Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Лисаков қаласы Октябрь кенті әкімінің 2024 жылғы 16 шілдедегі № 7 шешімі

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабы 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, 71-1 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес, Октябрь кентінің әкімі ШЕШТІ:

      1. "Алюминий Казахстана" акционерлік қоғамына елді мекендердің жер санатынан 2027 жылғы 23 мамырға дейінгі мерзімге жалпы алаңы 271,7 гектар Октябрь кентінің шекараларында жер қойнауын геологиялық зерттеу бойынша операцияларды жүргізу үшін жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Октябрь кенті әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімді Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жіберуді;

      2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Лисаков қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Е. Бектанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады