Жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Жітіқара ауданы Пригородный ауылы әкімінің 2024 жылғы 11 наурыздағы № 5 шешімі

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабына сәйкес Жітіқара ауданының Пригородный ауылы әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Комаровское тау-кен кәсіпорны" жауапкершілігі шектеулі серіктестікке талшықты – оптиқалық байланыс желісін (ТОБЖ) төсеу және пайдалану үшін Жітіқара ауданының Пригородный ауылының аумағында орналасқан ауданы 0,77 гектар жер учаскесіне 3 жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Жітіқара ауданының Пригородный ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімге қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына жіберуді;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жітіқара ауданының Пригородный ауылы әкімі Ж. Идильбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады