"Трэйд Петролеум" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қоғамдық сервитут орнату туралы

Жаңа

Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы Калинин ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 18 қарашадағы № 7 шешімі

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабы 4-тармағының 10-тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" ММ 2024 жылғы 10 шілдедегі № 83 бұйрығына сәйкес, Калинин ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Трэйд Петролеум" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Қостанай облысының Бейімбет Майлин ауданы, Калинин ауылдық округі, Юбилейное ауылы, Қостанай-Қарабұтақ тас жолы аумағында орналасқан, "Автожанармай құю станциясының (ЖҚС) құрылысы" объектісі бойынша электр беру желісін төсеу және қызмет көрсету үшін, жалпы ауданы 0,3324 гектар, оның ішінде ауданы 0,0114 гектар 12-189-031-598, ауданы 0,3210 гектар Юбилейное ауылының жері 3 жыл мерзімге уақытша өтеулі қысқа мерзімді жер пайдалану құқығындағы жер учаскесіне қоғамдық сервитут белгіленсін.

      2. "Калинин ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қамту:

      1) осы шешімнің қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесіне электрондық түрде қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін ресми жариялау және Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына Жолдау;

      2) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жарияланғаннан кейін "Калинин ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі интернет – ресурсында орналастыру.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Калинин ауылдық округі әкімі С. Сапабеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады