Қазақстан Республикасы Әлеуметтік Кодексінің 19-бабына, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 42-бабына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына сәйкес Ұзынкөл ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ұзынкөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылсын;
2. Ұзынкөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қоса беріліп отырған Жарғысы бекітілсін;
3. "Ұзынкөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жоғарыда аталған заңды тұлғаны белгіленген тәртіппен әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Ұзынкөл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | М. Жұрқабаев |
Ұзынкөл | |
ауданы әкімдігінің | |
2024 жылғы 29 қарашадағы | |
№ 170 қаулысымен | |
бекітілген |
Ұзынкөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жарғысы
Ұзынкөл ауылы, 2024 жыл |
1. Жалпы ережелер
1. Ұзынкөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Орталық) үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, арнаулы әлеуметтік қызметтер талаптарын айқындау және бағалау үшін құрылған заңды тұлғасы бар, коммерциялық емес ұйым болып табылады.
2. Орталықтың құрылтайшысы Ұзынкөл ауданының әкімдігі болып табылады.
3. Орталықтың мүлікке қатысты құқық субьектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган Ұзынкөл ауданының әкімдігі болып табылады.
4. Ұзынкөл ауданы әкімдігі "Ұзынкөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" (бұдан әрі – мемлекеттік басқару органы) Орталықтың басқару жөніндегі бірқатар функцияларды іске асыратың орган болуға рұқсат береді.
5. Орталықтың толық атауы - Ұзынкөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
6. Орталықтың орналасқан жері: индексі 111800, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Ұзынкөл ауданы, Ұзынкөл ауылдық округі, Ұзынкөл ауылы, Абылай хан атындағы көшесі, 53 үй.
2. Орталықтың заңды мәртебесі
7. Орталық мемлекеттік тіркелу сәттен бастап құрылған болып саналады және заңды тұлға құқығына ие болады.
8. Орталықтың дербес балансы, заңнамасына сәйкес банктерде шоттары, бланкілер, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы және Орталықтың мемлекеттік және орыс тілдерінде атауы бейнеленген мөрі болады.
9. Орталық басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай - ақ оның ұйымдастырушы (қатысушысы) бола алмайды.
10. Орталық өзінің билігіндегі ақшамен өз міндеттемелері бойынша жауап береді. Ақша жеткіліксіз болған кезде, оның міндеттемелері бойынша Казакстан Республикасы немесе әкімшілік - аумақтық бірлік тиісті бюджет қаражатымен субсидарлық жауаптылықта болады.
11. Егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес, міндетті түрде мемлекеттік немесе басқа тіркеуіне сәйкес Орталықтың азаматтық - құқықтық мәмілелері тіркелген сәттен бастап жасалған болып табылады.
Шарттық міндеттемелер бойынша Орталықтың жауапкершілігі тиісті жылға арналған қаржыландыру жоспар шегінде басталады.
Орталықтың тиісті қаржы жылына арналған бекітілген қаржыландыру жоспарынан артық міндеттемелерін қабылдауға жол берілмейді.
3. Орталық қызметінің мәні мен мақсаттары
12. Адамдарға (отбасыларға) арнайы әлеуметтік қызметтер ұсыну Орталық қызметінің мәні болып табылады.
Арнаулы әлеуметтік қызметтер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген тәртіппен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарына сәйкес беріледі.
13. Орталық жалғыз қарттарға, еңбекке қабілетсіз адамдарға, мүгедектерге, оның ішінде мүгедек балаларға, басқа адамның күтіміне мұқтаж және көмек, және басқа да халықтың әлеуметтік осал топтарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін құрылған.
14. Қойылған мақсаттарды іске асыру үшін Орталық мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
1) Тұрғылықты жері бойынша үйде, күндізгі уақытта азаматтардың (бұдан әрі - қызмет алушылар) мынадай санаттарына арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік көлемін көрсету:
- психоневрологиялық патологиясы бар мүгедек балаларға;
- тірек-қимыл аппаратының қабілеті бар мүгедек балаларға;
- 18 жастан асқан психоневрологиялық патологиясы бар мүгедек балаларға;
- бірінші және екінші топтағы мүгедектерге;
- егде жасына байланысты өз бетінше қозғала алмайтын адамдарға;
2) арнаулы әлеуметтік қызметтерде қажеттілікті бағалау және айқындау.
15. Арнаулы әлеуметтік қызметтерді алушылар қызметті алушылар мемлекеттік басқару органының шешімі бойынша қабылданады.
16. Осы Жарғыда бекітілген Орталық қызметінің мәні мен мақсатына жауап бермейтін мәмілелер жасауға, сондай - ақ қызметті жүзеге асыруға құқылы емес.
17. Орталық қызметтің мақсаттарына қарама-қайшы, Қазақстан Республикасының шектеулі заңдарында немесе құрылтай құжаттарында, не басшының жарғылық құзыретін бұза отырып жасалған мәміле, мемлекеттік басқару органының немесе прокурордың талап-арызы бойынша жарамсыз болып танылуы мүмкін.
18. Орталықтың жарғылық емес қызметіне бағытталған басшының әрекеттері еңбек міндеттерін бұзу болып табылады және тәртіптік, материалдық жауапкершілігіне әкеп соғады.
4. Орталықты басқару
19. Орталықтың жалпы басқаруын мемлекеттік басқару органы жүзеге асырады.
20. Мемлекеттік басқару органы:
1) Орталықтың атына мүлік бекітіп береді;
2) Құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешім қабылдайды;
3) Орталық және оларды орындау жөніндегі есептерін қарайды, келіседі және қаржыландыру жоспарларын бекітеді;
4) Орталықтың Жарғысын бекітеді, оған өзгерту енгізеді және толықтыру немесе жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, коммуналдық мүлікке билік етуге уәкілетті атқарушы органға өкілеттік береді;
5) құрылымын, оны қалыптастыру тәртібін және Орталықтың басқару органдары құзыретінің мерзімін және Орталықтың шешім қабылдау тәртібін анықтайды;
6) Орталықтың құрылымы мен штат кестесін бекітеді;
7) Орталықты бақылауды және қаржыландыру жоспарларын орындалудың талдауын жүзеге асырады;
8) Орталықтың жылдық қаржылық есептілікті бекітеді;
9) Уәкілетті органға мемлекеттік мүлік бойынша алып қоюға немесе мүлікті қайта бөлу немесе алынған өзінің жеке шаруашылық қызметінің нәтижесінде келісім береді;
10) Орталыққа берілген мүлкінің пайдалануын және сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
11) осы Жарғымен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында өзіне жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
21. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды коспағанда халықты жұмыспен қамту мәселелері жөнінде басшысы қызметке тағайындайды және қызметтен уәкілетті органнан босатады.
22. Бөлім директоры мекеменің жұмысын ұйымдастырады және басқарады, уәкілетті органға тікелей бағынады және Орталық міндеттерді және өзінің функцияларына дербес жауапкершілік жүктелуін жүзеге асырады.
23. Орталықтың директоры қаржылық-шаруашылық қызметіне және кәсіпорынның мүлкінің сақталуына дербес жауапты болады.
24. Орталықтың директоры дара басшылық қағидаттарында әрекет етеді және Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Жарғымен анықталатын оның құзыретіне сәйкес қызметінің барлық мәселелерін дербес шешеді.
25. Директор:
1) Орталықтың атынан сенімхатсыз әрекет етеді және оның мүддесін барлық органдарда ұсынады;
2) шарттар жасасады және өзге де мәмілелер жасайды;
3) Орталықтың іссапарлар, тағылымдамалар, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында және қызметкерлердің біліктілігін көтерудің өзге түрлерінін тәртібі мен жоспарларын бекітеді;
4) сенімхаттар береді;
5) банктік шоттарды ашады;
6) Орталықтың барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
7) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес Орталық қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Жарғымен белгіленген тәртіппен қызметкерлердің көтермелеу шараларын және тәртіптік жаза қолданады.
9) Орталықтың ішкі еңбек тәртібінің ережелерін бекітеді;
10) Орталық директоры қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы жарғымен және уәкілетті органдармен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
5. Орталық мүлкін құру тәртібі
26. Орталықтың мүлкін заңды тұлғаның активтері құрайды, оның құны өзінің балансында көрсетіледі. Орталықтың мүлкі мыналардың есебінен қалыптасады:
1) меншік иесі оған берген мүлік;
2) Қазақстан Республикасы заңдарында тыйым салынбаған өзге де көздерден.
27. Орталық өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге, оларға қаражат есебінен смета бойынша сатып алынған мүлікті бөлуге құқығы жоқ.
28. Егер заңнамалық актілерде өзгеше белгіленбесе, Орталықтың қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет қаражаты есебінен ғана жүзеге асырылады.
Орталық Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізеді және есеп береді.
6. Орталықтағы жұмыс тәртібі
29. Орталықтың жұмыс режимі ішкі еңбек тәртібі қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.
7. Құрылтай құжаттарына өзгерістер және толықтырулар енгізу тәртібі
30. Орталықтың құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтыруларды құрылтайшының шешімі бойынша уәкілетті орган жүргізеді,
31. Орталықтың құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеледі.
8. Орталықты қайта ұйымдастыру және тарату шарттары
32. Орталықты қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.