Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Құрық ауылы әкімінің 2024 жылғы 6 ақпандағы № 38 шешімі

Қауымдық сервитут белгілеу туралы

      Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 19, 69 баптарына cәйкес, Құрық ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Құрық ауылы жерінен жалпы көлемі 13,3862 гектар жер учаскесін "Ak Su KMG" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне әуе электр желісін салу үшін жер пайдаланушылардан алып қоймай 3 (үш) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Құрық ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялануға жіберуді;

      2) осы шешімнің оны ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Қарақия ауданы әкімдігінің интернет – ресурстарына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Әкім Ғ. Салихов

  Шешімге қосымша

Қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізімі

Жер учаскелері берілетін жердегі жер пайдаланушылардың атаулары мен жер санаттары

Қауымдық сервитут белгілеу көлемі, га

I

Құрық ауылының жері

13,3862

II

Босалқы жер

82,1254

1

Джумабаев Букенбай (13197017523)

8,0532

2

Исатаева Гульмира (13197017523)
"Ер-Кыдыр" ш/қ

1,2881

3

Асылбек ш/қ (13197017083)

6,9399

4

Сақтағанов Бөкенбай
"Жанболат" ш/қ (13197017942)

18,5810

5

Жылкыбаев Бегадил (13197017668)

3,3286

6

Айтешов Аскар
Айтешова Нурсулу (13197017344)
Айтешов Есбол

10,8347

7

Салихов Калыбек "Бастау" ш/қ (13197017336)

2,4222

8

Темирханов Сансызбай (13197017660)

6,9165

9

Сайынов Берік (13197017220)

26,1282

10

Нурманова Роза (13197017677)

4,0834

Барлығы:

184,0874


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады