Қостанай ауданының Жамбыл ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 10 қарашадағы № 15 "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 1 сәуірдегі № 4 шешімі

      Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қостанай ауданының Жамбыл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. 2023 жылғы 10 қарашадағы № 15 Қостанай ауданының Жамбыл ауылдық округі әкімінің "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы" шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін, аталған шешімнің 1 тармағы келесі редакцияда жариялансын:

      "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына "Қостанай облысы, B2G сегменті үшін талшықты-оптикалық байланыс желілерін салу" жобасы бойынша талшықты - оптикалық байланыс желісін орнату, техникалық көрсету және пайдалану үшін, Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Жамбыл ауылы, Исмуратов көшесі мекен жайында орналасқан, бекітілген жерге орналастыру жобасына сәйкес, жалпы ауданы 0,0588 гектар, 48 жыл мерзіміне, шектеулі нысаналы жер пайдалану құқығы, қоғамдық сервитут белгіленсін.

      2. "Қостанай ауданының Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Қостанай ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жамбыл ауылдық округінің әкімі Ж. Алтынсарин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады