Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 365-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Лисаков қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Лисаков қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат төрағасы К. Мухамадиева |
Мәслихаттың | |
2024 жылғы 15 наурыздағы | |
№ 86 шешіміне | |
қосымша |
Лисаков қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
№ | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер | Есептік бірлік | Коммуналдық қалдықтардың жиналған жылдық шамасы, м3 |
1 | Жайлы және жайлы емес үйлер | 1 тұрғын |
1,57 |
2 | Жатақханалар, интернаттар және сол сияқтылар | 1 орын | 1,21 |
3 | Қонақ үйлер | 1 орын | 1,40 |
4 | Балабақшалар, бөбекжай және басқа да мектепке дейінгі мекемелер | 1 орын | 0,33 |
5 | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, банктер, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 1,35 |
6 | Емханалар, медициналық орталықтар | 1 келіп кету | 0,13 |
7 | Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын | 1,80 |
8 | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы | 0,09 |
9 | Мейрамханалар, дәмханалар, басқада көніл көтеретін ғимараттар және қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отыратын орын | 0,76 |
10 | Кинотеатрлар, концерт залдары, интернет-кафелер, компьютерлік клубтар | 1 отыратын орын | 0,04 |
11 | Мұражайлар, көрмелер | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,05 |
12 | Стадиондар, спорт алаңдары | Жоба бойынша 1 орын | 0,08 |
13 | Спорт, би және ойын залдары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,01 |
14 | Азық-түлік және өнеркәсіп-тауар дүкендері, аралас дүкендер | сауда алаңы 1 м2 | 0,46 |
15 | Машиналардан сату | сауда орнының 1 м2 | 0,21 |
16 | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер | Сауда алаңы 1 м2 | 0,32 |
17 | Өнеркәсіптік, азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,03 |
18 | Тұрмыстық қызмет көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,17 |
19 | Вокзалдар, автовокзалдар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,08 |
20 | Жағажайлар, жолдардан көше сметалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,2 |
21 | Дәріханалар | Сауда алаңы 1 м2 | 0,08 |
22 | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС | 1 машина-орын | 1,08 |
23 | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 1,06 |
24 | Гараж кооперативтері, гараждар | 1 гаражға | 0,18 |
25 | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 1,27 |
26 | Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,05 |
27 | Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,07 |
28 | Кішігірім жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар.) | 1 жұмыс орны | 0,16 |
29 | Моншалар, сауналар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,04 |
30 | Қала аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды, саябақ қалдықтары | 1000 қатысушы | 0,16 |
31 | Бау-бақша кооперативтері | 1 учаске | 0,04 |