Жария сервитут белгілеу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 4 шілдедегі № 157 қаулысы. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы әкімдігінің 18 қарашадағы 2024 жылғы № 299 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы әкімдігінің 18.11.2024 № 299 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17, 69, 71-1 – баптарына сәйкес және Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі берген 2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 183-ЖҚГЗ Жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған лицензиясы негізінде Бейнеу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "KMG Barlau" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу үшін Бейнеу ауданы, Болашақ учаскесінде орналасқан алаңы 163348,0 гектар жер учаскесіне меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймастан 2025 жылғы 21 желтоқсанына дейінгі мерзімге жария сервитут белгіленсін.

      2. "Бейнеу аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      осы қаулыны ресми жариялауға жіберуді;

      Бейнеу ауданы әкімі аппаратының ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Бейнеу ауданының әкімі Р. Шалбаев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады