930

      Соңғы үш жылда құрамында сынап бар қалдықтарды жинауға және кәдеге жаратуға, ҚТҚ жинауға арналған контейнерлер мен бөлек жинауға арналған торларды сатып алуға және стихиялық полигондарды жою жөніндегі іс-шараларға қаржы бөлінді. Соңғы жылдары контейнерлік алаңдарды жөндеуге шығындар болған жоқ.

      2023 жылға Тереңөзек кентіне ҚТҚ полигонын салуға бюджет бекітілген болатын, 2023 ж.– 60 395, 832 мың теңге, 2024 ж. - 415 106, 406 мың теңге, құрамында сынап бар қалдықтарды жинауға және кәдеге жаратуға-1,7 млн. теңге, ҚТҚ бөлек жинауға арналған торларды сатып алуға – 4,2 млн. теңге.

1.5 2024 - 2028 жылдарға арналған коммуналдық қалдықтардың түзілу көлемін есептеу

      2028 жылға дейін коммуналдық қалдықтардың пайда болу көлемінің болжамы халықтың өсу болжамын ескере отырып жүргізілді. Сырдария ауданы тұрғындарының санының өсуін болжау үшін, Ұлттық статистика бюросының деректері пайдаланылды. Табиғи өсім аудан бойынша соңғы 3 жылдағы деректерге сүйене отырып, орташа есеппен 570 адамды құрайды.

      5-кестеде халық санының өсуін ескере отырып, қалдықтардың пайда болу болжамы келтірілген.

Кесте 5. Халқтың өсуін ескере отырып Сырдария ауданындағы коммуналдық қалдықтардың 2028 жылға дейінгі түзілу болжамы

Атауы

Халықтың нақты саны / қалдықтардың түзілуі

Халықтың жоспарланған саны / ҚТҚ түзілуі

Жылы

2020

2021

2022

2023

2024

2025

2026

2027

2028

Халық саны

38 500

38 700

37 851

38 025

38 595

39 165

39 735

40 304

40 875

Қалдықтардың түзілу нормасы, бір тұрғынға, м3

0,977*

0,7635**

ҚТҚ түзілуі, тонна

1 000

7 000

7 280

5 806

5 893

5 980

6 067

6154

6241

      *қалдықтардың түзілу нормасы - 0,977 м3/год (2018- тамыз 2022 ж.)

      ** қалдықтардың түзілу нормасы - 0,7635 м3/год (2022 ж. қыркүйегінен)

      Сырдария ауданындағы қалдықтардың нақты түзілуі 2022 жылдың тамызына дейін қолданыстағы бекітілген қалдықтардың түзілу нормаларына сәйкес келеді.

      Коммуналдық қалдықтардың түзілуінің өсу болжамын есептеу үшін қалдықтардың түзілуінің жаңа нормалары қолданылды. Есептеулер бойынша, коммуналдық қалдықтардың көлемі қалай болғанда да жыл сайын арта түсетіні анық. Бір тұрғынға шаққанда 195,4 кг/жылына қалдықтардың түзілу қарқыны кезінде қалдықтардың көлемі шамамен 8000 тоннаны құрайды, 152,7 кг/жыл болса, 2028 жылға қарай қалдықтардың көлемі жылына шамамен 6200 тоннаны құрайды.

      Бұл ретте, 2022 жылдың тамызынан бастап қолданысқа енгізілетін жаңа түзілу нормасы дұрыс есептелмегенін, олардың өте төмен екендігін атап өткен жөн. Өйткені Қазақстан Республикасындағы ауылдық елді мекендердегі қалдықтардың түзілуі бір тұрғынға орта есеппен жылына 200-250 кг құрайды. Сондықтан Сырдария ауданында қатты тұрмыстық қалдықтардың түзілу нормаларын қайта есептеу қажет.

     


      2

1 –сурет-Сырдария ауданының халқының санының өсуін ескере отырып, 2024-2028 жылдарға арналған коммуналдық қалдықтардың пайда болу болжамы

      Халық санының өсуіне байланысты экологиялық заңнаманың талаптарына сәйкес, Сырдария ауданында коммуналдық қалдықтарды басқарудың тиімді жүйесін құру жөніндегі жұмысты күшейту қажет.

1.6 Коммуналдық қалдықтарды басқару бойынша ағымдағы жағдайды талдау бойынша қорытындылар

      Сырдария ауданында коммуналдық қалдықтарды басқару бойынша ағымдағы жағдайды талдау қорытындысы бойынша, а/о халықтың коммуналдық қалдықтарды жинау және әкетумен қамтылмағаны, ауылда қалдықтардың контейнерлерде жағылатыны, қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау үшін қажетті инфрақұрылым жоқтығы, халықтың қалдықтарды басқару туралы хабардарлығының төмендігі және т.б.анықталды.

      Бағдарлама шеңберінде Сырдария ауданында экологиялық заңнаманың талаптарына сәйкес коммуналдық қалдықтарды басқарудың ұтымды және экологиялық қауіпсіз жүйелерін ұйымдастыру және келесідей проблемалық мәселелерді шешу қажет:

      - қалдықтарды жинау мен шығарудың ұйымдастырылмауы;

      - контейнерлік алаңдардың санитарлық талаптар мен нормаларға сәйкес келмеуі;

      - Тереңөзек кентінде контейнерлердің тозуы, қалдықтарды жинау үшін ескі, тот басқан, мыжылған контейнерлерді пайдалануы;

      - Тереңөзек кентінде кейбір контейнерлік алаңдарда, қайталама ресурстарды бөлек жинауға арналған контейнерлердің болмауы;

      - ҚТҚ жинау және тасымалдау үшін инфрақұрылымның болмауы (қоқыс таситын көліктер, сұрыптау желісі);

      - тұрғындарда коммуналдық қалдықтардың қауіпті құрамдас бөліктерін жинау жүйесінің болмауы (құрамында сынабы бар қалдықтар, электр және электрондық қоршау қалдықтары, медициналық қалдықтар);

      - санитарлық нормалар мен талаптарға сәйкес келетін ҚТҚ полигондарының болмауы;

      - қалдықтарды уақытша жинайтын көптеген орындардың болуы;

      - халықтың қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы хабардарлығы төмен;

      - халықтың бекітілген тарифті қолданбауы;

      - коммуналдық қалдықтарды халық пен заңды тұлғалардың рұқсатсыз орындарға бақылаусыз орналастыруы.

1.7 Коммуналдық қалдықтарды басқару секторындағы күшті және әлсіз жақтарын, мүмкіндіктері мен қауіптерін талдау

      Коммуналдық қалдықтарды басқару жүйесін объективті талдау үшін оның күшті және әлсіз жақтарын, сондай-ақ бар мүмкіндіктер мен қауіптерді нақты анықтау қажет.

Кесте 6. Күшті және әлсіз жақтарын, мүмкіндіктері мен қауіптерін талдау

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

Ауданның бағдарламалық құжаттарында нысаналы көрсеткіштер мен индикаторлардың болуы.
Сұрыптау желісі бар жаңа полигон құрылысын жоспарлау.

Қалдықтармен жұмыс істеу бойынша халықтың хабардарлығының төмендігі. ҚТҚ жинау мен әкетудің ұйымдастырылған жүйесінің болмауы.
Халық тарапынан бекітілген тариф үшін төлемнің болмауы.
Қалдықтарды қайта өңдеудің төмен үлесі
Коммуналдық қалдықтарды уақытша көму орындарының санитарлық нормалар мен талаптарға сәйкес келмеуі.

Мүмкіндіктер

Қауіптер

Жергілікті бизнесті тарту және олардың ҚТҚ жинауға және өңдеуге қызығушылығын арттыру.
Қалдықтарды басқару инфрақұрылымын дамыту үшін инвесторларды тарту. Заманауи технологиялардың, қайталама шикізаттың әртүрлі түрлерімен жұмыс істеуге арналған қондырғылардың кең ассортиментінің болуы.

Рұқсат етілмеген полигондар санын көбейту.
Қалдықтарды уақытша көму орындарының жиі жануы.
Жаңа полигонды жылдам толтыру.

      Әлсіз жақтарын жою және қауіптердің алдын алу мақсатында ҚТҚ жинау және тасымалдау жүйесінің болмауы, қалдықтарды уақытша көмудің қолданыстағы орындарының санитарлық нормаларға сәйкес келмеуі және рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерінің санын ұлғайту, халықтың хабардарлығының төмендігі және т.б. проблемаларды қамтитын көптеген мәселелерді кешенді шешу қажет.

2. ҚАЛДЫҚТАРДЫ БАСҚАРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАҚСАТЫ, МІНДЕТТЕРІ ЖӘНЕ НЫСАНАЛЫ КӨРСЕТКІШТЕРІ

2.1 Мақсаты мен міндеттері

      Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне (365-бап, 5-тармақ) сәйкес кенттердің, қалалардың, ауылдық округтердің жергілікті өзін-өзі басқару органдары коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы мемлекеттік саясатты:

      1) органикалық коммуналдық қалдықтарды бөлек жинауды және оларды қалпына келтіруді, оның ішінде компосттау жолымен ынталандыру;

      2) коммуналдық қалдықтарды жүйелі түрде шығаруды ұйымдастыру;

      3) коммуналдық қалдықтарды өңдеу кезінде экологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету;

      4) коммуналдық қалдықтарды рұқсатсыз жағудың алдын алу және жолын кесу.

      Коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру үшін Бағдарламада мақсаттар, міндеттер мен көрсеткіштер белгіленген.

      Бағдарламаның мақсаты коммуналдық қалдықтарды жүйелі түрде шығаруды ұйымдастыру және экологиялық заңнаманың талаптарына сәйкес Сырдария ауданында қалдықтарды тиімді басқару үшін қажетті инфрақұрылымды құру болып табылады.

      Бағдарламаның міндеттері:

      1. Бөлек жинауды қоса алғанда, қатты тұрмыстық қалдықтарды жинаудың, кәдеге жаратудың және қайта өңдеудің ұтымды жүйесі туралы халықтың хабардарлығын арттыру, рұқсатсыз коммуналдық қалдықтарды өртеудің алдын-алу туралы ақпараттандыру.

      2. Коммуналдық қалдықтарды тұрақты әкетуді ұйымдастыру.

      3. Коммуналдық қалдықтарды бөлек жинауды енгізу.

      4. Коммуналдық қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату жүйесін дамыту.

      5. Полигонды экологиялық тұрғыдан тиімді басқару.

2.2 Нысаналы көрсеткіштер

      Бағдарламаның мақсаты мен міндеттеріне қол жеткізу үшін нысаналы көрсеткіштерді орындау қажет. Нысаналы көрсеткіштер, Қазақстан Республикасының "жасыл экономикаға" көшуі жөніндегі тұжырымдамаға, "жасыл Қазақстан" ұлттық жобасына, Қызылорда облысының 2027 жылға дейінгі қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштеріне, Сырдария ауданының 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасына және ағымдағы жағдайға жүргізілген талдауға сәйкес белгіленген. Нысаналы көрсеткіштер Сырдария ауданында қалдықтарды жинау, қайта өңдеу және көму жүйесін жетілдіруге бағытталған (8-кесте).

Кесте 8. Сырдария ауданының қалдықтарын жинау, әкету, қайта өңдеу және көму жүйесін жетілдіруге арналған нысаналы көрсеткіштер 2024-2028 жж.

Нысаналы көрсеткіштің атауы

Нысаналы көрсеткіштің мәні

Ағымдағы жағдай (2020-2022)

2024

2026

2028

1

Бөлек жинауды қоса алғанда, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинаудың, кәдеге жаратудың және қайта өңдеудің ұтымды жүйесі туралы халықтың хабардарлығын арттыру, мың адам.

0

12

25

40

2

Орталықтандырылған жүйе шеңберінде халықтың ҚТҚ жинау және әкетумен қамту, %

18

30

80

100

3

Коммуналдық қалдықтарды бөлек жинауды енгізу:
- фракциялар бойынша, %
- қалдықтардың жекелеген қауіпті түрлеріне (Медициналық және құрамында сынабы бар, электрондық және тұрмыстық техника), %

7
-

60
60

70
70

80
80

4

ҚТҚ қайта өңдеу және кәдеге жарату үшін (түзілу көлемінен), %

12,6

16

22

27

5

Экологиялық талаптарға сәйкес ҚТҚ полигондарын (уақытша сақтау орындарын) жабу және рекультивациялау, бірл.

-

0

5

4

6

Экологиялық және санитарлық нормаларға сәйкес келетін жаңа полигондар салу

0

1

1

1

      2-қосымшада бағдарлама көрсеткіштерінің мониторингіне бірыңғай тәсілді қамтамасыз ету мақсатында, осы Бағдарламада белгіленген көрсеткіштерді айқындау әдістемесі ұсынылған.

3. БАҒДАРЛАМАНЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ, ҚОЙЫЛҒАН МАҚСАТТАРҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ ТИІСТІ ШАРАЛАР

3.1 Халықтың қатты тұрмыстық қалдықтарды жинаудың, кәдеге жаратудың және қайта өңдеудің ұтымды жүйесі туралы хабардарлығын арттыру, оның ішінде бөлек жинау

      Коммуналдық қалдықтарды басқарудың ұтымды және экологиялық қауіпсіз жүйесін ұйымдастыру үшін халықтың хабардарлығы мен қолдауы өте маңызды.

      ҚТҚ жинаудың, кәдеге жаратудың және өңдеудің ұтымды жүйесі туралы халықтың хабардарлығын арттыру ауданның жергілікті атқарушы органының құзыретінде болады. Халықпен жұмыс - ұзақ мерзімді процесс, оны тұрақты негізде жүргізу қажет.

      Осыған байланысты Сырдария ауданының әкімдігі бұл жұмысты "Қазақстан Республикасындағы үкіметтік емес ұйымдар үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға мемлекеттік тапсырыс, гранттар мен сыйлықақылар туралы" заң шеңберінде жыл сайын жүргізуі қажет. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асырудың негізгі бағыттарының бірі - ол қоршаған ортаны қорғау (5-бапқа сәйкес). Мемлекеттік гранттар, үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорына енгізілген, үкіметтік емес ұйымдарға (бұдан әрі – ҮЕҰ) конкурстық іріктеу негізінде беріледі (6-1-бап).

      ҮЕҰ ақпараттандыру жұмыстарын жүргізу кезінде коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу бойынша, халықпен ақпараттық жұмыс жоспарын әзірлейді. Мүдделі жұртшылықтың негізгі топтарына басымдық беріледі, олар:

      - білім беру мекемелері: педагогикалық құрам, техникалық персонал, оқушылар;

      - балабақшалар: тәрбиешілер мен балалар;

      - заңды тұлғалар: медициналық мекемелер, мәдениет үйлері, сауда орталықтары, дүкендер;

      - еріктілер, белсенді топтар және ҮЕҰ;

      - жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері;

      - жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін (үй шаруасындағы әйелдер, зейнеткерлер, балалар).

      Ақпараттық жұмыс жоспары мыналарды қамтуы қажет:

      - Тұрғындарды органикалық коммуналдық қалдықтарды бөлек жинауды енгізу және оларды қалпына келтіру, оның ішінде компосттау арқылы ақпараттандыру;

      - Тұрғын үйлерге тамақ қалдықтарын компосттау туралы брошюраларды тарату;

      - Коммуналдық қалдықтарды рұқсатсыз жағудың алдын алу туралы ақпарат;

      - Құрамында сынабы бар, электр және электрондық жабдықтардың қалдықтарды, жеке тұрғындарда түзілетін медициналық, құрылыс және ірі габаритті қалдықтарды жинау үшін құрылған, арнайы орындар туралы хабардар ету;

      - Жария шарттар жасасу бойынша халықты хабардар ету. Бекітілген тарифтерге сәйкес ҚТҚ жинау және тасымалдау жөніндегі қызметтер үшін ақы төлеу;

      - Жергілікті БАҚ-та қалдықтарды қауіпсіз өңдеу тәсілдері туралы жарияланымдар. Жергілікті газеттер мен журналдарда қалдықтарды басқару мәселесі және қалдықтарды дұрыс басқару талаптары туралы халықты оқытуға бағытталған мақалалар жариялау ұсынылады;

      - Мектептердегі үй қалдықтарын сұрыптау тәртібін түсіндіретін экологиялық акциялар жүргізу;

      - Халықтың экологиялық өмір сапасына қанағаттану деңгейін бағалау мақсатында жыл сайынғы әлеуметтік сауалнама жүргізу;

      - Тереңөзек кенті ҚТҚ полигонына және оқушыларға арналған сұрыптау желілеріне (іске қосылғаннан кейін) таныстыру сапарлары;

      - Кентте және ауылдық округтерде қалдықтармен жұмыс істеу қызметін насихаттау және қоғамдық бақылау мақсатында мектептерде волонтерлік клубтар құру және т. б.

      Аудан, кент және ауылдық округ әкімдігі халықтың хабардарлығын арттыруда, ақпарат таратуда және қалдықтардың пайда болуын болдырмау жөніндегі бастамаларды қолдауда, сондай-ақ қалдықтарды жинау, әкету және қайта өңдеу үшін тиісті жағдайлар жасауда түйінді рөл атқаратын болады. Барлық іс-шаралар әкімдіктің мәдениет, спорт бөлімдерімен, ТКШ, жергілікті қоғамдық бірлестіктермен және т. б. ынтымақтастықта өткізілуі тиіс.

3.2 Коммуналдық қалдықтарды тұрақты әкетуді ұйымдастыру

      Ауыл тұрғындарының коммуналдық қалдықтарды шығару бойынша тұрақты қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін мыналар қажет:

      - коммуналдық қалдықтарды жинау және әкету үшін мамандандырылған көлікті сатып алу;

      - ҚТҚ жинау және тасымалдау жөніндегі компанияларды конкурс (тендер) өткізу арқылы айқындау;

      - Жария шарттар негізінде ҚТҚ жинаудың орталықтандырылған жүйесін пайдаланатын жеке тұлғалардың бекітілген тарифтерге сәйкес, қалдықтарды тасымалдау үшін қызметтерге ақы төлеу жүйесін әзірлеу және енгізу;

      - ҚТҚ жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму тарифтерін уақтылы және экономикалық негізделген қайта қарау, индекстеу.

      Коммуналдық қалдықтарды жинау және шығару үшін мамандандырылған көлік сатып алу

      Тұрмыстық қалдықтарды жүйелі түрде шығаруды ұйымдастыру үшін (ҚР Экологиялық кодексінің 365-бабының 5-тармағы) тұрмыстық қалдықтарды жинау және шығару үшін мамандандырылған көлікті (4 бірлік) сатып алу қажет. Қалдықтармен жұмыс жасайтын кәсіпкерлік субъектілеріне қажетті инфрақұрылымды құру және оның жұмыс істеуі, жергілікті атқарушы органдарының құзыретіне жатады (ҚР экологиялық кодексінің 365-бабы).

      Қалдықтарды жинау, тасымалдау, залалсыздандыру, пайдалану және қайта өңдеу (ҚР ЭК 29 б) бойынша инфрақұрылымды әзірлеу облыстың қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шараларды жүзеге асыру шеңберінде жергілікті бюджетке жеке инвестицияларды тарту арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

      Қалдықтарды басқару саласындағы қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар жоспары ҚР ЭК 4-қосымшасына сәйкес келесі бөлімдерден тұрады:

      -Қалдықтардың кез-келген түрлерін соның ішінде иесіз жатқан қалдықтарды жинау, тасымалдау, залалсыздандыру, пайдалану және қайта өңдеу бойынша технологияларды ендіру;

      - зауыт, цех, өндірістердің құрылысы, қайта жөндеу, қондырғыларды алу және пайдалану;

      - қалдықтардың кез-келген түрлерін сақтауға арналған полигондар;

      - қалдықтарды жинау, тасымалдау, қайта өңдеу, сұрыптау, кәдеге жарату және көму бойынша;

      - екінші материалдық ресурстарды жинау және қайта өңдеу бойынша;

      - қалдықтардан пайдалы компоненттерді алу арқылы шикізат немесе дайын өнім алу бойынша (байыту қалдықтарын қайта өңдеу, үстіңгі және араласқан жыныстар, күл-қождар, металлургиялық қождар, техногенді минералдық түзілімдер).

      Қазақстан Республикасы ЭК кодексінің 29-бабына сәйкес, коммуналдық қалдықтарды жинау және шығару үшін мамандандырылған автокөліктерді сатып алу (4 бірлік көлемінде) Қызылорда облысының 2025-2027 жж табиғатты қорғау іс-шаралар жоспары аясында жүзеге асырылуы тиіс.

      Сырдария ауданында коммуналдық қалдықтарды шығаруды жүйелі түрде ұйымдастыру келесі схема бойынша ұсынылды.

