"Қарабалық ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне "Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" Қарабалық ауданының білім бөлімінің "Достық" балалар сауықтыру лагері "КММ объектісі ұшін" газ отынымен АИТ құрылысы" объектісі бойынша газ құбырына қызмет көрсету және пайдалану үшін Тоғызақ ауылдық округі, Гурьянов ауылы мекенжайы бойынша орналасқан жер учаскесіне шектеулі нысаналы (жария сервитут) жер пайдалану құқығын беру туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қарабалық ауданы Тоғызақ ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 22 тамыздағы № 7 шешімі

      Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 19-бабы 1-тармағының 1-тармақшасына, 69-бабының 4 тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1- тармағының 6) тармақшасына сәйкес және жер комиссиясының 2024 жылғы 7 маусымдағы № 23 отырысының қорытындысы негізінде, Тоғызақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Қарабалық ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне "Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" Қарабалық ауданының білім бөлімінің "Достық" балалар сауықтыру лагері "КММ объектісі ұшін" газ отынымен АИТ құрылысы" объектісі бойынша газ құбырына қызмет көрсету және пайдалану үшін Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, Тоғызақ ауылдық округі, Гурьянов ауылы мекенжайы бойынша орналасқан жалпы аумағы 0,4286 гектар жер учаскесіне шектеулі нысаналы (жария сервитут) жер пайдалану құқығы берілсін.

      2. "Тоғызақ ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіліенген тәртіппен қамтамасыз етеді:

      1) осы шешімге қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін оны қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберу;

      2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін "Тоғызақ ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің интернет – ресурсында орналастыру.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      И. Проскурникова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады