Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабының 5-1-тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, "Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы 17 маусымдағы № 270, № 272, № 273 бұйрықтарымен бекітілген жерге орналастыру жобалары негізінде Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Қостанай қаласы әкімдігінің "Қостанай-Су" мемлекеттік коммуналдық кәсірорнына елді мекендердің жері санатынан осы қаулының қосымшасына сәйкес жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | М. Жүндібаев |
Әкімдіктің | |
2024 жылғы 18 шілдедегі | |
№ 1236 қаулысына | |
қосымша |
"Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Қостанай қаласы әкімдігінің "Қостанай-Су" мемлекеттік коммуналдық кәсірорнына қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі
1) Қостанай қаласы, Карбышев көшесі бойынша "Г" шағын ауданы, жалпы алаңы 1,0601 гектар, ұзындығы 1,06 км "Қостанай қаласы, Карбышев көшесі бойынша "Г" шағын ауданындағы су құбырлары желілері" объектісі бойынша коммуналдық желілерге қызмет көрсету үшін;
2) Қостанай қаласы, Фролов көшесі бойынша, "Г" шағын ауданы, жалпы алаңы 1,2763 гектар, ұзындығы 1300 п/м "Коллекторы шығатын Фролов көшесі, "Г" шағын ауданы бойынша өздігінен ағатын канализациялық коллектор" объектісі бойынша коммуналдық желілерге қызмет көрсету үшін;
3) Қостанай қаласы, Абай даңғылы, 54, жалпы алаңы 0,0995 гектар, ұзындығы 99,5 п/м "Абай, 54 су құбыры" объектісі бойынша коммуналдық желілерге қызмет көрсету үшін.