Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17-бабына, 69-бабы 4-тармағының 10-тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Бейімбет Майлин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы Николаевка ауылында газ тарату желілерін салу үшін Бейімбет Майлин ауданы Асенкритов ауылдық округінің аумағында орналасқан ауданы 0,0070 гектар жер учаскесіне 3 жыл мерзімге жария сервитут белгіленсін
2. "Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесіне қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде электрондық түрде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдау;
2) осы қаулыны Қостанай облысы бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына ресми жарияланғаннан кейін Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыру.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Бейімбет Майлин ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бейімбет Майлин ауданының әкімі | Қ. Мыржақыпов |