Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес, "Амангелді ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы 24 шілдедегі № 89, № 90, № 91 бұйрықтарымен бекітілген жерге орналастыру жобалары негізінде ШЕШТІМ:
1. "Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне елді мекендердің жері санатынан Амангелді ауданы, Амангелді ауылдық округі, Амангелді ауылы аумағында орналасқан жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгіленсін:
Амангелді ауданы, Амангелді ауылдық округі, Амангелді ауылындағы бір қабатты бір пәтерлі тұрғын үйлерге сыртқы инженерлік желілерді (сумен жабдықтау) салу үшін жалпы алаңы 0,0040 гектар;
Амангелді ауданы, Амангелді ауылдық округі, Амангелді ауылындағы бір қабатты бір пәтерлі тұрғын үйлерге сыртқы инженерлік желілер (кәріз) салу үшін жалпы алаңы 0,0072 гектар;
Амангелді ауданы, Амангелді ауылдық округі, Амангелді ауылындағы бір қабатты бір пәтерлі тұрғын үйлерге сыртқы инженерлік желілер (электрмен жабдықтау) салу үшін жалпы алаңы 0,0247 гектар.
2. "Амангелді ауданының Амангелді ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
2) осы шешімді оның ресми жарияланғанынан кейін Амангелді ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Амангелді ауылдық округінің әкімі | Г. Жандильдина |