      Тереңөзек кентінде ҚТҚ шығару күн сайын жүргізілуі тиіс. Бұл ретте "өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларының 58 – бабына сәйкес қалдықтарды 0оС және одан төмен температурада контейнерлерде сақтау мерзімдері – үш тәуліктен аспайды, оң температурада-бір тәуліктен аспайды.

      Сырдария ауданының басқа ауылдық округтерінен қалдықтарды бекітілген кестеге сәйкес жеке сектор көшелерін айналып өту жолымен (мысалы, аптасына бір рет) әкетілетін болады.

      Қалдықтарды уақтылы жинау мен тасымалдауды қамтамасыз ету үшін 4 бірлік көлемінде мамандандырылған көлік сатып алу қажет.

      Қалдықтарды әкетуге арналған мамандандырылған көлікпен нормативтік қамтамасыз ету 100 мың тұрғынға 20 қоқыс тасушы есебінен белгіленеді. Сырдария ауданының халқы 40 мыңға жуық, бұл шамамен 8 көлік. Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және тасымалдау бір мезгілде емес және күнделікті емес, белгіленген кесте бойынша (мысалы, аптасына бір рет) жүзеге асырылуы жоспарланғандықтан, сатып алынатын көліктер санын 4 бірлікке дейін азайту ұсынылады.

      Мамандандырылған көлікті пайдалану үшін конкурс негізінде ҚТҚ жинау және тасымалдау жөніндегі компанияны анықтап, көлік құралын басқаруға беруі қажет.

      ҚТҚ жинау және тасымалдау жөніндегі компанияларды айқындау

      ҚР ЭК 367-бабына сәйкес, ҚТҚ жинаудың орталықтандырылған жүйесін Инвестициялар және даму министрлігі "мемлекеттік сатып алу туралы" ҚР Заңының 4-тарауына сәйкес, ҚТҚ нарығына қатысушыларды айқындау бойынша конкурс (тендер) өткізу арқылы ұйымдастырады.

      Тереңөзек кентінен және ауылдық округтерден коммуналдық қалдықтарды жинау және шығару қызметтерін көрсететін кәсіпорынды таңдағаннан кейін осы қызметтерді көрсетудің жалпы ережелерін, шарттарын және кестесін белгілеу қажет.

      Экологиялық заңнаманың талаптарына сәйкес, ҚТҚ жинау және тасымалдау бойынша конкурсқа қатысушыларға мынадай ең төменгі талаптар белгіленді:

      1) Кодекстің 337-бабының талаптарына сәйкес қалдықтарды басқару саласындағы кәсіпкерлік субъектілерінің Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінде тіркелуінің болуы;

      2) Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші бойынша 38110 "қауіпті емес қалдықтарды жинау", 38210 "қауіпті емес қалдықтарды өңдеу және жою" болуы;

      3) меншігінде немесе жалға алынған спутниктік навигация жүйелерімен жабдықталған көлік құралдарының болуы;

      4) меншік және/немесе жалға алу құқығындағы көліктерді қоюға, сақтауға, оларға техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге арналған жылытылатын өндірістік жердің болуы;

      5) коммуналдық қалдықтарды шығару бойынша қызмет көрсету үшін білікті басқарушы және техникалық персоналдың болуы;

      6) ҚТҚ жинауды және тасымалдауды жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектілер қалдықтарды сұрыптау кешеніне жеткізген кезде сұрыптауды жүзеге асыратын, немесе сұрыптауды өздері жүзеге асыратын, шаруашылық жүргізуші субъектілермен келісімге отыруы қажет;

      7) қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауды және тасымалдауды жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері қауіпті емес қалдықтарды шығаруды және орналастыруды жүзеге асыратын, шаруашылық жүргізуші субъектілермен келісімі болуы керек, сондай-ақ сұрыптау кешеніне коммуналдық қалдықтардың қауіпті құрамдас бөліктерін жеткізген жағдайда кәсіпкерлік субъектілерімен шарты болуы тиіс;

      8) көмуді жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне жеткізу кезінде ҚТҚ жинауды және тасымалдауды жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері полигон операторымен қалдықтарды қабылдауға арналған шарты болуы тиіс.

      ҚТҚ жинау және әкету жөніндегі қызметтердің сапасын арттыру үшін, ұзақ мерзімді келісімшарттар жасау қажет. Ұзақ мерзімді келісімшарттар ҚТҚ жинау және әкету жөніндегі субъектілерге компанияларды дамытуға, өз қаражатын салуға мүмкіндік береді. Ұзақ мерзімді келісімшарттардың нәтижелері бойынша, орындалған жұмыстардың нәтижелерін көруге және бағалауға болады. Кем дегенде 5-10 жылға келісімшарт жасау нұсқаларын қарастыру қажет.

      Жария шарттар негізінде ҚТҚ жинаудың орталықтандырылған жүйесін пайдаланатын жеке тұлғалардың бекітілген тарифтерге сәйкес қалдықтарды тасымалдау үшін қызметтерге ақы төлеу жүйесін әзірлеу және енгізу.

      Қалдықтарды жинау және әкету жөніндегі қызметтер үшін, төлемді уақтылы жинауды қамтамасыз ету үшін, әкімдік қалдықтарды жинау және әкету жөніндегі мамандандырылған компаниямен (конкурс жеңімпазы) бірлесіп халық арасында бекітілген тарифті жинау жүйесін әзірлеп, енгізуі қажет.

      Сырдария ауданының барлық тұрғындарын тариф жинаумен қамту үшін жария оферта шартын мамандандырылған компанияның сайттарына орналастыру ұсынылады. Содан кейін, шарт негізінде төлем талонын ұсына отырып немесе басқа тәсілмен әрбір тұрғын үйді айналып өту арқылы төлем жинауды жүргізу.

      Сондай-ақ, Сырдария ауданы әкімдігіне барлық коммуналдық қызметтер үшін бірыңғай есеп айырысу-қаржы орталығын құру мүмкіндігін қарастыру қажет, бұл қаражаттың ашықтығы мен жиналуын арттырады.

      ҚТҚ жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму тарифтерін экономикалық және уақтылы қайта қарау, индекстеу

      Сырдария ауданы үшін ҚТҚ жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму тарифі 2024 жылдан бастап қолданыста (айына бір тұрғын үшін 138,88 теңге).

      Қазақстан Республкасының заңнамалық актілерінде тарифтерді қайта қарау және бекіту мерзімдері регламенттелмеген. Сол себептен көптеген қалалар мен елді мекендерде тариф 5-7 жылдан кейін қайта қаралмайды. Соның салдарынан, мамандандырылған компанияның экономикалық жағдайы нашарлайды, компаниялар шығынмен жұмыс істейді, қызметкерлердің жалақысын көтеру мүмкіндігі жоқ болады. Сырдария ауданы үшін де осындай тәуекел бар.

      2023 жылғы маусымда, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігімен және ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен бірлесіп, ҚТҚ басқару саласындағы бәсекелестікті дамыту жөніндегі жол картасы қабылданды, онда бизнес пен халық үшін әділ тарифті қалыптастыру үшін ҚТҚ жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму тарифін 2 жылда 1 рет қайта қарау қажет.

      Сондықтан бағдарлама, елдегі және аудандағы қазіргі заманғы шындықтар мен инфляциялық процестерді ескере отырып, тарифтерді уақтылы қайта қарау, индекстеу және бекіту жөніндегі шараны қамтиды.

      Тарифтерді уақтылы қайта қарау таңдалған мамандандырылған ұйымдардың қызметін теңестіруге және олардың қызметтерінің сапасына тиісті талаптар қоюға мүмкіндік береді.

3.3 Қалдықтардың бөлек жинауын енгізуі

      Бөлек жинау жүйесін енгізу үшін келесі шараларды орындау қажет:

      - қатты тұрмыстық қалдықтарды (құрғақ және дымқыл фракциялар) бөлек жинауды енгізу үшін контейнерлерді сатып алу;

      - Теренөзек кентіндегі қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға арналған контейнер алаңдарын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келтіру;

      - Тереңөзек кентіндегі құрамында сынабы бар қалдықтар үшін орналасқан контейнерлерді заң талаптарына сәйкестендіру;

      - тұрғындар түзетін ірі көлемдегі және құрылыс қалдықтарын жинау үшін арнайы орындар ұйымдастыру.

      Қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинауды енгізу үшін контейнерлерді сатып алу және орнату

      Экологиялық заңнаманың талаптарына сәйкес қалдықтарды түзілу кезінде бөлек жинау міндетті талап болып табылады. ҚР Экологиялық кодексінің 321-бабына сәйкес бөлек жинау келесі фракциялар бойынша жүзеге асырылады:

      1) "құрғақ" (қағаз, картон, металл, пластик және шыны);

      2)" Дымқыл " (тамақ қалдықтары, органикалық заттар және басқалар).

      Жергілікті атқарушы органдар (ЖАО) ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 2 желтоқсандағы № 482 бұйрығына сәйкес қалдықтарды бөлек жинау жүйесін енгізу үшін кемінде екі контейнер орнатуды қамтамасыз етеді. Контейнерлер саны халық санына қарай, қалдықтардың жинақталу нормаларына, оларды сақтау мерзімдеріне және басқа да қажетті факторларға сүйене отырып анықталады.

      Сырдария ауданы бойынша адам басына шаққандағы бекітілген орташа жылдық қалдықтардың түзілуі көрсеткіші бойынша (0,7635 м3 немесе 152,7 кг/жылына), 0,75 м3 көлемдегі контейнерді пайдалану кезінде, қажетті контейнерлер санын 9-кесте бойынша есептеуге болады.

      Ауылдық округтер бойынша бекітілген 0,7635 м3 қалдықтардың түзілі нормасына сәйкес, апта сайынғы бір реттік шығару үшін 9 аулаға 1 контейнерден белгілеу қажет. Бұл керекті контейнерлердің ең аз саны және аптасына бір реттік алып кету кезіндегі.

      Заң талаптарына сәйкес қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинауды енгізу қажет.

      Контейнерлердің ең аз саны 9-кестеде көрсетілген қалыптасу нормасына сәйкес белгіленуі керек. Контейнерлердің орнын белгілеп, шығару кестесін бекіткеннен кейін қалдықтарды шығаратын кәсіпорын контейнерлердің толтырылуын бақылауы керек, қажет болған жағдайда контейнерлер санын немесе тасымалдау санын көбейту қажет. Өйткені Сырдария ауданы бойынша бекітілген қалдықтардың түзілу нормалары өте төмен.

      Бүгінгі таңда Тереңөзек кентінде 600-ге жуық контейнер орнатылса, тұрмыстық қатты қалдықтарды бөлек жинау үшін биыл тағы 60 контейнер сатып алынды. Оның ішінде 400 контейнер жеке секторда орнатылған. Қазіргі тәжірибеге сәйкес, Тереңөзек кентінде жеке секторда 1 аулаға 1 контейнерден орнатылады. Айта кетерлігі, бұл контейнерлер тұрғындардың өз қаражатына орнатылуда.

      Тереңөзек кентінде қатты тұрмыстық қалдықтарды орталықтандырылған шығаруды ұйымдастыру үшін жеке секторда күнделікті шығару кестесімен 4 аулаға 2 контейнер (құрғақ және дымқыл фракциялар) есебінен контейнерлер орнатуды ұсынамыз.

      Контейнерлердің қажетті санының алдын ала есебі Іс-шаралар жоспарында келтірілген. Контейнерлердің нақты саны контейнерлердің орналасқан жері анықталып, шығару кестесі бекітіліп, тұрғындардың пікірі ескерілгеннен кейін нақтыланады.

Таблица 9. Сырдария ауданы бойынша қалдықтардың түзілу нормасын ескере отырып, елді мекендер үшін қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған контейнерлердің қажетті санын алдын ала есебі

Атауы

Халық саны

Аула саны

1 тұрғынға шаққандағы қалдықтардың түзілу нормасы

1 контейнер үшін аула саны

Қалдықтардық түзілуі, м3/жыл

Қалдықтардың 1 аулада түзілуі, м3/жыл

Қалдықтардың 1 аулада түзілуі , м3/күн

Қалдықтардың бірнеше аулада түзілуі , м3/күн

Қалдықтардың бірнеше аулада түзілуі , м3/апта

Әрбір елді мекендегі жалпы контейнерлер саны

Тереңөзек

11495

2544

0,7635

9

8776,4

3,4

0,009

0,085

0,595

283

А.Тоқмағанбетов

1561

283

1191,8

4,2

0,012

0,104

0,727

31

С.Сейфуллин

1623

350

1239,2

3,5

0,010

0,087

0,611

39

Қалжан-Ахун

1129

211

862,0

4,1

0,011

0,101

0,705

23

Шіркейлі

2786

523

2127,1

4,1

0,011

0,100

0,702

58

Қоғалыкөл

2506

470

1913,3

4,1

0,011

0,100

0,703

52

Амангелді

2717

530

2074,4

3,9

0,011

0,097

0,676

59

Жетікөл

676

152

516,1

3,4

0,009

0,084

0,586

17

Шаған

4545

824

3470,1

4,2

0,012

0,104

0,727

92

Інкәрдәрия

815

160

622,3

3,9

0,011

0,096

0,671

18

Ақжарма

2800

513

2137,8

4,2

0,011

0,103

0,719

57

Н.Ільясов

2250

479

1717,9

3,6

0,010

0,088

0,619

53

Бесарық

2361

442

1802,6

4,1

0,011

0,101

0,704

49

Айдарлы

1627

305

1242,2

4,1

0,011

0,100

0,703

34

Барлығы

38891

7786








865

      Қалдықтарды бөлек жинауға арналған әрбір контейнер, оның ішінде қазақ және орыс тілдерінде таңбаланатын болады:

      - қалдықтардың жиналатын түрі (фракциясы) туралы ақпараттық жазба;

      - контейнер иесі туралы деректер (атауы, телефоны);

      - контейнерге қызмет көрсететін ұйымдар.

      Түсті контейнерлерге таңбалау қолданылған жағдайда, ол қарама-қарсы түспен орындалады.

      Сондай-ақ, мамандандырылған кәсіпорындарда одан әрі қалпына келтіру үшін бөлек жиналған қалдықтарды бөлек шығаруды қамтамасыз ету қажет.

      ҚТҚ жинауға арналған контейнерлік алаңдарды санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестендіру

      Тереңөзек кентіне ҚТҚ жинауға арналған 13 контейнерлік алаң орнатылған болатын. Кейбір контейнерлік алаңдар, "өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларында белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келмейді.

      Тереңөзек кентінің әкімдігі контейнерлік алаңдарды түгендеп, жөндеуді қажет ететін алаңдардың нақты санын анықтап, алаңдарды құрғақ және дымқыл фракция үшін жеткілікті контейнерлермен қамтамасыз етуі қажет.

      Контейнерлік алаңдарды қатты жабынмен қамтамасыз ету және қалдықтарды желмен тарату мүмкіндігін болдырмау үшін, үш жағынан кемінде 1,5 метр қоршауы қажет. Контейнерлік алаңдар кемінде 25 м қашықтықта тұрғын және қоғамдық ғимараттардан орналастырылуы қажет, және де көлік үшін кірме жолдары болуы тиіс.

      Коммуналдық қалдықтардың қауіпті компоненттерін бөлек жинауды және қалпына келтіруді ұйымдастыру

      ҚР ЭК 365-бабына сәйкес, коммуналдық қалдықтардың қауіпті құрамдас бөліктері (электрондық және электр жабдықтары, құрамында сынабы бар қалдықтар, батареялар, аккумуляторлар және басқа да қауіпті компоненттер) бөлек жиналып, мамандандырылған кәсіпорындарға қалпына келтіруге берілуі тиіс.

      Құрамында сынап бар қалдықтар

      Құрамында сынап бар қалдықтарды жинау жүйесін ұйымдастыру үшін, ЖАО:

      - тұрғындарда пайда болған құрамында сынап бар қалдықтарды жинау үшін орнатылатын арнайы әмбебап контейнерлерді орнату мен оларға қызмет көрсетуді бақылау;

      - кондоминиум объектісін басқару органдарының қызметін бақылау және ұйымдастыру, олар арнайы әмбебап контейнерлерді сақтау жөніндегі шараларды қамтамасыз етуге, контейнерге қызмет көрсететін мамандандырылған кәсіпорынмен өзара іс-қимылды жүзеге асыруға, оларға еркін қол жеткізуді қамтамасыз етуге, тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізуге, контейнерге бөгде заттарды сақтауға, контейнерге бөгде жарнамаларды, хабарландыруларды және т. б. жапсыруға жол бермеуге міндетті;

      - халық үшін демеркуризациялау жөніндегі шаралар кешенін іске асыруға және құрамында сынап бар қалдықтарға арналған контейнерлерді жөндеуге (ауыстыруға) мамандандырылған кәсіпорындардың жұмыстарын сатып алу үшін қаражат бөлу жолымен халық арасында пайдалануда болған құрамында сынап бар энергия үнемдейтін шамдарды қайта өңдеуді ұйымдастыру.

      Халық үшін демеркуризация жөніндегі шаралар кешенін іске асыруға және құрамында сынабы бар қалдықтарға арналған контейнерлерді жөндеуге (ауыстыруға), мамандандырылған кәсіпорындардың жұмыстарын сатып алуға "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-тарауына және коммуналдық қалдықтарды басқару қағидаларына сәйкес конкурс (тендер) арқылы жүргізілетін болады,

      Қазіргі уақытта Тереңөзек кентіне құрамында сынап бар қалдықтарды жинауға арналған 35 арнайы әмбебап контейнер орнатылды. Бұл контейнерлер жөндеуді немесе ауыстыруды қажет етеді. Осыған байланысты 2023-2024 жылдарға арналған бекітілген бюджетке сәйкес Тереңөзек кентіне контейнерлерге жөндеу (ауыстыру) жүргізу қажет.

      Электрондық және электр жабдықтары

      ЖАО ақпараттық науқандарды, конкурстарды, дәрістерді өткізуді қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей, халықтан электр және электрондық жабдық қалдықтарын бөлек жинау үлесін ұлғайтуға бағытталған шаралар қабылдауы тиіс.

      Тұрғындардан коммуналдық қалдықтардың қауіпті құрамдас бөліктерін жинау жүйесін ұйымдастыру үшін мынадай шараларды қабылдау қажет:

      -Батареялар, электронды және электр жабдықтары сияқты қауіпті тұрмыстық қалдықтарды жинайтын стационарлық немесе жылжымалы пункттер/нүктелер құру;

      -Қалдықтарды қабылдаудың ұйымдастырылған пункттері туралы халықты хабардар етуді және олармен қауіпсіз жұмыс істеуді насихаттауды қамтамасыз ету;

      -Қалдықтарды жинауға және кәдеге жаратуға арналған шығыстардың бір бөлігін жабу мақсатында, өндірушінің кеңейтілген жауапкершілік операторының функцияларын жүзеге асыратын "Жасыл Даму" АҚ-мен ынтымақтастықты нығайту.

      Электр және электрондық жабдықтардың қалдықтарын жинау үшін стационарлық қабылдау пункттерін қарастыру қажет. Қабылдау пункттері көрсетілген тауарларды өткізуді жүзеге асыратын дүкендерде (дүкендер бөлімдерінде, сауда нүктелерінде) құрылуы мүмкін.

      Коммуналдық қалдықтардың қауіпті құрамдас бөліктерін бөлек жинауды енгізу және қайталама шикізат пункттерін құру бөлек жинау бойынша нысаналы көрсеткішке қол жеткізуге мүмкіндік береді.

      Заңды тұлғалардан коммуналдық қалдықтардың қауіпті құрамдас бөліктерін бөлек жинау және қалпына келтіру

      ҚР ЭК 365-бабына сәйкес, қызметтің түріне қарамастан, заңды тұлғаларда пайда болатын қауіпті коммуналдық қалдықтарды бөлек жинап, мамандандырылған ұйымдар (кәсіпорындар) қалпына келтіруге беруі тиіс.

      Сырдария ауданының барлық мемлекеттік мекемелері мен бюджеттік ұйымдары қауіпті қалдықтарды басқару жөніндегі қызметтерге шарт жасасуға тиіс. Тереңөзек кенті әкімдігі мен ауылдық округ әкімдіктері заңды тұлғалармен және мемлекеттік мекемелермен алдын алу жұмыстарын жүргізуі қажет.

      Органикалық коммуналдық қалдықтарды бөлек жинауды және оларды қалпына келтіруді, оның ішінде компосттау жолымен ұйымдастыру.

      Органикалық коммуналдық қалдықтарды бөлек жинауды және оларды қалпына келтіруді ынталандыру, оның ішінде компосттау жолымен аудандардың ЖАО құзыретіне жатады (ҚР ЭК 365-бабы).

      Сондай-ақ, аудандардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің ЖАО коммуналдық қалдықтарды басқару қағидаларының 19-тармағына сәйкес жеке тұрғын үй құрылысы секторында (жеке сектор) органикалық қалдықтарды компосттауды енгізу бойынша халыққа ақпараттық кампаниялар жүргізеді.

      Компосттау-бұл табиғи биологиялық ыдырауға негізделген қалдықтарды қайта өңдеу технологиясы. Осы себепті, компосттау органикалық шыққан қалдықтарды өңдеу үшін кеңінен қолданылады. Бүгінгі таңда, тамақ қалдықтарын да, бөлінбеген ағынды да компосттау технологиялары бар.

      Органикалық қалдықтарды компосттау тікелей үй шаруашылығында да, орталықтан да болуы мүмкін. Тікелей үй шаруашылықтарында, компосттау тек компост шұңқырларында немесе арнайы компост машиналарын қолдану арқылы жүзеге асырылады.

      Сырдария ауданының ерекшелігі – мал шаруашылығының органикалық қалдықтарының түзілуі. Қалдықтардың бұл түрлері әр ауылдық округтегі тұрмыстық қалдықтармен бірге уақытша қатты тұрмыстық қалдықтарды көму орындарында көміледі. Тереңөзек кентіндегі қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны компост жасайтын қондырғымен қамтамасыз етілуі керек. Органикалық қалдықтар компост алаңына тасымалданып, мұнда қордаландыру үдерісі жүргізіледі. Кейіннен мұндай компост ауыл шаруашылығы мақсаттарында және шаруашылық учаскелерінде егін алқаптары үшін тыңайтқыш ретінде және уақытша қалдықтарды сақтау орындарын қалпына келтіру үшін пайдаланылуы мүмкін.

      Биологиялық ыдырайтын қалдықтардың көп мөлшері пайда болатын және қосалқы шаруашылық бар ұйымдар мен мекемелерде (мысалы, мектептерде) компосттау жеке-жеке жүргізілуі мүмкін немесе арнайы полигонадағы алаңға жеткізілуі мүмкін.

      Сондай-ақ, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және ЖАО қызметі шеңберінде халық пен заңды тұлғалар арасында компосттауды қолдану бойынша кеңінен хабардар ету жұмыстарын жүргізу қажет.

      Халықта түзілетін ірі габаритті қалдықтар мен құрылыс қалдықтарын жинау үшін арнайы орындарды ұйымдастыру

      Қалдықтарды бөлек жинауға қойылатын талаптың 19-тармағына сәйкес, ЭГТРМ м. а. 2021 жылғы 2 желтоқсандағы № 482 бұйрығы, ЖАО жеке тұлғаларда (тұрғындарда) түзілетін құрылыс және ірі габаритті қалдықтар үшін жабыны мен қоршауы бар ауданы кемінде 12 м2 болатын орынды ұйымдастырады.

      Жылжымайтын объектілерді салуды немесе жөндеуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар қалдықтарды бөлек жинауға қойылатын талаптың 17-тармағына сәйкес, экология геология және табиғи ресурстар министрлігінің 2021 жылғы 2 желтоқсандағы № 482 бұйрығы Құрылыс және ірі габаритті қалдықтарды жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырған арнайы орындарға дербес әкетуді жүргізеді.

      Тереңөзек кенті әкімдігі мен ауылдық округ әкімдіктері бұдан әрі халықтан ірі габаритті қалдықтар мен құрылыс қалдықтарын жинау үшін арнайы ұйымдастырылған орындарды айқындауы қажет. Құрылыс және ірі көлемді қалдықтар үшін арнайы орындарды ҚТҚ полигондарына жақын орналастыруға болады.

      Құрылыс қалдықтарын жинау, әдетте, келесі әдістердің бірімен жүзеге асырылуы керек: қаптарға жинау, содан кейін оларды борттық немесе самосвалды автомобильге тиеу; қалдықтарды үйіп жинау, содан кейін борттық немесе самосвалды автомобильге қайта тиеу.

3.4 Коммуналдық қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату жүйесін дамыту

      Коммуналдық қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату жүйесін дамыту үшін мынадай іс-шаралар орындалатын болады:

      - кездесулер және т. б. өткізу арқылы мүмкіндіктер мен қызығушылықтарды анықтау бойынша жергілікті бизнес қоғамдастық өкілдерімен өзара іс-қимылды күшейту;

      -ЖАО-ның Қызылорда қаласында орналасқан қалдықтарды қалпына келтіру жөніндегі мамандандырылған кәсіпорындармен өзара іс-қимылын күшейту.

      Мүмкіндіктер мен қызығушылықты анықтау бойынша жергілікті бизнес қоғамдастық өкілдерімен өзара іс-қимылды күшейту.

      Сырдария ауданында коммуналдық қалдықтарды кәдеге жарату және қайта өңдеу жүйесін дамыту үшін, аудан аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық кәсіпорындармен өзара іс-қимылды күшейту қажет.

      ЖАО-ның бизнес бастамаларына қолдау көрсету және жәрдемдесу жергілікті жерлерде қалдықтарды қайта өңдеуді дамытуға мүмкіндік береді.

      Қалдықтарды басқару саласындағы ұсынысты талқылау, қайталама шикізат пен контейнерлерді қабылдау пункттерін орнату, инвестицияларды тарту және бөлек жиналған қайталама шикізатты, ірі габаритті қалдықтарды және құрылыс қалдықтарын, биологиялық ыдырайтын қалдықтарды, коммуналдық қызметтің қауіпті компоненттерін қайта өңдеу және кәдеге жарату жөніндегі қуаттарды құру үшін ЖАО мен бизнестің және басқа да мүдделі тараптардың өзара іс-қимылы бойынша түрлі кездесулер өткізу қажет.

      ЖАО-ның қалдықтарды қалпына келтіру жөніндегі мамандандырылған кәсіпорындармен өзара іс-қимылын күшейту

      Қалдықтарды қайта өңдеу үлесін ұлғайту үшін Тереңөзек кентінен бөлек жиналған фракциялар және ҚТҚ полигонын сұрыптау кезінде алынған қайталама шикізат (қағаз, картон, пластик, шыны және т.б.) Қызылорда қаласындағы қолданыстағы мамандандырылған кәсіпорындарға қайта өңдеу үшін жіберілуі қажет.

      Кейіннен мүдделі бизнесті тарта отырып, Сырдария ауданының өзінде алынған шикізатты дайын өнімге дейін өңдеуді ұйымдастыру және қарастыру ұсынылады.

3.5 Полигонды экологиялық тұрғыдан тиімді басқару

      Коммуналдық қалдықтарды қауіпсіз көмуді қамтамасыз ету қоршаған ортаны қорғау үшін маңызды міндет болып табылады. Өйткені, Сырдария ауданында коммуналдық қалдықтарды өңдеудің басым тәсілі оларды көму болып табылады.

      Бүгінгі күні, Сырдария ауданында коммуналдық қалдықтарды көму уақытша көму орындарында жүзеге асырылады. Сырдария ауданында барлығы 9 орын бар. Бұл орындарды кент және аулдық округ әкімдіктері арнайы бөлді. Уақытша көму орындарының аумақтары қалдықтардың таралуынан қорғау мақсатында қоршалған.

      Полигондар санын азайту және олардың экологиялық және санитарлық нормаларға сәйкестігі маңызды стратегиялық міндет болып табылады.

      Қалдықтарды уақытша орналастыру орындарының санын азайту үшін мыналар жоспарлануда:

      - Тереңөзек кентінде сұрыптау желісі бар қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын салу;

      - Іңкәрдария сияқты шалғай ауылдық округтер үшін қалдықтарды тасымалдау пункттерін құру жоспарлануда;

      - қолданыстағы қалдықтарды уақытша орналастыру орындарын жабу және біртіндеп рекультивациялау.

      Бұл шаралар Сырдария ауданында қалдықтарды басқаруды жақсартуға, қоршаған ортаның ластануын азайтуға және жер ресурстарын үнемді пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған.

      ҚТҚ полигонын салу және пайдалануға беру

      Коммуналдық қалдықтарды қауіпсіз орналастыруды қамтамасыз ету үшін Қызылорда облысының қоршаған ортаны қорғау іс-шаралар жоспары аясында Сырдария ауданында сұрыптау желісі бар, қуаттылығы төмен 3 жаңа полигон салу бойынша жұмыстар жоспарлануда.

      Тереңөзек кентіне ҚТҚ полигоны. Жаңа полигонды салу және пайдалануға беру 2024 жылға жоспарланған. Полигонның жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, оң мемлекеттік экологиялық сараптама алынды. Жоспарланған полигонның қуаттылығы жылына 3500 тоннаны құрайды. Полигон салу, Қызылорда облысының қоршаған ортаны қорғау жөніндегі 2022-2024 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары шеңберінде жоспарланған.

      Бағдарлама аясында қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарының санын азайту мақсатында Тереңөзек кентіндегі ҚТҚ полигонына келесі кенттер мен ауылдық округтерден қалдықтар жіберілетін болады:

      - Тереңөзек кенті

      - А. Тоқмағанбетов а/о (Тереңөзек кентінен 7,5 км)

      - С. Сейфуллин с/о, (Тереңөзек кентінен 5 км)

      - Қалжан ахун а/о, (Тереңөзек кентінен 8,2 км)

      Шаған а/о ҚТҚ полигоны келесі а / о қалдықтарын қамтиды (шамамен 15 700 - 16000 адам. Полигонның болжамды қуаты-жылына 2500 -3 000 тонна).

      - Шаған а / о;

      - Н. Ілиясов а/о, (Шаған а / о - дан 17,1 км);

      - Ширкейли а / о (Шаған а / о - дан 22 км);

      - Қоғалыкөл а / о (Шаған а / о - дан 31 км);

      - Ақжарма а/о (Шаған а/о - дан 21,2 км);

      - Інкәрдәрия а / о (Шаған а/о - дан 43 км).

      Амангелді а/о ҚТҚ полигоны мынадай а / о қалдықтарын қамтиды (шамамаен 7 500 адам. Полигонның болжамды қуаты-жылына 1500 тонна).

      - Амангелді а / о;

      - Жетікөл а/о, (Амангелді а/о-дан 7,4 км);

      - Бесарық а / о, (Амангелді а / о-дан 32 км);

      - Айдарлы а / о, (Амангелді а / о - дан 21 км).

     


Сурет 2. Уақытша қалдықтарды орналастыру орындарын қысқарту және қуаттылығы төмен 3 қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын салу

      Полигондар экологиялық және санитарлық нормаларды, сондай-ақ ұлттық стандарттарды ескере отырып салынуы тиіс (ҚР ЭК 350-бабы). Жаңа полигонның құрылысын, сұрыптау желісінің тиімді жұмысын жеделдету және ҚТҚ көму жөніндегі заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету қажет. Қалдықтарды уақытша көму орындарының аумақтарын ҚР ЭК талаптарына сәйкес кезең-кезеңімен қалпына келтіру қажет.

      Аз қуатты тұрмыстық қатты қалдықтарға арналған полигондарға 3696-2020 СТ талаптары;

      - көму үшін тәулігіне 50 тоннадан аз қалдықтар;

      - қайта өңдеуге (сұрыптауға) арнайы алаңдар;

      - қағаз бен картон, полиэтилен, тетрапак қалдықтарына арналған гидравликалық пресс;

      - биоыдырайтын қалдықтарды компостау алаңы;

      - қалдықтарды қайта алмайтындай көму алаңдары.

      Алыс орналасқан ауылдық округтерінде қоқыс тиеу пункттерін құру – Инкәрдәрия а/о

      Сырдария ауданында аудан орталығы Тереңөзек кентінен біршама қашықтықта орналасқан 2 ауылдық округ бар – Іңкәрдария және Амангелді.

      Коммуналдық қалдықтарды басқаруды оңтайландыру және полигондардың қажетті санын қысқарту, сондай-ақ қалдықтарды кәдеге жаратудың неғұрлым тиімді жүйесін қамтамасыз ету мақсатында Сырдария ауданының шалғайдағы ауылдық округтері үшін қоқыс тиеу пункттерін құру мүмкіндігін қарастыру қажет.

      Бұл қоқыс тиеу пункттері келесі қызметтерді атқарады:

      Қалдықтарды уақытша сақтау: олар алты ай мерзімге дейін коммуналдық қалдықтарды одан ары қарай қайта өңдеу немесе көму үшін уақытша сақтау мүмкіндігін ұсынады.

      Қалдықтарды сұрыптау: бұл пункттерде қайта өңделетін материалдарды көмуге жатқызылатын бөліктерінен бөліп алу үшін қалдықтарды сұрыптауды жүзеге асыруға болады.

      Тасымалдауды оңтайландыру: Қоқыс тиеу пункттері алыс ауылдық округтерден аудан орталығына немесе соңғы көму орындарына тасымалдау үдерісін оңтайландыруға мүмкіндік береді.

      Коммуналдық қалдықтарды уақытша көму орындарының жерлерін кезең-кезеңімен қалпына келтіру және қалпына келтіру (рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін жою).

      Жаңа полигондар салынғаннан кейін уақытша жерлеу орындары жабылып, қалпына келтірілетін болады. Аумақтың жерлерін кезең-кезеңімен қалпына келтіру және қалпына келтіру жүргізіледі.

      Рұқсат етілмеген полигондарды рекультивациялау бойынша техникалық шешімдер рекультивациядан кейін аумақтың функционалдық мақсатына және пайдаланылуына байланысты қабылданады.

      Жаңа қоқыс үйінділерінің пайда болуын болдырмау үшін Сырдария ауданындағы тұрғындарды, заңды тұлғаларды және жеке кәсіпкерді қалдықтарды жинау және тасымалдау қызметтерімен 100% қамтуды қамтамасыз ету қажет.

      Рұқсат етілмеген полигондармен проблемаларды шешу үшін "Қазақстан Ғарыш Сапары "ҰК" тіркелген барлық полигондар бойынша мұқият аудит жүргізу және оларды қалпына келтіру шараларын анықтау қажет.

      Полигонды залалсыздандырудың қолданыстағы жалпы қабылданған әдістемесі мынадай кезеңдерді қамтиды: полигонның қауіптілік дәрежесін анықтау; баламалы нұсқаларды бағалау; залалсыздандыру және рекультивациялау технологиясын әзірлеу.

4. ҚАЖЕТТІ РЕСУРСТАР

      Бағдарлама мен іс-шараларды қаржыландыру келесі есебінен болуы мүмкін:

      мемлекеттік және жергілікті бюджет;

      жеке инвестициялар;

      ӨКЖ құралдары;

      халықаралық қаржы ұйымдарының қаражаты;

      екінші деңгейдегі банктердің кредиттері және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздер.

      Ұсынылған бағдарламаны іске асыруға және белгіленген табиғат қорғау іс-шараларын орындауға арналған қаржылық шығындарды бюджет қаражаты есебінен ҚР ЭК 29-бабына сәйкес жүзеге асыру жоспарлануда. Бұл тетік осы іс-шаралар жоспарын әзірлеу және бекіту жылының алдындағы үш жыл ішінде жергілікті бюджетке түскен қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлем сомасынан кем емес көлемде қаражатты пайдалануға мүмкіндік береді.

      Бағдарламны іске асыру үшін керекті қаржыны екі кезеңге бөлуге болады. 1-кезең – 476 700 000 теңге. Бұл Тереңөзек кентінде полигон салуға қажетті бюджет Қызылорда облысының 2022-2024 жылдарға арналған табиғатты қорғау іс-шаралар жоспарына енгізілген. 2-кезең – 735 800 000 теңге. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар Қызылорда облысының 2025-2027 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау іс-шаралар жоспарына енгізілуі тиіс.

      Қалдықтарды басқару жөніндегі іс-шараларға мыналар жатады:

      - қалдықтардың кез келген түрін, оның ішінде иесіз қалдықтарды жинау, тасымалдау, залалсыздандыру, пайдалану және қайта өңдеу жөніндегі технологияларды енгізу;

      - зауыттарды, цехтар мен өндірістерді салу, реконструкциялау, қондырғыларды сатып алу және пайдалану:

      - қалдықтардың кез келген түрін сақтауға арналған полигондар;

      - қалдықтарды жинау, тасымалдау, қайта өңдеу, сұрыптау, кәдеге жарату және көму бойынша;

      - қайталама материалдық ресурстарды жинау және қайта өңдеу бойынша;

      - қалдықтардан пайдалы компоненттерді алуға байланысты шикізатты немесе дайын өнімді алу бойынша;

      - қалдықтардың түзілу және орналастыру көлемін барынша азайтуға бағытталған жабдықтар мен технологиялық процестерді реконструкциялау, жаңғырту.

5. БАҒДАРЛАМАНЫ ІСКЕ АСЫРУ МОНИТОРИНГІ

      Коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарламаның іске асырылуын бақылауды коммуналдық қалдықтарды басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға жауапты ЖАО бірінші басшысының орынбасары тұрақты негізде жүзеге асырады. Бағдарламаның іске асырылуын бақылау іс-шаралар жоспарының орындалуын мониторингтеу негізінде жүзеге асырылатын болады.

      Бағдарламаның мониторингі Бағдарламаны іске асыру туралы есепті қалыптастыру жолымен жүзеге асырылады. Есепте іске асырылған іс-шаралардың сипаттамасы, қол жеткізілген нәтижелер, оларды іске асыруға бағытталған қаржы қаражатының нақты көлемі, сондай-ақ іс-шаралардың орындалмау себептері және есепті кезеңге жоспарланған нәтижелердің болмауы баяндалады.

      Халықты және жұртшылықты ақпараттандыру мақсатында, Сырдария ауданы әкімдігінің Интернет-ресурсында бағдарламаны іске асыру туралы есептер аралық, жарты жылда бір рет ағымдағы есепті жылдың 15 шілдесіне дейін және келесі жылдың 30 қаңтарына дейін жыл сайын орналастырылатын болады. Жылдық есеп өткен жылдың қорытындысы бойынша қалыптастырылады.

6. КҮТІЛЕТІН ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘСЕР

      Бағдарламаны іске асыру Сырдария ауданының экологиялық жағдайын жақсартады және ауданның нысаналы көрсеткіштерін және коммуналдық қалдықтарды басқару саласындағы ЖАО қызметін арттырады.

      Бағдарламаны іске асыру процесінде коммуналдық қалдықтарды басқарудың тиімді жүйесін құру мақсатында мынадай шаралар іске асырылатын болады:

      Коммуналдық қалдықтарды дұрыс өңдеу туралы халықтың хабардарлығы артты;

      Коммуналдық қалдықтарды жинау және шығарумен 100% қамту;

      ҚТҚ жинау және тасымалдау компаниясы анықталады;

      Қалдықтарды бөлек жинауға арналған инфрақұрылым жаңартылды және коммуналдық қалдықтарды тасымалдау үшін мамандандырылған көлік сатып алынады;

      Заңнаманың талаптарына сәйкес келетін сұрыптау желілері бар 3 ҚТҚ полигонын салу;

      Сырдария ауданында коммуналдық қалдықтарды уақытша көму орындарының аумағын жабуды жүзеге асыру.

      Осылайша, осы бағдарлама шеңберінде іс-шаралар кешенін іске асыру Сырдария ауданында коммуналдық қалдықтарды басқарудың тиімді жүйесін құруға мүмкіндік береді, ҚТҚ жинау, сұрыптау және қайта өңдеу санын ұлғайтады және қалдықтардың қоршаған ортаға теріс әсерін барынша азайтуға мүмкіндік береді, тиісінше аудан мен облыстың нысаналы көрсеткіштерін арттырады.

      Жалпы, бағдарлама Сырдария ауданы азаматтарының өмір сүру сапасы мен жағдайын айтарлықтай жақсартуға ықпал ететін болады.

      7.БАҒДАРЛАМАНЫ ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

      Мақсаттарға қол жеткізу және міндеттерді орындау үшін бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленді, ол төменде келтірілген.

      Іс-шаралар жоспары міндеттер мен көрсеткіштер бойынша топтастырылған, мерзімдері мен жауапты орындаушылар көрсетілген. Іс-шаралар жоспары күтілетін нәтижелерге қол жеткізу мақсатында Бағдарламаның барлық жауапты орындаушыларының жұмыстарына кешенді көзқарас пен үйлестіруді қамтамасыз етеді.

      Бағдарламаға енгізілген үлгілік техникалық және жобалық құжаттаманы әзірлеуді қоса алғанда, құрылыс жөніндегі іс-шаралар энергия үнемдеуді және коммуналдық қалдықтарды басқару саласындағы қызметтің энергетикалық тиімділігін арттыруды қамтамасыз ететін ең үздік қолжетімді техникаларды пайдалануды көздеуге тиіс,

      Іс-шаралар жоспарын түзету мониторинг нәтижелері бойынша негізделген ұсыныстар болған кезде қажеттілігіне қарай жүзеге асырылады. Мониторинг нәтижелері бойынша қойылған мақсаттарға, міндеттерге және нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізу мүмкін болмаған жағдайда өзге де іс-шаралар айқындалады және анықталған проблемалық мәселелер бойынша шаралар қабылданады.

      Мониторинг нәтижелері бойынша, ТКШ бөлімі мыналарға бағытталған шешімдер шығарады:

      1) бағдарламалардың белгіленген мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу мақсатында жоспарланған іс-шараларды (өзге де іс-шараларды айқындау) іске асырудың тиімділігін арттыру;

      2) анықталған проблемалық мәселелер бойынша шаралар қабылдау.

      ТКШ бөлімі Бағдарламаның тапсырыс берушісі ретінде келесі функцияларды жүзеге асырады:

      1) бағдарламаның барлық орындаушыларының іс-қимылын үйлестіре отырып, Сырдария ауданының аумағында коммуналдық қалдықтарды басқару саласындағы міндеттерді шешуге бірыңғай орталықтандырылған кешенді тәсілді қалыптастырады және қамтамасыз етеді;

      2) бюджет қаражаты есебінен бағдарламаны іске асыруға арналған қаржылық шығындар бойынша Қызылорда облысының әкімдігімен өзара іс-қимыл жасайды;

      3) бағдарламаның іс-шараларын іске асыру мәселелері бойынша кент әкімдігімен және а/о әкімдіктерімен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;

      4) бағдарлама іс-шараларының іске асырылуына мониторингті жүзеге асырады, қоғамдық кеңестің отырыстарында талқылау үшін мониторинг нәтижелерін шығарады;

      5) бағдарламаға тиісті өзгерістер енгізу қажеттілігін негіздей отырып, іс-шараларды, нысаналы көрсеткіштерді, бағдарлама іс-шараларын іске асыруға арналған шығындарды түзетуді, оның ішінде келіп түскен ұсыныстар негізінде жүзеге асырады;

      6) бағдарлама іс-шараларының іске асырылу барысын тексеруге қатысады;

      7) бағдарламаны, сондай-ақ бағдарлама іс-шараларының іске асырылу барысы туралы ақпаратты Сырдария ауданы әкімдігінің ресми сайтында орналастырады.

Сырдария ауданынының 2024-2028 жылдарға арналған коммуналдық қалдықтарды басқару бағдарламасын іске асыру іс-шаралар жоспары

Іс-шараның атауы

Аяқтау нысаны

Орындау мерзімі

Орындауға жауаптылар

Қажетті шығындар, теңге

Қаржыландыру көздері

1

2

3

4

5

6

7

Мақсаты - коммуналдық қалдықтарды жүйелі түрде шығаруды ұйымдастыру және экологиялық заңнаманың талаптарына сәйкес Сырдария ауданында қалдықтарды тиімді басқару үшін қажетті инфрақұрылымды құру болып табылады

1-міндет. Коммуналдық қалдықтарды рұқсатсыз жағудың алдын алу, бөлек жинауды қоса алғанда, қатты тұрмыстық қалдықтарды жинаудың, кәдеге жаратудың және қайта өңдеудің ұтымды жүйесі туралы халықтың хабардарлығын арттыру

1.1

ҮЕҰ арасында халықтың хабардарлығын арттыру коммуналдық қалдықтармен экологиялық қауіпсіз жұмыс істеу бойынша Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс алуға конкурс өткізу

ҮЕҰ-мен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы шарт

2024-2026

Аудан әкімдігі

-

Жергілікті бюджет

1.2

Коммуналдық қалдықтармен экологиялық қауіпсіз жұмыс істеу бойынша халықтың хабардарлығын арттыру бойынша Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру (ақпараттық материалдарды әзірлеуді, халықпен кездесулер, акциялар, сенбіліктер, оқушылар арасында еріктілер клубтарын құруды, жергілікті БАҚ-та, әлеуметтік басылымдарда жариялауды қамтитын ақпараттық науқанды әзірлеу. сапарлар және т. б.)

Орындалған жұмыстар актісі

2024-2026

ҮЕҰ

2024
2 000 000

ҮЕҰ бөлген жергілікті бюджет шеңберінде

2026
2 000 000

1.3

Рұқсатсыз коммуналдық қалдықтарды өртеудің алдын-алу туралы ақпараттандыру

Есеп

үнемі

Аудан әкімдігі, кент әжәне а/о әкімдіктері

-

Қажет емес

2-міндет. Сырдария ауданында коммуналдық қалдықтарды тұрақты әкетуді ұйымдастыру

2.1

Коммуналдық қалдықтарды жинау және әкету үшін мамандандырылған көлікті сатып алу (4 бірлік)

Қабылдау-өткізу актісі

2025

Аудан әкімдігі

160 000 000

Республикалық бюджет

2.2

Экологиялық заңнаманың талаптарына коммуналдық қалдықтарды жинау және тасымалдау үшін арнайы кәсіпкерлік субъектілерді конкурс (тендер) өткізу арқылы айқындау

Шарт

II-тоқсан 2025

Аудан әкімдігі

-

Қажет емес

2.3

Елді мекендер тұрғындарының пікірлерін ескере отырып, қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару кестесі мен уақытын белгілеу

Шығару кестесі мен уақыты бекітілді

II-тоқсан 2025

Аудан әкімдігі,
Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауды және тасымалдауды жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері

-

Қажет емес

2.4

Жария шарттар негізінде ҚТҚ жинаудың орталықтандырылған жүйесін пайдаланатын жеке тұлғалардың бекітілген тарифтерге сәйкес қалдықтарды тасымалдау үшін қызметтерге ақы төлеу жүйесін әзірлеу және енгізу

Аудан әкімдігіне есептілік

II-тоқсан 2025

Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауды және тасымалдауды жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері

-

Қажет емес

 
2.5

Кәсіпкерлік субъектілер сайтында және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жария ұсыныс шартын орналастыру

Келісім сайтта орналастырылды

II-тоқсан 2025

Аудан әкімдігі, Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауды және тасымалдауды жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері

-

Қажет емес

2.6

ҚТҚ жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму тарифтерін уақтылы және экономикалық негізделген қайта қарау, индекстеу

Жергілікті өкілді органның шешімі

IV-тоқсан 2026

Аудан әкімдігі

1 500 000

Жергілікті бюджет

2.7

Орталықтандырылған ҚТҚ жинау және әкету жүйесін пайдалану кезінде конкурс (тендер) нәтижелері бойынша ЖАО айқындаған мамандандырылған ұйымдармен ҚТҚ тасымалдау шартын міндетті жасасу бойынша тұрғын үйлерде немесе жеке тұрған ғимараттарда қызметін жүзеге асыратын ЗТ және ЖК-мен профилактикалық жұмыс

Аудан әкімдігіне ақпарат

2024-2025

Тереңөзек кенті әкімдігі, а/о әкімдіктері,
ҮЕҰ

-

Қажет емес
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде

3-міндет. Қалдықтарды бөлек жинауды енгізу

3.1

Кент және ауылдық округтерде қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған контейнер алаңдарының орнын және санын анықтау

Есеп

2025

Тереңөзек кенті әкімдігі, а/о әкімдіктері

-

Қажет емес

3.2

*Алдын-ала есептер бойынша бөлек жинауға (құрғақ және дымқыл фракциялар) контейнерлерді сатып алу және орнату.
90 контейнер – Қалжан-Ахун, А.Тоқмағанбетов, С.Сейфуллин ауылдарына.
200 контейнер – Тереңөзек
300 контейнер – Шаған, Шіркейлі, Н.Ілиясова, Ақжарма, Қоғалыкөл, Іңкәрдария
150 контейнер – Аманкелді, Бесарық, Айдарлы, Жетікөл
*Нақты контейнер саны, контейнерлер алаңдарын анықтау кезінде тұрғындар мен ҚТҚ шығаратын субъектілерінің пікірлерін ескере отырып, анықталуы қажет.

Қабылдау-өткізу актісі

2024-2027

Тереңөзек кенті әкімдігі, а/о әкімдіктері

2024 г.- 90 контейнер
6 300 000
2025 г.-200 контейнер Теренозек
14 000 000
2026 г. - 300 контейнер
21 000 000
2027 г. – 150 контейнер
10 500 000

Жергілікті бюджет

3.3

Теренөзек кентіндегі қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға арналған контейнер алаңдарын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келтіру (13 контейнер алаңы)

Қабылдау-өткізу актісі

2024

Тереңөзек кентінің әкімдігі

2 000 000

Жергілікті бюджет

3.4

**Тереңөзек кентіндегі құрамында сынабы бар қалдықтар үшін орналасқан контейнерлерді заң талаптарына сәйкестендіру

Есеп

2024

Тереңөзек әкімдігі

**1 700 000

Жергілікті бюджет

3.5

Заңды тұлғаларды коммуналдық қалдықтардың қауіпті компоненттерін жинауға және шығаруға міндетті шарт жасасу туралы ақпараттандыру

Есеп

үнемі

Аудан әкімдігі және а/о әкімдіктері

-

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде

3.6

Органикалық коммуналдық қалдықтарды бөлек жинауды және оларды қалпына келтіруді, оның ішінде компосттау жолы туралы халықты хабарландыру

Есеп

2024-2026

ЖАО, ҮЕҰ

-

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде

3.7

Тұрғындар түзетін ірі көлемді және құрылыс қалдықтарын жинау үшін арнайы орындар ұйымдастыру

Есеп

2024-2025

ЖАО, ҮЕҰ

-

Қажет емес

4-міндет. Коммуналдық қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату жүйесін дамыту

4.1

Кездесулер және т. б. өткізу арқылы мүмкіндіктер мен қызығушылықтарды анықтау бойынша жергілікті бизнес қоғамдастық өкілдерімен өзара іс-қимылды күшейту.

Аудан әкімдігіне есеп

2024-2025

Аудан әкімдігі, Тереңөзек кенті әкімдігі, а/о әкімдіктері

-

Қажет емес

4.2

Кездесулер және т. б. өткізу арқылы ЖАО-ның Қызылорда қаласының қалдықтарын жинау, сұрыптау және қалпына келтіру жөніндегі мамандандырылған кәсіпорындармен өзара іс-қимылын күшейту.

Аудан әкімдігіне есеп

2024-2025

Аудан әкімдігі, Тереңөзек кенті әкімдігі, а/о әкімдіктері

-

Қажет емес

4.3

Сырдария ауданындағы қатты тұрмыстық қалдықтардың құрамына морфологиялық талдау жасау

Есеп

2028

Аудан әкімдігі

3 000 000

Жергілікті бюджет

4.4

Ауылдық елді мекендердің қалдықтарын өңдеуге немесе орналастыруға арналған жабдықтар мен қондырғыларды талдау мен зерттеулер.

Есеп

2026-2027

Аудан әкімдігі

-

Қажет емес

4.5

Теренозек кентіне қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының компосттау алаңында органикалық қалдықтарды компосттау қондырғысын сатып алу.

Пайдалануға беру актісі

2028

Аудан әкімдігі

7 500 000

Жергілікті бюджет

5-міндет. Полигондарды экологиялық тұрғыдан тиімді басқару

5.1

**Тереңөзек кентінде полигон салу және пайдалануға беру

Пайдалануға беру актісі

2024-2025

Аудан әкімдігі

**475 000 000

Республикалық бюджет

5.2

Шаған а/о полигон салу және пайдалануға беру

Пайдалануға беру актісі

2027-2028

Аудан әкімдігі

300 000 000

Республикалық бюджет

5.3

Амангелді а/о полигон салу және пайдалануға беру

Пайдалануға беру актісі

2027-2028

Аудан әкімдігі

200 000 000

Республикалық бюджет

5.4

Шалғайдағы ауылдық округтер үшін қалдықтарды тасымалдау пунктін құру - Іңкәрдәрия

Пайдалануға беру актісі, есеп

2027-2028

Аудан әкімдігі, Инкәрдәрия а/о әкімдігі

2 000 000

Жергілікті бюджет

5.5

Қалдықтарды уақытша көму орындарының жерлерін кезең-кезеңімен қалпына келтіру және қалпына келтіру (рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін жою)

Қабылдау комиссиясының актісі

2027-2028

Аудан әкімдігі, а/о әкімдіктері

4 000 000

Жергілікті бюджет

      ** Қажетті қаржы Қызылорда облысы бойынша қоршаған ортаны қорғау бойынша 2022-2024 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына енгізілген.

  Қосымша 1

Қызылорда қаласының аумағында ҚТҚ жинауды, сұрыптауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, көмуді жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерінің, ҚТҚ нарығына қатысушылардың деректер базасы, сондай-ақ осы субъектілердің ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі реестрінде болуы

Атауы

Саласы

Қала

АЖТ

Мекен жай

Телефон

Е-mail

Экология министрлігінің реестрінде болуы

1

"ТемірЖас-Group" ЖШС

Қауіпсіз және құрамында мұнай бар қалдықтарды жинау және кәдеге жарату
• Шиналар мен автопокрышкаларын кәдеге жарату • Аккумуляторларды кәдеге жарату
• Қолданылған майлар • Металл сынықтары • Өнеркәсіптік құрылыс қалдықтары • Пайдаланылған қаптама • Мұнай өнімдерінің қоспалары мен эмульсиялардың қалдықтары • Лак-бояу материалдарының қалдықтары • Пестицидтерге, дезинфекциялауға және жуғыш заттарға арналған пластик, пластик ыдыстар • Бояу материалдарымен, мұнай өнімдерімен, химиялық реагенттермен ластанған металл ыдыстар • Тұтыну қасиетін жоғалтқан тұрмыстық техника, оргтехникасы • Медициналық қалдықтар (В, С класы).

Кызылорда қ

Басшы Керимбердиев Нурлан Жасаралович

Кызылорда-Кумколь Трассасы 116 км.

8 (747) 561-02-10 8 (777) 561-02-10

temirjas@​mail.​ru

Бар

2

 "AkDiEr" ЖШС

• Қалдықтарды қайта пайдалану; • Қалдықтарды тасымалдау; • Резервуарды, бөшкелерді тазалау; • Металл сынықтарын жинау және кәдеге;

Кызылорда қ.

Басшы Шагатаева Айдана Болатбековна

Желтоксан, 11е, 1Б

8 (7242) 702-500 8 (702) 800-60-50

too_akdier@​mail.​ru

Бар

3

"EcoOil Group" ЖШС

Қауіпсіз қалдықтарды жинау

Кызылорда қ.

Басшы Куанышбаев Кайрат Балтабекович

Хон Бен До, көш, 150 үй

8(777)256-44-11


Жок

4

"Серпін LTD" ЖШС

Қалдықтарды жинау, өңдеу, жою және кәдеге жарату

Кызылорда қ.

Басшы Данышманов Береке Ишенбаевич

Коркыт Ата көш., 257



Бар

5

"Ком хоз Жаңақорған" ЖШС

Қауіпті және қауіпсіз қалдықтарды жинау

Кызылорда қ.

Басшы Садвакасов Нурлан Шамшидинович

Жанакорган ауылы, Курмангазы көш., 25 үй

87781423316


Жок

6

"Барша-К" ЖШС

Қалдықтарды жинау мен бөлуді бақылау

Кызылорда қ.

Басшы Султанов Мухамед Абусагатович

Шевченко көш., 64

275062

muha_sul@​mail.​ru

Бар

7

"Тандем Петролеум" ЖШС

Қалдықтарды жинау мен бөлуді бақылау

Кызылорда қ.

Басшы Оспанов Жанболат Амантаевич

Микрорайон Саулет, Жетибай Ондирбаев көш., 15

87021115444 87053589846

aitbay.​sei​duld​ayev@​mail.​ru tandem.​pet​role​ym@​mail.​ru

Бар

8

"Gangnam Service" ЖШС

Рекультивация және басқа да қалдықтарды жою жөніндегі қызметтер

Кызылорда қ

Басшы Жумаев Азизхан Бахытович

мкр. Астана 11

270173, 27-27-90

abzal22-79@​mail.​ru

Жок

9

"Куанышбек" ЖШС

Қалдықтарды жинау және сұрыптау

Кызылорда қ.

Басшы Мадинова Зоя

Арал ауданы, г.Аральск, Айманова 21 А


tookuanyshbek@​mail.​ru

Бар

10

"Тимур company" ЖШС

Құрамында мұнай бар қалдықтарды кәдеге жарату

Кызылорда қ.

Басшы Бельгибаев Сергей Олегович

Хон Бом До 20

87242259192


Жок

12

"ММБ-МЕТАЛЛ" ЖШС

Металды қабылдау және өңдеу. Қара және түсті металл сынықтарын қабылдау

Кызылорда қ.


Кирпично-Заводская көш., 2



Жок

13

"Smart Rubber" ЖШС

Шиналарды кәдеге жарату

Кызылорда қ.

Акпанбетов Серик Абдрахманович

Каратогай көш., 43

8 (707) 250-00-87 8 (701) 250-00-87


Жок

14

"Карахани-2010" ЖШС


Кызылорда қ.

Жумаев Азизхан Бахытжанович


87013341244


Бар

  Қосымша 2

Сырдария ауданының коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі 2024-2028 жылдарға арналған бағдарламасының көрсеткіштерін айқындау әдістемесі

Нысаналы көрсеткіштің атауы

Нысаналы көрсеткіштерді қалыптастыру кезеңділігі мен мерзімдері

Негіздеме

Есептеу әдістемесінің сипаттамасы

1

Халықты ҚТҚ жинау және әкетумен қамту

Бағдарлама бекітілген сәттен бастап бір жыл өткен соң.

Көрсеткіш ҚР-ның Жасыл экономикаға көшуі жөніндегі Тұжырымдамаға сәйкес келеді және ҚТҚ жинау және әкету жөніндегі қызметтерге қолжетімділігі бар халықтың үлесін айқындау үшін қажет.

Көрсеткішті тұрғындардың санын (адамдар санын) берілген шоттарға сәйкес жалпы аудан халқының санына бөлу арқылы алуға болады.

2

Бөлек жинауды қамту (Халық немесе аудан):
- фракциялар бойынша
- қалдықтардың жекелеген қауіпті түрлеріне (Медициналық және құрамында сынап бар, электр және электрондық жабдықтардың қалдықтары)

Бағдарлама бекітілген сәттен бастап бір жыл өткен соң

Көрсеткіш "жасыл Қазақстан" ұлттық жобасына сәйкес келеді.

Көрсеткіш жеке жиналған ҚТҚ құрғақ фракциясының (пластик, картон және қағаз қалдықтары, шыны, металл банкалар) санын тоннамен ҚТҚ (коммуналдық қалдықтар) түзілуінің жалпы санына тоннамен бөлу арқылы қалыптастырылады, нәтижені пайызбен көрсетеді.
Қалдықтардың жекелеген қауіпті түрлері бойынша көрсеткіш, сондай-ақ бөлек жиналған қауіпті қалдықтардың (РСО, ЭЭО және медициналық) мөлшерін ҚТҚ морфологиялық құрамын негізге ала отырып , нәтижені пайызбен көрсете отырып, қауіпті қалдықтардың түзілуінің жалпы есептік көлеміне бөлу жолымен қалыптасады.

3

ҚТҚ қайта өңдеу және кәдеге жарату үшін (түзілу көлемінен)

Бағдарлама бекітілген сәттен бастап бір жыл өткен соң.

Көрсеткіш ҚР-ның "жасыл" экономикаға көшуі жөніндегі тұжырымдамаға және "Жасыл Қазақстан" ұлттық жобасына сәйкес келеді.

Көрсеткіш қаланың барлық қайта өңделген және қайта пайдаланылған қатты тұрмыстық қалдықтарының (коммуналдық қалдықтардың қауіпті құрамдас бөліктерін қоса алғанда), оның ішінде полигонда сұрыпталған бөлек жиналған қалдықтардың және қайталама ресурстардың санын ауданда пайда болған барлық қатты тұрмыстық қалдықтардың (коммуналдық қалдықтардың) жалпы санына бөлу арқылы алынады, нәтижені пайызбен көрсетеді.

4

Экологиялық талаптарға сәйкес ҚТҚ полигонын жабу және рекультивациялау

Бағдарлама бекітілген сәттен бастап бір жыл өткен соң.

Көрсеткіш ҚР-ның жасыл экономикаға көшуі жөніндегі Тұжырымдамаға сәйкес келеді

Көрсеткіш рекультивация және жою жұмыстары аяқталған объектілердің санын болжайды.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады