Маңғыстау облысы әкімдігінің 2022 жылғы 29 маусымдағы № 100 "Жергілікті бюджетке түсетін түсімдерді болжау қағидаларын бекіту туралы" қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2024 жылғы 10 қазандағы № 203-1 қаулысы

      Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1."Жергілікті бюджетке түсетін түсімдерді болжау қағидаларын бекіту туралы" Маңғыстау облысы әкімдігінің 2022 жылғы 29 маусымдағы № 100 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

      мынандай мазмұндағы 3.1.7-1) бөлігімен толықтырылсын:

      "3.1.7-1) Тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем

      35.1 Тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем түсімдерінің болжамы орташа есептеу әдісімен мынадай формула бойынша айқындалады:

      Piб = Piбағ. * Trорт., мұндағы:

      Piб – тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемнің болжамды сомасы;

      Piбағ. – ағымдағы қаржы жылы бойынша тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемді бағалау;

      Trорт. – үш жылдағы орташа өсу қарқыны, %,

      бұл ретте:

      Trорт. = (Trесеп(1жыл) + Trесеп(2жыл) + Trесеп(3жыл))/3, мұндағы:

      Trесеп(1жыл) – бірінші жылғы тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем түсімдерінің өсу қарқыны, %;

      Trесеп(2жыл) – екінші жылғы тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем түсімдерінің өсу қарқыны, %;

      Trесеп(3жыл) – үшінші жылғы тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем түсімдерінің өсу қарқыны, %.";

      3.1.9 - тармақша жаңа редакцияда жазылсын:

      "3.1.9 Жергілікті бюджетке есептелетін төлемақылар мен алымдар

      37. Облыстың бюджетіне есептелетін төлемдер мен алымдарға мыналар жатады:

      жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы;

      орманды пайдаланғаны үшiн төлемақы;

      жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы;

      жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы;

      жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы;

      қоршаған ортаға жағымсыз әсер еткені үшін төлемақы;

      өсімдіктер дүниесін арнайы пайдалану тәртібімен өсімдік ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы;

      жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін алым (жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға арналған лицензияларды бергені үшін алым);

      сыртқы (көрнекі) жарнаманы республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумақтары арқылы өтетін жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде орналастырғаны үшін төлемақы;

      сыртқы (көрнекі) жарнаманы облыстық маңызы бар қаладағы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, облыстық маңызы бар қаланың аумағы арқылы өтетін жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастырғаны үшін төлемақы;

      Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені немесе ұзартқаны үшін алым;

      қызметтің жекелеген түрлерiмен айналысуға лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақы;

      коммерциялық ұйымдарды қоспағанда, заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін мемлекеттік (есептік) тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін алым;

      жылжымалы мүлік кепілін және кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркегені, сондай-ақ әуе кемесін тіркеуден алып тастауға және әкетуге кері қайтарып алынбайтын өкілеттікті мемлекеттік тіркегені үшін алым;

      көлік құралдарын мемлекеттік тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін алым.".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары А.Ж. Өрісбаевқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Маңғыстау облысының әкімі Н. Қилыбай

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады