Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 19 бабының 1-1) тармақшасына, 69 бабының 4 тармағы 2) тармақшасына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35 бабының 1 тармағына 6) тармақшасына сәйкес, Сарыкөл ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "TNS – Plus" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Сарыкөл ауданы аумағындағы "НРП Севастополь – Муфта № 3" нысаны бойынша талшықты – оптикалық байланыс желісін төсеу және пайдалану үшін жалпы ауданы – 8,08 гектар, 25 жылға мерзімге болатын жерге қоғамдық сервитут белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте "Сарыкөл ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қамтамасыз ету:
1) осы шешімге қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберу;
2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Сарыкөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз ету.
3. Осы шешім алғашқы ресми жариаланған күнінен бастап күнтізбелік бес күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.
Аудан әкімінің міндет атқарушы | Ж. Жиенбаев |