Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 69-бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, Жаңаөзен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Aksu KMG" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне талшықты оптикалық байланыс желілерін жүргізу үшін, жалпы көлемі 13,1258 гектар жер учаскесін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай 2027 жылдың 31 қаңтарына дейін қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Жаңаөзен қалалық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (О. Едигеев) осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Н. Худибаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Ж. Қайнарбаев |