Жоғары білімі бар кадрларды даярлауға 2024 - 2025 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2024 жылғы 19 шілдедегі № 122 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңының 6-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің "Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге және қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы" 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 13418 болып тіркелген) сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес жоғары білімі бар кадрларды даярлауға 2024-2025 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.

      2. "Маңғыстау облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Маңғыстау облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары З.Т. Есбергеноваға жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Маңғыстау облысының әкімі Н. Қилыбай

  Маңғыстау облысы әкімдігінің
  2024 жылғы "19" шілдедегі
  № 122 қаулысына
  қосымша

Жоғары білімі бар кадрларды даярлауға 2024-2025 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы (жергілікті бюджет есебінен)

Білім беру саласының коды және атауы

Даярлау бағытының коды және атауы

2024-2025 оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырыс көлемі

Оқу жылы/ жылына 1 студентті оқытуға жұмсалатын орташа шығыстар (мың теңге)

ерекше мәртебесі бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары

басқа жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары

1

6B02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар

 
6В021 Өнер

21

1 209,3

1 055,9

2

6B07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары

6В071 Инженерия және инженерлік іс

1

1 111,4

1 009,6

6В073 Сәулет және құрылыс

1

1 111,4

1 009,6

3

6B08 Ауыл шаруашылығы және биоресурстар

6B081 Агрономия

3

933,6

831,8

6B083 Орман шаруашылығы

3

933,6

831,8

6B084 Балық шаруашылығы

2

933,6

831,8

6B086 Су ресурстары және суды пайдалану

1

933,6

831,8

6В087 Агроинженерия

2

933,6

831,8

4

6B10 Денсаулық сақтау

6B101 Денсаулық сақтау

140

1 230,7

1 218,3

5

6B11 Қызмет көрсету

6B113 Көлік қызметтері

1

905,8

803,9


Барлығы


175




Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады