"Новотроицк ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ережесін бекіту туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 29 ақпандағы № 26 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы тамыздағы № 294 "Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты туралы үлгі ережені бекіту туралы" бұйрығына сәйкес Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған, "Новотроицк ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.

      2. "Новотроицк ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қөшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына жіберілуін;

      2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қарабалық ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етілсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Новотроицк ауылының әкіміне жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Р. Халықов

  Қарабалық ауданы әкімдігінің
  2024 жылғы "29" ақпандағы
  № 26 қаулысымен
  бекітілді

"Новотроицк ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1-Тарау. Жалпы ережелер

      1. "Новотроицк ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – әкім аппараты) Новотроицк ауылдық округінің әкімі (бұдан әрі – әкім) қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де фунцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.

      2. Әкім аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ әкім аппараты туралы осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Әкім аппараты мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4. Әкім аппараты өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.

      5. Әкім аппараты заңнамаға сәйкес мемлекет атынан азаматты-құқықтық қатыранастардың тарапы болуға құқылы.

      6. Әкім аппараты туралы ережені, оның құрылымын аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігі бекітеді.

      7. Толық атауы және заңды мекенжайы: "Новотроицк ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі, 110909, Қазақстан Републикасы, Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, Новотроицкое ауылы, Мошков көшесі, 5.

      8. Әкім аппаратын аудан әкімдігі (облыстық маңызы бар қала) құрады, таратады және қайта ұйымдастырады.

      9. Әкім аппараты жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекеме болып табылады.

      10. Әкім аппаратына кәсіпкерлік субъектілерімен әкім аппратының функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2-Тарау. Әкім аппаратының негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      11. Тапсырмалар:

      Әкімнін қызметін ақпаратық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, сондай-ақ жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу.

      12. Функциялар:

      1) өз құзыреті шеңберінде әкім аппараты:

      жергілікті қоғамдастық жиынын, ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын, жергілікті қоғамдастык жиналысын өткізуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

      жергілікті қоғамдастықтын бөлек жиынын, жергілікті қоғамдастықтың жиыны мен жиналысын шақырудың уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізелік он күннен кешіктірмей хабардар етеді;

      жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында қыбылдалған және ауыл әкімі мақұлдаған шешімдердің орындалуын қамтамасыз етеді;

      ауылдың бюджетін жоспарлауды және орындауды қамтамасыз етеді;

      жергілікті қоғамдастық жиналысына және аудан мәслихатына ауыл бюджетінің атқарылуы туралы есеп береді;

      ауылдың бюджетін іске асыру туралы шешім қабылдыйды;

      жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасын әзірлейді және жергілікті қоғамдастық жиналысының бекітуіне ұсынады;

      ауылдың коммуналдық мүлкіне жататын объектілерді салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша Тапсырыс беруші болады;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкінің нысаналы және тиімді пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;

      жергілікті өзін-өзі басқарудын коммуналдық заңды тұлғаларына қатысты коммуналдық меншік құқығы субъектісінің құқықтарын жүзеге асырады;

      мүлкі ауылдын коммуналдық меншігінде (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінде) орналасқан коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға алып қойылған мүлікті кейіннен баланстан есептен шығара отырып, оны өзге тұлғаға бергенге дейін ұстау және оның сақталуын қамтамасыз ету мерзімін белгілейді;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкі мәселелері бойынша мемлекеттің мүдделерін білдіреді, ауылдың (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігі) меншік құқығын қорғауды жүзеге асырады;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін сенімгерлік басқару шарты бойынша сенімгерлік басқарушының міндеттемелерін орындауын бақылауды жүзеге асырады;

      мүлкі ауылдың коммуналдық меншігінде (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінде) орналасқан коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асырады;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін есепке алуды ұйымдастырады, оның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді.

      2) Әкім аппараты жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісім бойынша:

      өз құзыреті шегінде жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқару саласындағы құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқарады, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін шешеді және жекешелендіруді жүзеге асырады, оның ішінде объектіні жекешелендіруге дайындау процессінде оның сақталуын қамтамасыз етеді, жекешелендіру процессін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісін сатып алу-сату шарттарын дайындауды және жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      мүлкі ауылдың коммуналдық меншігінде (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінде) орналасқан коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын қызметінің мәні мен мақсаттарын, сондай-ақ осындай қызметті жүзеге асыратын коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның (шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе қазыналық кәсіпорын) түрін айқындайды;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғасына берілген немесе ол өзінің шаруашылық қызметі нәтижесінде сатып алған мүлікті алып қоюды немесе қайта болуді жузеге асырады;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларының артық, пайдаланылмайтын не мақсатына сай пайдаланылмайтын мүлкін алып қоюды жүзеге асырады;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз не кейіннен сатып алу құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлік басқаруға береді;

      аудан әкімімен келісім бойынша жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларын құру, қайта ұйымдастыру, атауын өзгерту және тарату туралы шешім қабылдайды;

      коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға өзіне бекітілген мүлікті (ол өндірген өнімді сатуды қоспағанда) иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге, филиалдар мен өкілдіктер құруға, сондай-ақ дебиторлық берешекті беруге және есептен шығаруға келісім береді;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың мемлекеттік заңды тұлғаларының жарғысын (ережесін), оған өзгерістер мен толықтырулар енгізуді бекітеді;

      мүлкі ауылдың коммуналдық меншігінде (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінде) орналасқан коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың, бюджеттен қаржыландырылатын қызметтің басым бағыттарын және жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) міндетті көлемін айқындайды;

      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда қарайды, келіседі және мүлкі ауылдың коммуналдық меншігінде (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінде) орналасқан Мемлекеттік кәсіпорындарды дамыту жоспарларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді бекітеді;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін пайдалану туралы, оның ішінде оны кепілге, жалға алуға, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлік басқаруға беру туралы шешімдер қабылдайды;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына бекітеді;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін иеліктен шығару туралы шешім қабылдайды;

      Қазақстан Республикасының заңнамасымен берілген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      13. Әкім аппаратының өз құзыреті шегінде құқығы бар:

      мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрату және алу;

      мүліктік және мүліктік емес құқықтарды сатып алу және жүзеге асыру;

      мемлекеттік басқару органдарының, мұрағаттардың, ғылыми мекемелердің ақпараттық дерекқорларын пайдалану;

      шарттар, келісімдер жасасу;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көзделген өзге де құқықтарға ие болу.

      14. Әкім аппаратының міндеттері, өз құзыреті шегінде:

      қолданыстағы заңнамаға сәйкес халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсету;

      Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, облыс, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің және әкімдігінің, ауыл әкімінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақтылы орындау;

      қолданыстағы заңнамада көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

3-Тарау. Ауыл әкімі аппаратының қызметін ұйымдастыру

      15. Әкім аппаратын әкім басқарады.

      16. Әкімнің өкілеттіктері:

      әкім аппаратының жұмысын ұйымдастырады, оның қызметіне басшылықты жүзеге асырады;

      жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында қабылданған шешімдерді қарайды, олардың орындалуын қамтамасыз етеді;

      Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген бюджет қаражатын және (немесе) түсімдерді үнемдеу есебінен еңбек шарты бойынша қызметкерлерді қабылдайды;

      Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес мемлекеттік мекемелердің өз иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша түсемдері мен шығыстарының жиынтық жоспарын жасайды және бекітеді;

      Новотроицк ауылдық округі тұрғын үй қорына түгендеу жүргізеді;

      аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің және жергілікті қоғамдастық жиналысының келісімі бойынша Новотроицк ауылдық округінің авариялық тұрғын үйлерін бұзуды үйымдастырады;

      мемлекеттік жоспарлау жүйесінің бағдарламалық құжаттары шеңберінде ауыл халқына микрокредит беруге жәрдемдеседі;

      Қазақстан Республикасының заңдарымен және өзге де нормативтік құқықтық актілерімен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      17. Әкімнің орынбасары болмайды.

      18. Әкім, әкім аппараты қызметкерлерінен мемлекеттік қызметкелердің әдеп нормаларын сақтауын қамтамасыз етеді.

4-Тарау. Ауыл әкімі аппаратының мүлкі

      19. Әкім аппаратының заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Әкім аппаратының мұлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      20. Әкім аппаратына бекітілген мүлік Новотроицк ауылдық округі коммуналдық меншігіне жатады.

      21. Әкім аппараты жергілікті қоғамдастық жиналысының келісімі бойынша, егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, өзіне бекітілген мұлікті және оған қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті иеліктен шығаруы немесе оған өзге де тәсілмен билік етуі мүмкін.

5-Тарау. Ауыл әкімі аппаратын қысқарту, қайта ұйымдастыру және тарату

      22. Әкімнің аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады