Жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 12 ақпандағы № 212 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабының 5-1 тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, "Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің 2023 жылғы 30 қазандағы № 942, № 943, № 944, № 945 бұйрықтарымен бекітілген жерге орналастыру жобалары негізінде Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне елді мекендердің жері санатынан осы қаулының қосымшасына сәйкес жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім М. Жүндібаев

  Әкімдіктің
  2024 жылғы 12 ақпандағы
  № 212 қаулысына
  қосымша

"Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі

      1) Қостанай қаласы, Абай даңғылы, 2 А мекенжайында орналасқан жер учаскесі, жалпы алаңы 0,5276 гектар, электрмен жабдықтаудың желілерін жүргізу үшін;

      2) Қостанай қаласы, индустриялық аймаққа қарама-қарсы мекенжайында орналасқан жер учаскесі, жалпы алаңы 0,3262 гектар, Қостанай қаласында 1000 басқа арналған сүт-тауар фермасына инженерлік коммуникацияларды (электрмен жабдықтау) жүргізу үшін;

      3) Қостанай қаласы, индустриялық аймаққа қарама-қарсы мекенжайында орналасқан жер учаскесі, жалпы алаңы 0,5118 гектар, Қостанай қаласында 1000 басқа арналған сүт-тауар фермасына инженерлік коммуникацияларды (канализация) жүргізу үшін;

      4) Қостанай қаласы, индустриялық аймаққа қарама-қарсы мекенжайында орналасқан жер учаскесі, жалпы алаңы 0,4879 гектар, Қостанай қаласында 1000 басқа арналған сүт-тауар фермасына инженерлік коммуникацияларды (су құбыры) жүргізу үшін.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады