Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Занының 35-бабының сәйкес Бестөбе ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Қамысты ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі "Қостанай облысы, Қамысты ауданы, Бестөбе ауылында газ тарату желілерін салу жобасы бойынша" жер учаскесіне газ тарату желілерін салу мақсатында жер учаскесін пайдалануға жария сервитут, мекенжайы орналасқан жалпы ауданы 0,3389 гектар, Қостанай облысы, Қамысты ауданы, Бестөбе ауылы, 3 жыл мерзімге орнатылсын.
2. "Қамысты ауданы әкімдігінің Бестөбе ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімге қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жолдауды қамтамасыз етсін;
2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Қамысты ауданы әкімдігінің интернет-ресурстарында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бестөбе ауылының әкімі | С. Бисембаев |