Мәслихаттың 2023 жылғы 7 маусымдағы № 28 "Қостанай облысы елді мекендерінің жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғаудың қағидаларын бекiту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы мәслихатының 2024 жылғы 12 шілдедегі № 149 шешімі

      Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қостанай облыстық мәслихатының "Қостанай облысы елді мекендерінің жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғаудың қағидаларын бекiту туралы" 2023 жылғы 7 маусымдағы № 28 шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасында:

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Жасыл екпелерді құру, күтіп-ұстау және қорғау жөніндегі шаралар";

      26-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "26. Жасыл екпелерді құру, күтіп ұстау және қорғау өзара байланысты жұмыстардың мынадай кешендеріне бөлінеді:

      1) ағаштарды, бұталарды, көпжылдық гүлдер мен бұталы қоршауды үш жылдық күтіммен (қажет болса топырақты ауыстыру арқылы) отырғызу;

      2) бір жылдық гүлзарлар мен көгалдардың құрылысы;

      3) ағаштарды кесу, қайта отырғызу;

      4) үш жылдық күтімімен ағаштарды өтемдік отырғызу;

      5) жасыл екпелерді күтіп-ұстау (жасыл екпелерді күту және оларға қызмет көрсету);

      6) жасыл екпелерді мониторингтеу, түгендеу.";

      мынадай мазмұндағы 26-1-тармақпен толықтырылсын:

      "26-1. Жасыл екпелерді күтіп-ұстау (жасыл екпелерді күту және оларға қызмет көрсету) келесіні қамтиды:

      ағаштардың діңгек қуысын орнатумен және оларды қопсыту және арамшөптерден тазарту;

      ағаш діңін ақтау;

      бұталы қоршауды кесу, ағаштардың діңін көтеру, өскінді алып тастау;

      шөп шабу, арамшөптерді жою;

      жасыл екпелерді қымтау (ағаштар, бұталар, көпжылдық гүлдер);

      бүкіл вегетациялық кезеңде жасыл екпелерді суару;

      ағаш тәжін тәждеу;

      ағаштардың тәжін қалыптастыру;

      қаңқа және жартылай қаңқа бөліктерін сақтай отырып, ағаш-бұта өсімдіктерінің биологиялық ерекшеліктеріне сүйене отырып жасартатын кесу;

      апатты, қураған ағаштар мен бұталарды санитарлық кесу, діңгектерді тамырымен жұлу;

      тыңайтқыштарды қолдану;

      жасыл екпелердің зиянкестерімен және ауруларымен күресу;

      қуыстарды тазалау және пломбалау, аралау орындарын өңдеу.";

      58-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "58. Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзудан келтірілген залалдың мөлшерін "Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзудан келтірілген залалдың мөлшерін есептеуге арналған базалық ставкаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 22 қыркүйектегі № 265 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзудан келтірілген залалдың мөлшерін есептеуге арналған базалық ставкаларға (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33476 болып тіркелген) сәйкес уәкілетті орган есептейді.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облыстық мәслихатының төрағасы С. Ещанов

      Келісілді

      "Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сактау министрлігінің

      Санитариялық -

      эпидемиологиялық бақылау

      комитеті Қостанай облысының

      санитариялық- эпидемиологиялық

      бақылау департаменті"

      республикалық мемлекеттік

      мекемесінің (РММ) басшысы

      _________________ Е. Дәулетбаев

      2024 жылғы "___" _____________

      "Қазақстан Республикасы

      Экология және табиғи ресурстар

      министрлігінің Экологиялық

      реттеу және бақылау комитеті

      Қостанай облысы бойынша

      экология департаменті" РММ

      басшысы

      ___________________ Т. Сәбиев

      2024 жылғы "___" ___________

      "Қазақстан Республикасының Ішкі

      істер министрлігі Қостанай

      облысының Полиция

      департаменті" мемлекеттік

      мекемесінің (ММ) бастығы

      _________________ Е. Файзуллин

      2024 жылғы "___" _____________

      "Қостанай облысы әкімдігінің

      құрылыс, сәулет және қала

      құрылысы басқармасы" ММ

      басшысы

      _______________ Д. Ихласова

      2024 жылғы "___" _________

      "Қостанай облысы әкімдігінің

      энергетика және тұрғын

      үй - коммуналдық шаруашылық

      басқармасы" ММ басшысы

      _________________ Д. Асқаров

      2024 жылғы "___" __________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады