"Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің мемлекеттік мекемелері және Бейімбет Майлин ауданы Тобыл кенті, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары туралы ережелерді бекіту туралы" Бейімбет Майлин ауданы әімдігінің 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 233 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 14 ақпандағы № 50 қаулысы

      Бейімбет Майлин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің "Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің мемлекеттік мекемелері және Бейімбет Майлин ауданы Тобыл кенті, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары туралы Ережелерді бекіту туралы" 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 233 қаулысына келесі толықтыру енгізілсін:

      "Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережесі" 4-қосымшасы, көрсетілген қаулымен бекітілген:

      15-тармақ мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:

      "13) азаматтарды тіл қағидаты бойынша кемсітушілікке жол бермеу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізеді".

      2. "Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;

      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      3. Қаулының орындалуын бақылау Бейімбет Майлин ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Бейімбет Майлин ауданының әкімі Қ. Мыржақыпов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады