Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Құрық ауылы әкімінің 2024 жылғы 30 сәуірдегі № 93 шешімі

      Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 19, 69 баптарына cәйкес, Құрық ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Құрық ауылы, "Тоқымақ" жерінен жалпы көлемі 27,3038 гектар жер учаскесін "СМК Атамекен" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне электр беру желісін салу үшін жер пайдаланушылардан алып қоймай 1,5 (бір жарым) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Құрық ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялануға жіберуді;

      2) осы шешімнің оны ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Қарақия ауданы әкімдігінің интернет – ресурстарына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Әкімнің м.а Қ.Айтбаев

  Құрық ауылы әкімінің
  2024 жылғы 30 сәуірдегі
  №93 шешіміне қосымша

Қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізімі

Жер учаскелері берілетін жердегі жер пайдаланушылардың атаулары мен жер санаттары

Қауымдық сервитут белгілеу көлемі, га

I

Құрық ауылының жері

24,0505

1

"Aksu KMG" ЖШС (131970171037)

0,5022

2

ПК "Толкын" (131970171041)

2,7511

Барлығы:

27,3038


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады